Талдықорған: +3°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ САНГО ТІЛДЕРІНІҢ ТАҒДЫРЫ: ОРТАЛЫҚ АФРИКАДАН ЖЕТКЕН ХАТ

05.09.2020
ҰЛТ ҰЯТЫ
ҚАЗАҚ ЖӘНЕ САНГО ТІЛДЕРІНІҢ ТАҒДЫРЫ: ОРТАЛЫҚ АФРИКАДАН ЖЕТКЕН ХАТ
WhatsAppTelegramFacebook

Орталық Африка Республикасы француз колониясы болғандықтан ресми қатынас тілі – француз тілі. Билік жүйесінің барлығы дерлік әлі күнге дейін Францияға бағынады. Француздар құрған бұл жүйе дамушы елдің мүддесінен гөрі өз мүдделеріне орайластырылған. Жергілікті халықтың ана тілі – санго тілі.

Халық өзара санго тілінде сөйлескенімен қызметке орналасу үшін француз тілін білуге міндетті. Қаланың алдыңғы қатарлы саналатын мектептері француз тілінде оқытады. Білім деңгейі аса жоғары да, төмен де емес, орташа деуге болады. Қара тақта мен бор әлі қолданыстан шыға қоймаған. Біздің елдің білім саласына енгізіп жатқан сан түрлі әдістемесі мен заманауи жасақталған технологиялардың ауылы алыста.

Алғашқыда бұл елдің білім жүйесін жатырқағаным да рас. Дегенмен, уақыт өте келе бұл жүйеге де бойым үйрене бастағандай.

Мұнда білім саласындағы басымдық жалпақ жұрттың сауатын ашуға бағытталған. Ол үшін әліпті таяқ деп білмейтін қара халықтың балаларын жазу-сызуға баулып, саналарына сәл де болса саңылау түсіріп, сауаттарын ашады.

Қара халық күнделікті өмірде ана тілдері – санго тілінде сөйлеуге тырысады. Бірақ сөйте тұра өз тілдерінің мәртебесін өздері аяқасты етіп, мектепте негізгі пән ретінде оқытпайды. Бар болғаны аптасына бөлінген санаулы факультатив сағатпен шектеледі. Халық арасында француз тілінде сөйлеу керемет жетістік саналады.

Бангиліктердің бұл тірлігі маған алыстағы ана тілімді еске салды. Отыз жылдан астам уақыт өзінің лайықты тұғырына қона алмай келе жатқан қазақ тілінің жағдайының көңіл көншітпейтіні жасырын емес. Расында да елімізде ана тілге қаншалықты өз дәрежесінде құрмет көрсетіледі?! 

Жетпіс жыл бодандықтың қамытын киген қазақ тілінің мәртебесі көтерілмей тұрғаны ащы да болса шындық. Бізде де бангиліктер сияқты әлі күнге дейін жұмысқа орналасу үшін орыс тілін жетік білу қажет. Орыс тілі ресми мәртебеге ие. Ел тізгінін ұстағандардың басым көпшілігі жиындарда сәлем-сауқаттан соң баяндамаларын орыс тілінде жасайды.

Аттай отыз жыл бойы «Тәуелсізбіз!» деп жарияға жар салғанымызбен, өкінішке қарай, әлі күнге дейін бабамыздың тілін өз тұғырына қондыра алмай келеміз. Қоғамдық көліктерде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, банктерде, жергілікті билік құрылымдарында – барлық жерде ресми тілдің белсенді қолданыста болуы осының айғағы!

Қазақ тілінің тұңғыш әліпбиін жазған А.Байтұрсынов «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп тілдің ұлтты ерекшелейтін ең маңызды фактор екенін атап айтқан. Олай болса, неге біз өз тілімізді өгейсініп, жетім баланың күйін кешіруге құмармыз?! Неге біз өзгенің қаңсығына құмартып, соны таңсық көреміз?! Ана қай тілде сөйлесе, баланың тілі сол тілде шығады. Неге біздің жас аналарымыз балаларымен орысша сөйлескенге құмар?!

Қазақта «Жақсыны үйрен, үйрен де жирен» деген сөз бар. Өзге тілді үйрену керек, бірақ өзгенікін үйрендім деп өзіңдікін ұмытуға әсте болмайды!

Біздің тілдің өзге тілден қай жері кем?! Керісінше, теңеу мен тіркестерге тұнып тұрған, құлақ құрышын қандыратын құнарлы тіл! Әттең, барымызды бағалай алмайтын бейқамдығымыздың кесірінен туған тіліміздің өз жерінде жетім баланың күйін кешіп жүргені өкінішті!

Туған тіліміздің тұғырынан таймауы үшін, ең алдымен, аналарымыз балаларымен ана тілінде сөйлесуі қажет. Тұңғыш тілі шыққанда ана тілдің тұнығына бойлаған жан сол тілді өмір бойы өне бойымен, жан-тәнімен, рухымен сезінетін болады.

Ана тілде айтылмаған арман адыра қалған арман ғой! Ана тілінде айтылған ән де, жыр да, тіпті, базына да басқаша ғой, шіркін! Олай болса, бұл да менің замандастарыма айтқан базынам болсын.

Айман ІЛИЯСҚЫЗЫ

Банги қаласы,

Орталық Африка Республикасы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Он сегізде от кешкен

Он сегізде от кешкен

05.02.2026
«Яндекс такси» жүргізушілерінің табысы туралы ақпарат прокуратураға жіберіледі

«Яндекс такси» жүргізушілерінің табысы туралы ақпарат прокуратураға жіберіледі

05.02.2026
Менің атам – майдангер

Менің атам – майдангер

05.02.2026
Адамдар жақыннан дрон ұшырып, ережелерді бұзған: қар барысына спутниктік қарғыбау тағылды

Адамдар жақыннан дрон ұшырып, ережелерді бұзған: қар барысына спутниктік қарғыбау тағылды

05.02.2026
Келешек инвестициясы

Келешек инвестициясы

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.