Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Азаттық қарлығашы

12.12.2016
ҰЛТ ҰЯТЫ
Азаттық қарлығашы
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлы мәртебелі уақыт жазбайтын жара жоқ. Алайда әр адамның, қоғамның, халықтың тарихында уақыт өткен сайын айшықтала, айқындала түсетін кезеңдер болады. Қазақ халқы үшін сондай тағдыршешті кезең – Желтоқсан оқиғасымен тығыз байланысты. Осыған орай біз елімізде Желтоқсан көтерілісін сахналаған Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ақманмен жолығып, бірер сауал қойған едік.

– Мұрат Ноянбайұлы, Кеңестер одағы деп аталатын алып империяда тоталитарлық жүйеге ашық қарсылық көрсеткен қазақ жастарының көтерілісі біздің жастық шағымызбен тұспа-тұс келді. Осы кезеңде Сіз қайда болып едіңіз?
– Мен ол кезде Талдықорған облыстық драма театрында еңбек етіп жүргенмін. Режиссер Бәйтен Омаров ағамызбен келесі спектакльді сахналап жатқан кезімізде Алматыда жастар алаңға шығыпты деген хабар келіп жетті. Іле-шала: «Жастарды қырып жатыр екен, арықтардан қан суша ағыпты. Оларды тауға апарып тастап жатқан көрінеді!» – деген алыпқашпа әңгіме  тарап кеткен. Мұндайды естігенде қалай тыныш отыра аласың… Театр іші дүбірге толды. Аяқ астынан орыс труппасы мен қазақ труппасы бөлшектеніп шыға келді.  Күнде көріп, араласып жүрген достарымыз емес пе, олар біздің көңілімізді аулап: «Бәлкім, бәрі өтірік шығар, арандату болып жүрмесін» – деп сабырға шақырып жүр. Бәйтен ағамыз көпті көрген жан ғой: «Балалар, даурықпаңдар. Арты жамандыққа айналып жүрмесін!» – деп жұбатады. 
Біз жиналып орталық алаңға баруға беттедік. Барсақ, әскери адамдар жолдың бәрін жауып тастапты. Ешкімді жуытатын емес. Бейне бір соғыс басталып кеткендей әсерде болдық. Көтерілістің басталуына сырттан Қазақстанды басқаруға Колбин деген біреуді әкеліп қоюы себеп болғанымен, халықтың көңілінде жүрген, наразылығын тудырған, көкірегіне шер болып қатқан мәселелер көп еді ғой. Сондықтан бұл көтеріліс бірден халықтық қолдауға ие болды деп ойлаймын.
Талдықорғаннан көтерілісшілерді қолдау үшін автобуспен шыққалы жатыр екен деген сыбыс жетісімен сұрастырып білсек, оларға да тосқауыл қойып үлгеріпті. Сонымен дүрлігіп барып басылғанымыз бар. Мұның соңы неге ұласқанын өздеріңіз де жақсы білесіздір.
– Желтоқсан көтерілісін сахнаға шығарған тұңғыш режиссер өзіңіз екенін жақсы білеміз. Бұл қойылымға қалайша келдіңіз?
– Желтоқсан көтерілісінің 10 жылдығы қарсаңында мен Орал театрында еңбек етіп жүргенмін. «Жалын» журналынан Серік Асылбековтың «Бір түнгі оқиға» деген пьесасы қолыма тиді. Мұнда оқиға сырттан әкелінген қандықол әскерилердің озбырлығынан қашып келіп, бір пәтерге тығылған екі жас студент пен үй иелерінің, көрші апай  Мария Петровна мен «ғылым кандидаты» атағын жамылып жүрген «үш әріп» қызметкерінің арасында өрбиді.  Пәтер иесі – Баймырза Кенесары хан туралы жазғаны үшін «халық жауы» атанып, ғұмырының 10 жылын темір тордың ар жағында өткізіп келген жан. Осы алты-жеті адамның әрекеттері арқылы драматург қоғамдағы Желтоқсан көтерілісіне қатысты көзқарастарды, қиын шақта адамдардың өздерін қалай көрсететінін, сатқындық пен қайсарлықты, орыс халқының ішінде де әділдікті қолдайтын зиялы адамдардың бар екенін жан-жақты ашып көрсетеді.
Бір айдың ішінде осы спектакльді дайындап, Желтоқсан көтерілісінің 10 жылдығына сахнаға шығардық. Қойылымның басында алаңдағы оқиғалардан көріністер көрсетіледі. Бір қызығы, еліміз тәуелсіздігін алғанына бес жыл болса да, кейбір адамдар спектакльді көруге қорқып, шығып кетіп жатқанын аңғардық. Көлеңкесінен қорқып жүретін кейбіреулер әкімдікке бірден хабар жеткізіп, қойылымды тоқтатпаққа әрекет жасағандарын қайтесің. Бұл, бойымызға сіңген үрейден жақын арада арыла алмайтынымызды көрсетпейді ме?!  Бірақ, жалпы жұртшылық  спектакльді жылы қабылдады. Екі жылдан кейін Тараз қаласында өткен театрлар байқауында «Бір түнгі оқиға» бас жүлдеге ие болғанын да айта кеткен жөн шығар.
– Осы спектакль бүгінгі күнге дейін сахнадан түспей келе жатқанын білеміз. Сонда Желтоқсан көтерілісі жайлы өзге дүние жазылмағаны ма?
– Шынын айтсам, материалдар жетерлік. Бірақ, бір жүйеге келтірілген драматургиялық шығарманы кездестіре алмадым.  Сондықтан Талдықорғанда жүргенімде Мүсірепов театры шақырып, Желтоқсанның 20 жылдығына осы спектакльді қайтадан сахнаға шығарды. Әрине, жетілдіріп, жаңартқан тұстарым да жоқ емес. Содан бері тағы да 10 жыл өтіпті. Алайда, желтоқсан айы жақындағанда түрлі бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардан «Бір түнгі оқиғаны» көрсетуге сұраныстар түсіп жатады. Қазір бір күнде екі мәрте көрсетіп жатырмыз. Қойылымның әртістік құрамы да тәжірибелі мамандар. Атап айтқанда, мұнда Сәкен Рақышев, Лидия Кәден, Тұрсын Құралиев, Қыдырғазы Қуандықов, Әсел Мәмбетова, Гүлжамал Қазақбаева, Жібек Ілебаева, Сәния мен Елдар сияқты жастар оқиғаны шынайы бейнелеп, көрермендер көңілінен шығып келеді. 
Тәуелсіздік жолындағы күрестің алғашқы қарлығашы болып есептелінетін Желтоқсан көтерілісі әлі де болса шынайы бағасын алмай келеді. Бірақ, тарих бәрін өз орнына қоятынына сенімдімін.
– Әңгімеңізге рахмет.

Қуат
Қайранбаев

Алматы қаласы.

 

Қатысты жаңалықтар

Әлемжелінің әсері: Бала тәрбиесіне тыйым керек пе?

Әлемжелінің әсері: Бала тәрбиесіне тыйым керек пе?

30.01.2026
Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жолдады

30.01.2026
Валерий Громыко «Қайраттан» кетті

Валерий Громыко «Қайраттан» кетті

30.01.2026
Отандық тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын енді

Отандық тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын енді

30.01.2026
«Қонаев қонған үй»: Талдықорған тұрғындары тарихи мұраны сақтауды сұрайды

«Қонаев қонған үй»: Талдықорған тұрғындары тарихи мұраны сақтауды сұрайды

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.