Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

БАЛАЛАР НЕГЕ БОҒАУЫЗ?

27.08.2023
ҰЛТ ҰЯТЫ
БАЛАЛАР НЕГЕ БОҒАУЫЗ?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі балалар кімге еліктеп сөйлеп жүр? Олар кімді идеал көреді? Неге сонша саяз ойлап, қысыр сөзге құмарттық? Біз батырлар мен ақындардың, дуалы ауыз билердің ұрпағы емес пе едік?! Баланы тәрбиелеуге болатын шығар, ал, әкені қайтеміз… Былапыт сөйлеп бақ жанғанын көрмеппін.

Аптаның демалыс күндері болатын. Қала орталығында тұратын туысқанымның үйіне қыдырып бардым. Арқа-жарқа әңгіме айтысып, ас ішіп ауқаттандық. Көгілдір экранға көз сүзіп концерт көрдік. Біршама уақыт отырған соң қайтатын уақыт та келді. Ағайыным мені шығарып салмаққа қамданды. Тысқа шыққанымыз сол еді бір-бірін сыпыра боқтап, шешеден сыбап жатқан қаршадай жүгермектерге назарымыз ауды. Үлкендерді көріп именетін түрлері жоқ, ересегі кішісінен, кішісі ересегінен асырып боқтасып жүр. Үлкендерді көріп тыйылайын деген нышан да байқалмайды.  Осылардың әй дейтін әжесінің, қой дейтін қожасының рөлін өзім алып, мына әдепсіздіктерін тоқтатпаққа бекіндім. Қабағымды қатуландырып, дауысымды қаттырақ шығарып: «әй, бұларың не? Ұят емес пе, неге жаман сөз сөйлейсіңдер?» дегенім сол еді, бізден он бес қадам әрі отырған келіншектің дауысы шықты. «Балаларға ұрсатын сен кімсің, оларды жөнге салар сен емес» дегені. Оның жанында отырған елуді еңсерген екі әйел де осы құралпы сөздерін маған бағыштап-ақ жатыр. Әрмен қарай демімді ішіме жұттым да басы артық ештеңе айта алмадым.  Сұраулы жүзбен жұрағатыма қарасам, «аш бәледен қаш бәле, неғыласың» деп сыбырлайды. Қол алысып қоштасқан соң шақшадай басым шарадай болды. Жаңа айтылған жұрттың сөздерін көкейіме қондыра алар емеспін. Жүгенсіз кеткен бала өз бастарының соры ғой деп қоям іштей. Ескерпемнен кейін сілтідей тынған әлгі бозөкпелер бұрынғы әніне қайта басты. Тұрған жерімнен ұзаған сайын боқтық сөздерін үдетіп жатты.

Әлеуметтік желі де естімес құлақты естіртіп, көрмес көзді көп дүниеге куәгер етуде. «Осының бәрін білмей кеткен сен неткен бақытты едің қайран бабам»,– дегің-ақ келеді.

Әнеу күні тоғыз жас шамасындағы баланың былапыт сөзді әнге айналдырып, бесіктегі нәрестені тербетіп отырғанын әлеуметтік желі қолданушылардың байқағаны анық. Есті жанның ол іске оң қабақ танытпасы белгілі. «Бесіктегі сәбиге обал, ал, сен, шешек оңал» дейтін ар жағында ата-ана болса, шіркін.

Желіде осы сынды таралып жүрген бейненің бірі кішкентай 6 жастағы баланың жеңгесімен әңгімесі. Қалжыңдап ойнаған жеңгесінің әзіліне ашуланып, кім үйреткені белгісіз, боғауыздық танытады. Шешеден сыбап, айтуға тіл бармас боқтықпен адам жүйкесін қажайды. Бір көрген көзге күлкілі көрінгенмен төркінінен тәрбиесіздік көрініс беріп, көргенсіздік сығалап тұрғанын аңғарғанымыз жөн.

Баланың дана болмағы жаман әдеттерден бойын аулақ ұстамағында. Туып, жетілген ұясында жамандық жұрнағының жатпағаны керек-ақ. Жетістікке жеткен, құрметті тұлғалардың былапыт сөйлеп жүргенін еш жерден көз көрген емес. Яғни, ұрпағының ұлы адам қатарында болғанын қалаған әке-шеше жаман сөзден өзі де тыйылып, ұл-қызын да тыйғаны абзал.

«Сөзіңді түзе – әдетіңе айналады, әдетің – мінезіңе айналады, мінезің – сенің тағдырың» – депті Шәкәрім Құдайбердіұлы. Бұл арқылы пенде тағдырын дұрыстау өз қолында екенін түсіну керек. Ал, Жаратушы Хақ Құранда «Сендерге келген әр қиындық өз қолдарыңмен істеген күнәларыңның кесірінен» – дейді. Шынтуайтына келгенде, боғауыз сөздің өзін күнә деп қараған жөн. Аталған тәмсілді ұстаным еткен ұланның ұпайы әр кез түгел тұрарын аңғару қиын емес.

Балағат сөз, сайып келгенде, денсаулыққа да зиян. Шетелдік ғалымдар бейәдеп сөздердің жағымсыз салдары туралы зерттеулер жүргізеді. Нәтижесінде айтылған сөздердің электромагниттік тербелісі ДНҚ молекуласының құрылымына тікелей әсер ететін болып шыққан. Жағымсыз сөздер салдарынан адам қанын да теріс программа жазылатын көрінеді. Сол себептен   пенде сау күйден ауру күйге душар болады. Ғалымдар ғайбат, былапыт сөздер радиациялық сәулелігі мың рентгенге тең келетін мутагендік әсер береді деген қорытынды жасаған.

Бейәдеп сөз абырой әкелмейтінін ұғыну керек-ақ. Баба тілегі тегінің бүлінбегені болса, сол тілегін орындау бүгінгі буынның парызы. Көш жүре түзелеріне иланайық.

Медет ЖҰМАБАЙ
Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда алғаш рет дрон-рейсинг және авиамодельдеу бойынша өңірлік жарыстар өтті

Жетісуда алғаш рет дрон-рейсинг және авиамодельдеу бойынша өңірлік жарыстар өтті

30.01.2026
Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы жаңартылды

Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы жаңартылды

30.01.2026
«Мүлдем жаңа құжат»: Тоқаев Ата Заңның толық жаңартылатынын мәлімдеді

«Мүлдем жаңа құжат»: Тоқаев Ата Заңның толық жаңартылатынын мәлімдеді

30.01.2026
ИКАО-ның Ғаламдық елшісі болып қазақ қызы тағайындалды

ИКАО-ның Ғаламдық елшісі болып қазақ қызы тағайындалды

30.01.2026
Қытайда 16 адам өлім жазасына кесілді

Қытайда 16 адам өлім жазасына кесілді

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.