Талдықорған: -1°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

БАС-СИРАҚСЫЗ, ІШЕК-ҚАРЫНСЫЗ ҚҰРБАН АЙТ: КІНӘНІ КІМНЕН ІЗДЕЙМІЗ?

08.08.2020
ҰЛТ ҰЯТЫ
БАС-СИРАҚСЫЗ, ІШЕК-ҚАРЫНСЫЗ ҚҰРБАН АЙТ: КІНӘНІ КІМНЕН ІЗДЕЙМІЗ?
WhatsAppTelegramFacebook

«Біз қой сойсақ ішек-қарын дегенді тастай саламыз. Үйде ешкім жемейді. Оның үстіне оны аршудың өзі жиіркенішті ғой», – деген танысыма аздап ренжігенім бар. Ауылда әкеміз қой сойса, анамыз ішек-қарынды бізге тазартқызатын. «Білгенің өзіңе, істегенің маған жақсы», – дейтін. Қойдың бас-сирағын жуып, аш, тоқішекті өріп, қырыққабат пен қарынын жиіркенбей-ақ тазартып алатынбыз. Отбасымызбен дастарқан басына жиылып, балалар жағы бір-бір сирақты мұжып, шешеміз өрген ішегімізге риза болып, бізді бір мақтап қоятын. Осы мақтаудан кейін келесі қой сойылғанша ішек-қарын тазалауға асығып жүретін едік. Сол үйренгеніміздің пайдасын қазір көріп жүрміз. Өткен күннің естелігін айтуымыздың да өзіндік себебі бар. Күні кеше ғана құрбандыққа шалынған малдың таудай болып үйілген ішек-қарынын көргенде киеден аттап, обал-сауаптан безіп кеткенімізді анық байқап, қолға қалам алдық.

Құрбан айтта қайырымдылық шаралары көптеп атқарылды. Әр қалада арнайы орындар белгіленіп, құрбандық сол жерлерде шалынды. Әлеуметтік желі құрбандыққа шалынатын мал мен еттің суретіне толды. Дегенмен, кез келген ғибадат әуелі жаратқан Алланың разылығы үшін ғана жасалуы қажет екенін ұмытпағанымыз жөн. Ал құрбандық шалу – жеке бас және қоғамдық пайдаларын бір шетке қойғанда, бірінші кезекте Жаратқанның разылығы үшін көзделіп жасалатын ғибадат. Алайда құрбан шалушылардың көпшілігі ысырапшылыққа жол беріп жатқандығын бәріміз көрдік.
Әлеуметтік желіні шарлап кеткен көрініс көңілге көлеңке түсіргенін жасыра алмаймыз. Қоқыстағы мал басы мен таудай боп үйілген ішек-қарынның көрінісі «ОБАЛ БОЛАДЫ» деп тәрбиеленген талай қазақтың жүрегіне ауыр тиді. Мұндайда үлкендеріміз «Біреу тойып, біреу тоңып секіреді» деп өте орынды айтқан. Қанша қиын кезеңді бастан кешіп жатсақ та тойып секіріп жүргендердің қатары біршама екенін де осы сурет айқындап бергендей.

Бұл ең бірінші – құрбандық шалған адамның қателігі. Егер ол бас-сирақты, ішек-қарынды ысырап қылмай, обалына қалмай, мұқтаж отбасына апарып берсе балалар дәруменге толы бұл астан жиіркенбей, керісінше, атадан қалған кәделі ас екенін түсінетін еді. Ал үлкендер жағы бұлай істемеген соң ертең өскелең ұрпақ малдың басын, сирағын, ішек-қарнын жеуге болмайды деп тұрса, кінәні кімнен іздейміз?

Ел басына осындай қиын күн туғанда мұндай сорақылыққа жол бергеніміз қалай? Басқа-басқа, ысырапшылыққа жол бермеу керектігі қасиетті Құранда тайға таңба басылғандай жазылып тұрса да мән бермей жүруіміздің түбі жақсылыққа апара қоймас. Бала күннен обал, сауап жайлы құлаққа құятын қазыналы ақсақалдың, нан қоқымын да шашқызбайтын ақылшы әжелердің бар болса да, үнсіз жүруі қазақты осындай күйге түсірді.

Құрбандық шаламын деп ниет еткен адам ең бірінші малдың еш ысырапсыз шариғат жолымен құрбандыққа шалынуына қатты мән берсе дейміз. Алдымен етін ғана емес, бас-сирағын, ішек-қарнын да алатын адаммен келісіп алса, мұндай көрініс болмас еді. Егер ол арнайы қасапханаға барып, мал соятын болса, жуып-шаю жұмысының жауапкершілігін қасапхана иесі өз мойнына алса.

Мәселен, қасапхана бұрышынан ішек-қарын тазалайтын орын ашып қойып, жұмыссыз келіншектерді жұмысқа тартса, бір отбасының табысы артар еді. Үйде жұмыссыз отырған әр келіншек бұл іске келіседі деп ойлаймыз. Шамамен, бір қойдың ішек-қарнын тазалау мың теңге десек, бір күндік табысты есептей беріңіз. Ақша табу оңай емес.

Ең бастысы, адал еңбекпен тапқан табыс қашанда берекелі екенін естен шығармау керек. Осындай ұйымдастыру ісінің шалалығынан елдегі барлық қаланың қоқысы малдың бас-сирағы мен ішек-қарнына толып кетті. Қоршаған ортаны ластап жатқандар Заң бойынша жазаланып, айыппұл салынбаған соң әркім еркінсіп, мал сойылғаннан кейінгі тазалыққа мән бермей кетті. Көпке топырақ шашпаймыз, бірақ екі ортада тағы да асыл дінімізге күйе жағылды.

Қысқасы, мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыз малдың ішек-қарыны тұрмақ, терісі мен жүнін де тиімді пайдаланған. Таза теріні пайдаланып, аяқкиім, күрте, кәдесый, әмиян, белдік жасайтын цехтар қазір де бар. Олар отандық өнімге қажетті  теріні арнайы тапсырыспен шетелден әкеледі. Демек, бізде тері өңдейтін зауыт жоқ деген сөз. Себебі, тері өңдеу дегеніңіз өте қиын жұмыс. Ал біз қиын іске келгенде бас қатыруға құлықсызбыз. Малдың жүнін, терісін арзанға шетелге асырып жіберуге келгенде алдымызға жан салмаймыз. Қара бақырға өткен өніміміз өңделіп, жақсы өнім болып бәлембай есе қымбаттап қайта өзімізге келеді. Бұл тек теріге қатысты.

Ал жүннен жасалатын өнімді тіпті ұмыттық. Қарапайым көрпеге салатын жүн таппай, Қытайдың арзанқол дүниесін тұтынып жүргеніміз де ащы шындық. Жаңағы біз қоқысқа тастаған малдың ішегінен шетелде кетгут, яғни, медициналық жіп жасайды екен. Хирургтар адамның ішкі ағзаларын кетгутпен тігеді. Нәтижесінде, адам ағзасындағы кетгут жібі уақыт өте өзі таралып кетеді екен.

Міне, бір ғана мал өндірісі саласынан қыруар қаржы табуға болады. Бірақ біз қиыннан қашып, оңайға жүгіреміз. Қолда бар алтынның қадірін түсінбей келеміз. Қоқысқа лақтыру арқылы асты аяққа таптап, құрттатып, ауаны ластап қана қоймай,  барымызды бағалай алмай келеміз. «Жібекті түте алмаған жүн етеді» дегендей, барымыздан мүлдем айырылып қалмайық, ағайын.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Алматы облысы

Суреттер ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Партия ұстанымы нақтыланды

Партия ұстанымы нақтыланды

05.02.2026
Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

Қазақстан Халық партиясы жаңа Конституцияның жобасын талқылауда

04.02.2026
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады

04.02.2026
Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын

Аида Балаева: Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын

04.02.2026
Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.