Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Берекесі тасыған Тастөбе

05.12.2016
ҰЛТ ҰЯТЫ
Берекесі тасыған Тастөбе
WhatsAppTelegramFacebook

Мерейлі мереке жағымды жаңалығымен халықты сүйіншілей бастады. Бір күннің ішінде облыс аумағында жырма бес жұлдызды шара түңдігін желпіп, елмен қауышуда. Осындай жайдарман жаңалық Қаратал ауданында да бастау алды. Оның бірі аудан орталығында бүлдіршіндерді шаттыққа бөлеген балабақшаның ашылуы болса, екіншісі Тастөбе ауылдық округіндегі сүт кешенінің лентасы қиылды. 

«Өзен жағалағанның өзегі талмайды» дегендей, тастөбеліктердің  ісі оңға басып, бүгінгі қуанышында шек жоқ. Ауыл маңынан орын тепкен «Тастөбеагрофуд» сүт кешенінің ашылуына қадірменді қонақтармен қоса ауыл тұрғындары да көп жиналды.  Кимешек киген ақ әжелер шашуын дайындап, келген қонақтарды жылы жүзбен қарсы алуда. Ауыл береке, ауыл қазақтың түп-қазығы деп осындайда айтқан болар. Сенің қуанышың демей жаппай шын ықыласпен қызмет көрсетуде. Тәуелсіздікпен тұспа-тұс келген қуанышты біз де көріп, мерекелік лепті сезіндік. Сонымен кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров, Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, аудан әкімі Қайрат Бисембаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Бақыт Смайылов және «Тастөбеагрофуд» ЖШС-нің директоры Сәбит Ахметов қатысты. Ең бірінші сөз облыс әкімінің орынасары Серікжан Бескемпіровке берілді.
 Серікжан Ісләмұлы  жиылған халықты Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, осы жарқын істердің барлығы егемендіктің арқасы деп сөз бастады. 
– Тастөбе ауылында мынадай сүт кешенінің бой көтеруімен барлықтарыңызды құттықтаймын. Бүгінгі күні ауылшаруашылығына үлкен қолдаулар көрсетілуде. Елбасының негізгі тапсырмаларының бірі ауылшаруашылығын көтеру оның ішінде сүт, ет өнімдерін дамытып, экспортты, асыл тұқымды мал санын арттыру болатын. Сол саясатты жүзеге асыру барысында Алматы облысы жақсы көрсеткіштерімен көзге түсіп, ауылшаруашылығының дамуына қарқын қосып келеді. Бүгінгі шара соның нақты дәлелі екенін айтқым келеді, – деді. 
Одан кейін ортаға Жақсылық Үшкемпіров шығып, ауылшаруашылығын көтеру және кәсіппен айналысу Отанды өркендету екенін тілге тиек етті. Осындай азаматтар үлкен істі қолға алып, оның дамуына күш салып, үнемі қолдап отыру қажет, – деді. Расында да, әрбір қалталы азамат өз туған ауылына қол ұшын созып отырса, ауылдың өсуіне үлкен серпін болары анық. Сүт кешені басшысының сөзінен кейін ауыл ақсақалы Қизат ата бата беріп, «Тастөбеагрофуд» сүт кешенінің лентасы қиылды. Әжелеріміз шашуын шашып, келген қонақтар сүт кешенін аралады.
2015 жылдан бастап қолға алынған «Тастөбеагрофуд» ЖШС бүгінде қанатын кең жайды. Ең алғаш 2004 жылдан бастап егін шаруашылығымен айналысып,  кейіннен мал басын өсіруге бел буған. Киелі жердің қасиеті де мал өсіруге өте қолайлы. Бүгінгі таңда құрылтайшылардың қолдауымен 900 млн. теңге инвестиция тартылып, сүт өнімін өндіре бастаған. Кейіннен 120 бас сатылып алынды. Қазіргі таңда 450 бас сиыр бар. Орта есеппен алғанда бір сиыр 18 литр сүт береді. Алдағы уақытта 25 литрге дейін жеткіземіз деп отыр. Сүттің сапасы да жоғары, майлылығы 4,2-4,3 пайызды құрауда. Бұзаулар да күн санап, салмағын арттырып, жерсініп келеді. Қоражайы, барлығы жасалған. Автоматтандырылған заманауи қондырғылар қойылып, елу адамды жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта мал басын мың жарымға жеткізіп, жұмысшы санын да жүзге жеткіземіз дейді. Оның сыртында жұмысшыларға арнайы тұрғын үй де салынған. Он екі тоннаға арналған сүт сақтау бөшкелері қойылған, бір күнде бес жүз сиырды сауып алуға мүмкіндік бар. Сүт өнімін «Үштөбе Айдын»  сүт зауытына өткізеді. Барлығы жаңа технологиямен жабдықталып, арнайы сүт сауатын аппараттар орындайды. Сиырдың мойнындағы электронды баулықтары да өзіндік рөл атқарады. Малдың күйі мен барлық керекті витаминдерді осы қондырғы арқылы анықтауға болады. Жемшөптен де тарықпайды. Арнайы ЖШС-ға тиесілі жерден дайындалып, орталыққа жеткізіліп тұрады. Ауылды жұмыспен қамтып, ел дамуына сүбелі үлес қосып, жеке инвестор тартып, Тәуелсіздіктің       25 жылдық торқалы тойына тарту жасаған азаматқа ризашылығымызды білдірдік.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда алғаш рет дрон-рейсинг және авиамодельдеу бойынша өңірлік жарыстар өтті

Жетісуда алғаш рет дрон-рейсинг және авиамодельдеу бойынша өңірлік жарыстар өтті

30.01.2026
Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы жаңартылды

Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы жаңартылды

30.01.2026
«Мүлдем жаңа құжат»: Тоқаев Ата Заңның толық жаңартылатынын мәлімдеді

«Мүлдем жаңа құжат»: Тоқаев Ата Заңның толық жаңартылатынын мәлімдеді

30.01.2026
ИКАО-ның Ғаламдық елшісі болып қазақ қызы тағайындалды

ИКАО-ның Ғаламдық елшісі болып қазақ қызы тағайындалды

30.01.2026
Қытайда 16 адам өлім жазасына кесілді

Қытайда 16 адам өлім жазасына кесілді

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.