Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

БИЛІГІ ЖЕМҚОР, ХАЛҚЫ ЖАЛТАҚ МЕМЛЕКЕТ ҰЗАҚҚА БАРМАЙДЫ: ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ

19.09.2021
ҰЛТ ҰЯТЫ
БИЛІГІ ЖЕМҚОР, ХАЛҚЫ ЖАЛТАҚ МЕМЛЕКЕТ ҰЗАҚҚА БАРМАЙДЫ: ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында жыл басынан бері тіркелген 87 қылмыстық құқықбұзушылықтың 68-і сыбайлас жемқорлыққа қатысты. Қоғам дертінің алдын алу үшін жан-жақты жұмыстар жүріп жатыр. Жас мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру, құқықтық мәдениетті дамыту мақсатында өткен жиын соның дәлелі.

Жастарға қызмет көрсету орталығындағы кездесуде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев пен Алматы облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін әрлі әңгіме өрбітіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Жиынды ашып, жүргізген «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Аманжол Жазықбаев бірінші сөзді Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әміре Әрінге берді.

– Бүгінгі жастарға ұлттық болмыс тұрғысында, мемлекеттің тағдырына, қазақ болып қалуға қатысты үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Кешегі Алаш арыстары халықты қалай сауаттандыруға тырысса, қазір тура сондай жағдай басымызда тұр. Саясат, экономика, мәдениет, діни тұрғыдан терең білімді жастар керек. Ең бастысы – тіл мәселесі. Ауылдағы қазақтардың көбі қалаға келгеннен кейін шүлдірлеп, орысша сөйлеп жатыр. Қандастарымыздың көпшілігі орыс мектебіне балаларын беруде. Масқара ғой, соның бәрі – қазақтар! Тілді білмеу – ол ата-анаңды, халықты, ұлтты сыйламау. Кейін сол балалар басқа халықтың мүддесін қорғайды. Қазақша оқығандар тілді де үйренеді, ұлттық болмысты да сақтайды, жетістікке де жетеді, – деген Қазақстан Жазушылар одағының Алматы облыстық филиалы директоры Әміре Әрін маңызды мәселелерді қозғай келе жемқорық тақырыбына да тоқталды. – Ақша жемеу керек. Ол – халықтікі, халық – Құдайдан бір-ақ жас кіші. Демек, Құдайдікі. Ең алдымен, адам таза болу қажет. Ол үшін тәрбие керек. Әлихан Бөкейхан: «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден», – дейді. Төрт-бес дипломы бар адамдар бар. Бірақ ұлтына емес, қалтасына қызмет етеді. Қазір қазақ халқы жардың жағасында тұр. Ол аз болғандай Ауғанстандағы бүлік бар. Күшейіп кетіп жатса, біздің тікелей шегарамыз болмағанымен, Қырғызстан, Өзбекстан арқылы бізге де әсер етеді. Билігі жемқор, халқы жалтақ, басшылары парақор ел ұзаққа бармайды.

Келесі кезекте сөз алған Жандос Сағындықұлы департамент басшысының бірінші орынбасары қызметіне дейін атқарған барлық қызметтерін мысалға келтіріп, жемқорлықпен күресу үшін бүкіл халық болып әрекет ету керектігін айтты.

– Қарапайым адамдар мәселесін тез шешкісі келіп тұрады. Содан арылуымыз керек. Бәрі уақытымен келеді. Қазір пара беруші де, алушы да жазаланады. Барлығымыз біріксек, көп дүниені өзгертуге болады. Қадыр Мырза Әлінің: «Адам боп туу – анадан, айуан боп кету – өзіңнен» деген керемет сөзі бар. Сондықтан, еш нәрседен қорықпау керек, әркім өзінен бастаса, алға қойған мақсаттарымыз орындалады, – деді ол.

Кездесу барысында жас мемлекеттік қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнеүзіктер тамашалап, өздерін толғандырып жүрген сауалдарға жауап алды. Алдағы уақытта да осындай жиындар өтіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары үздіксіз жүргізіле бермек.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Сарбаздар туыстарымен кездесті

Сарбаздар туыстарымен кездесті

03.02.2026
Баспана баға неге өсіп жатыр?

Баспана баға неге өсіп жатыр?

03.02.2026
Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы: конституциялық реформаны қолдаудың бағыты айқындалды

Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы: конституциялық реформаны қолдаудың бағыты айқындалды

03.02.2026
Тіл – ұлттың жаны

Тіл – ұлттың жаны

03.02.2026
Жетісу облысының активі жаңа Конституция жобасын қолдады

Жетісу облысының активі жаңа Конституция жобасын қолдады

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.