Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

БИЛІК НЕ КЕРЕК ӘДІЛДІК ҚҰРМАСА?

08.06.2019
ҰЛТ ҰЯТЫ
БИЛІК НЕ КЕРЕК ӘДІЛДІК ҚҰРМАСА?
WhatsAppTelegramFacebook

«Көке» деген кім? Көке – ежелгі түркі сөзі. Баланың ағасы деген мағынаны білдіреді. Бұл атау кейін келе мағыналық өзгеріске ұшырап, бірі «көке» деп әкесін айтса, бірі әпкесін атайды. Сәбиін айналып-толғанған ананың «көкешім» деп отыратыны не болмаса жалынышты адамның «әкетай, көкетай, ағатай» деп өтінуі – аталмыш сөздің әралуандығын білдірсе керек.

Қазіргі «көке» кім? Ол – аса маңызды мәселелерді шеше алатын дөкей аға. Әр істің тігісін жатқызып, мәселелерді өз игілігіне қарай шешіп беретін адам. Тіпті, бүгінде «әкесін танытып, көкесін көзіне көрсетті» деген балама теңеулердің де көбеюінің өзі біраз жайтты аңғартады.

Жаппай етек алған бұл құбылысқа тоқтау бар ма?! Айтқаны өтіп тұрған ауқаттылар, ат төбеліндей болса да билік биігінде отырғандар, қаражаты мен көкесі барлар, бір сөзбен айтқанда, «мықты тіреуі» бар екенін мәлімдегендер қоғам наразылығын тудыруда.

«Көкесі» барлардың: «Сенің тағдырыңды бір қоңыраумен шешемін», – деп қорқытуы өздері үшін «мәртебе» секілді. Бірақ олардың заңды белден басып жүруіне рұқсат жоқ. Осы орайда ойымызға әлеуметтік желіден оқыған М.Қарекенов есімді автордың «Бір звонок» деген өлең жолдары оралды. 

Звонокшыл болып алдық бәріміз,

Телефонмен жетеді тек әліміз.

Басшы жағы қыстап жатса, ойланба,

Бір звонок. Аман қалар жаныңыз.

Звонокшылдың бағы қазір жанып тұр,

Тілегенін қиналмай-ақ алып тұр.

Дөкей болған туысқанның есігін,

Алыстан-ақ звонокпен қағып тұр!

Бастық саған бұйрық берсе, шалқайып,

Әдетімен қолын нұсқап, талтайып,

«Шатырыңның» бар екенін ескерт те,

«Бір звонок» десең болды қасқайып.

Осы тұрғыдағы құқықбұзушылықтарға бой алдыруға ең алдымен білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Немқұрайдылық таныту, кәсібилігінің жетіспеуі, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Әрі бұл «көкелер» қажеттілігін арттырып отыр.

Мақаланы жазу барысында «Қазіргі көке кім?» деген сауалды әртүрлі топ өкілдеріне қойған едік. Сауалымызға белгілі саясаткердің бірі: «Бұл, әрине, дұрыс емес. Бірақ әділетсіздік жайлаған, шындығы шамалы, әлеуметтік лифтілері істемеген қоғамда солай болады. «Көкелер» дендеген қоғамның алдын алу үшін ашық қоғам, еркін баспасөз, әділ сот және саяси бәсекелестік қажет», – деп жауап қайтарды.

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жангелді Немеребаев: «Көкең» мен ақшаң болса жетістікке, биікке тез қол жеткізетін заман екенін мойындауымыз керек. Бірақ «Асыл кездік қап түбінде жатпайды» деген бар. Егер талантты, қабілетті өнер адамы немесе адал еңбек иесі болса, түбінде оған Тәңір қуат берері сөзсіз», – деп пікір білдірді.

Осы сұрақ төңірегінде «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің директоры Арман Әубәкір БАҚ өкілдерінің біріне берген сұхбатында: «Әлбетте, жас баланың өзінің ата-анасына сенім артуы – қалыпты жағдай. Бірақ әке-шеше өз баласының әлжуаз, жеке пікірі жоқ, әлсіз, ерке, шолжаң болып өсуін қаламайтын болар. Сондықтан оның алдын алу жолдарын ата-ана ертерек ойластыруы керек. Бүгінде әке-шешемізден бөлек, туған-туысқа, бауырға, ағайынға, тамыр-таныстыққа, қалтадағы ақшаға сену басым. Өзіне емес, тылсым күштерге, Құдайға сену бар. Бұл – жетістікке жетудің жеңіл жолы. Шын мәнінде, әрекет етпеген адамға Құдай да көмектеспейді. Ешкім ешкімнің миына ақыл құймайды. Өзін-өзі дамытса ғана белгілі бір жетістікке жетеді. Ізденістің деңгейі қандай дәрежеде болса, білімнің, жетістіктің дәрежесі сондай деңгейде болады. Тұлға болып қалыптасуымыз үшін өз-өзімізге сенгеніміз жөн. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген дана Абайдың да өлеңі айтар ойыма келіп тұр», – дейді.  

Айман есімді (өзгертілді – ред.) ұстаздың айтуынша, оны жоғары білімімен жұмысқа айлап алмай, көп қиналыпты. «Қанша ғимараттың еcігін тоздырдым?! Қанша адамның алдынан өттім?! «Түйіндемеңізді тастап кетіңіз. Өзіміз хабарласамыз» деп жауап береді. Тіпті, кейбірінің күле қарағаны да өтірік емес. Түсінгенім – «көкең» болмаса жұмысқа кіру қиын. Соның өзінде әділдікті де мүлдем жоқ дей алмаймын. Түптің түбінде өз күшіммен жұмысқа орналастым. Бірақ бұл жағдай қарапайым халық арасында өте сирек. Достарым, таныстарымның басым көпшілігі өз мамандығы бойынша әлі де жұмысқа кіре алмай жүр», – дейді.

Жоғарыда келтірілген пікірлерге қарап отырсақ, мұндай істер қоғамның дамуына кері ықпал тигізіп отырғаны түсінікті. «Кедей бай болсам дейді, бай Құдай болсам дейді» дегендей, «көкелеріне» сенетін жас буынды өсіру арқылы мемлекет болашағын жарқын ете алмаймыз. Сондықтан, мемлекет іргесін «көкелерсіз» қаласақ жөн болар еді.

Біздің күйттейтініміз – халық қамы, озбыр әрекеттің ішінде жүрген қарапайым, «әке-көкесі жоқ» халықтың жай-күйі. Осынау көлеңкелі тұстарға байланысты сұрақ көп, әрекет аз әзірге! Өкінішті.

Әртүрлі мәселелерді өз тамыр-таныстарыңның деңгейіне, ыңғайларына қарай шеше алатын дөкейлердің заңсыздыққа баруына негізінен материалдық жағдай түрткі. Мұндайда атам қазақ: «Байлық не керек, адалдан жимаса. Билік неге керек, әділдік құрмаса», – деп бекер айтпаған-ды.

ТҮЙІН:

Халықтың бір парасы көкелеріне сеніп өмір сүрсе, екінші топ жақсылықтан үміттеніп, адал жолмен еңбек етіп, қара суы мен қара нанды қаужағанына шүкіршілік етуде. Өз күші мен еңбегі, ақылы мен білімі, талпыныс және үнемі ізденісі арқылы биікке жеткендерді жоқ дей алмаймыз. «Адамды кейде баршылық сынайды, кейде жоқшылық сынайды». Барға мақтанбаған, артық кетпеген, жоққа қорланбаған жөн. Таныстың тағдырын «бір қоңыраумен-ақ» шешпей, есесіне қарапайым халықтың разылығына бөленгенге не жетсін?! Ойланайық!

Еңлік ҚАБДЕШ

 

Қатысты жаңалықтар

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026
Көктемгі тасқын 2026: Қай өңірлерге «үлкен су» келуі мүмкін?

Көктемгі тасқын 2026: Қай өңірлерге «үлкен су» келуі мүмкін?

03.02.2026
Қазақстан Президенті Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

Қазақстан Президенті Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

03.02.2026
Қатерлі ісік қауіпті дерт

Қатерлі ісік қауіпті дерт

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.