Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

«Болған» мен «боламыздың» арасында

25.08.2018
ҰЛТ ҰЯТЫ
«Болған» мен «боламыздың» арасында
WhatsAppTelegramFacebook

«…Барлық адамдарды біріктіріп, қосып алғанда Құдайдың жер үстіндегі бейнесі болып шығады. Құдайдың сол бейнесінің аты – Ертең-Құдай. Дәл бүгінгі тіршілігің кәдімгі тіршілік сияқты; бірақ сол бүгінгі тіршілігің жан-жақты болған күннің өзінде, әйтеуір, ертеңгі күнім басқа болса екен, бүгінімнен де жақсырақ болса екен деп тілеп тұрасың. Әне, сондықтан біздің кеудемізде Құдайдың Нұр-сәулесіндей мәңгі сөнбейтін Үміт оты жанып тұрады. Ертең-Құдай дейтініміз сол».

Бұл «Жанпида» романында Иисустың аузымен айтылған Шыңғыс Айтматовтың сөзі. Қырғыз жазушысының «Ертең-Құдайы» уәделісі мен дәмелісіне ертең қол жеткізетіндей болып тұратын қазақ халқы үшін де алыс емес. «Түстік өмірің болса, кештік мал жина» деген бабаларымыз, «Таңғы нәсіп – тәңірден» деп ертеңгі күннің нәсібін Жаратушының өзіне тапсырып қояды. Бойымызға біткен бойкүйездік пе, санамызға сіңген салғырттық па, әйтеуір, бүгінгі істелетін шаруаны ертеңге қалдыруға құмармыз. Біздің бабаларымыз батыр болған, би болған, текті болған, т.б. толып жатқан болғандарды айтып, өткенді үнемі мақтанышпен аңсап отыратындарды да, біздің болашағымыз жарқын, біз керемет боламыз, әлемді аузымызға қаратамыз, толағай табыстарға жетеміз, жеңісті күндеріміз көп болады деп ұрандатып ертеңіне кілең үмітпен қарайтындарды да көріп жүрміз. Болғанбыз бен боламыздың ортасында өткеніне өкіншпен, ертеңіне күдікпен қарайтындар да кездесіп қалады. Дегенмен де, өмірінің теріскейінен күнгейіне, қара түннен нұрлы күнге ертең қадам басатындарына сенетіндер көп. 
Мұз-тағдырда тайып жүріп өкшем мың, 
Мұратыма ертең жетем деп сендім, – дейді Табылды Досымов. Мұратқа жету тағдырымызға жазылды ма, ол жағын білмесек те баянсыз жалғанның тереңіне шым батып, тұманына шын адассақ та ертеңнен үміттіміз. Ертеңнен бастап тұсауын алған жорғадай жорғалап, бұрауы келген домбырадай күмбірлеп кететінімізге сенім діміз. Жалт-жұлт еткен жалған дүниенің алдамшы екендігін білсек те байлаусыз бақтың басымызға ертең қонатынынан үмітті екендігімізді Есенқұл Жақыпбек «Өнер адамы» деген өлеңінде:  
Алдымызда жалт-жұлт етіп от шырақ,
Әне-міне, бақ қонардай боп тұрад – деп жеткізеді. Әне-міне, деп жалғанның жалынан ұстайтындай асығамыз. Алайда, «…сен асыққан екен деп Алла әмірін өзгертпес» дейді Абай. Біз қаншалықты асыққанымызбен, ертеңнен еселеп үміттенгенімізбен кешегімізді қаузайтын, ертеңімізді екшейтін бүгінімізден аттап кете алмаймыз. Адам баласының барша болмысы өткен өмірінің аясында қалыптасады дегенімізбен өткеннің өзі бүгіннен басталады. Қазір дегеніміз, қас-қағым сәт болса оның да өткенге айналуы тез.   
«Ертең-Құдай дейтініміз – мәңгілік рух, ал тұтастай алғанда – барлық мән-мағына, адамдардың күллі тіршілігі мен мақсат-мұратының жиынтығы сонда», – дейді роман кейіпкері. Яғни ертеңгі мақсат-мұраттың бастауы бүгінде. Ал мақсат – адамды алдыға жетелейтін қуат, ертеңге деген үміттің үзілмейтін жібек жібі. Оның бір дәлелі ретінде сұрқия заманның қан толған сумақай көзіне тура қарап «..ойлайтын да мен емес бір күнгі ісін, жұрт ұқпаса ұқпасын, жабықпаймын, ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» деп ұлттың ертеңі үшін еңбек еткен Ахмет Байтұрсынов сияқты Алаш қайраткерлерін айтуға болады. Ертеңнің іргетасын бүгін қалау керектігінің бір көрсеткіші бұл. 
Ш. Айтматов та өз ойын: «Ертең-Құдай қандай болмақ, тамаша бола ма, жоқ далбаса бола ма, ізгі жүректі бола ма, жоқ қара ниетті бола ма, міне, бұл адамдардың өздеріне байланысты», – деп түйіндейді. Ертеңгі күніміздің ертегідей болуының бір кепілі – бүгінгі күннің биігіне шығуды ертеңге қалдырмау. Яғни, ертеңнің жақсылығы мен жамандығы, жетістігі мен кемшілігі тікелей өзімізге байланысты. Осылай екенін білсек те өткеніміз өтті, кешкеніміз кетті деп көрерімізді «Ертең-Құдайға» тапсырамыз.

Жұмахмет ЖАЙЛАУБАЕВ

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.