Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Бәрі сенің қолыңда

20.07.2018
ҰЛТ ҰЯТЫ
Бәрі сенің қолыңда
WhatsAppTelegramFacebook

Адамзат баласы жаратылғаннан бері жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, адалдық пен арамдық, шындық пен өтірік, дарын мен дарынсыздық жарыса ғұмыр кешіп келеді. Мәреге кім бірінші келеді? Жеңімпаз кім? Ол енді әр адамның өз еркінде. Мәреңіз қай жерде, қандай деңгейде, қайсысын көбірек баптадыңыз дегендерге байланысты. Қалай болғанда да жұмырбасты пенденің тұла бойында махаббат пен ғадауат тынбай айқасып, әрқашан итжығысқа түсіп жататыны анық. Махаббат – сүю болса, ғадауат – жек көру. Дін ғалымдарының сөзіне құлақ түрсек махаббат та, ғадауат та солардан өсіп-өнетін жақсылықтар мен жамандықтардың қай-қайсысыда адамның жүрегінде жатыр. 

Ф. Достоевский: «Ібіліс әрдайым Құдаймен алысып келеді, сондағы ұрыс алаңы – адамның жүрегі» десе, Абай: «Махаббат ғадауатпен майдандасқан, қайран менің жүрегім мұз болмай ма?», – дейді. Осыған енді Д. Румидің «Құдай неге мұқтаж? Өзін көре алатын сенің таза жүрегіңе мұқтаж» дегенін қоссақ, Мәшһүр Жүсіптің «Құдай пенденің жүрегінде» дегені шығады. Яғни, мына жалған дүниедегі сіз ойлаған құдай мейірімді ме, қатыгез бе, жүрегіңіздегі жүріп жатқан махаббат пен ғадауаттың майданына, сол соғыста кімнің жеңіске жететіндігіне байланысты. 
Шыр етіп дүние есігін ашқанда ол жүректе тек махаббат қана бар еді. Өмірге жүрек көзімен қарайтын едік. Біз өсіп, есейген сайын нәпсіміз де бізбен бірге өсті. Нәпсі өскен сайын махаббат деген ұғымға сыятын барлық жақсы қасиеттерді жайлап Ібілістің жеміне айналдырды. Жарқылдақ қу тірліктің қызығы арбап жүректің көзін жапты. Бір сәттік ләззат үшін мәңгілік бақытты сатып жіберетін жағдайға жеткізді. Нәтижесінде ғадауат жеңіп жүрегіміз мұз, бүйрегіміз без, бауырымыз тас болды. Адамдардың барлығы осындай деген ойдан аулақпын. Тәннен нәпсіні, жаннан құмарлықты сығып шығара алатындар, жүрегіндегі махаббатты сақтай білгендер де баршылық. Дегенменде жүрегіндегі рух мекенін надандықтың пердесімен тұмшалап алғандар арамызда жүр. Оларды бәріміз бірауыздан құдай солай жаратқан дейміз. Бірақ Құран кәрімде: «Алла тағала адамға қылдай да қиянат жасамайды», – деген аят бар. Олай болса құдай ешкімді де тасжүрек, қатыгез етіп жаратқан жоқ. 
Данышпан Абай «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті», – дейді. Жалғыз Абай емес, Шығыстың Руми, Омар Хайям, Хафиз сынды атақты ақындары Жаратушы мен жаралушының арасындағы махаббатты философиялық жырларымен жеткізеді. Бұл мәселеге әрқайсысы әр қырынан келсе де, барлығының тоғысатын жері – махаббат адам өмірінің тұғыры екендігінде. Ал махаббаттың төлеуі қашанда махаббат. Яғни Алланың бізге деген махаббатының бір төлеуі оның жаратқандарын сүйе білуде. Абай айтқандай «Адамзаттың барлығын бауырым деп сүю – жақсы көру, жақсылық істеу, мейірбандық, қамқорлық көрсету. «Иә, біз осындаймыз» деп айта аламыз ба? Адамзаттың бәрін қоя тұрып өз ұлтымызды, өз қазағымызды сүйеміз бе? «Мен патриотпын, ұлтымды сүйемін» деп ұрандатып жүрміз. Жүректен шыққан шынайы сезім бе, әлде тіл ұшындағы құрғақ сөз бе? Жүректен шықты десек неге біз «оралман қазақ», «жаңа қазақ», «мәңгүрт қазақ», «мәмбет қазақ» сынды толып жатқан «қазақтарға» бөлінеміз, неге қазақты жамандаса бірге жамандап, руымызға сөз келтірсе намысымыз оянып жағасына жармасуға дайынбыз? Ұлтты, руды қойып ағайын арасында «алтау араз болып» ауыздағымыздан айырылып жүріп иманымыз толық деп айта аламыз ба? Осы сауалдардың жауабын бәріміз білеміз. Бірақ түзелеміз бе деген сауалдың жауабын білмейміз. Түзелеміз, өйткені дүниедегі бар жақсылық махаббатпен жасалады. 
Араб ғұламасы Ибн Қайум: «Махаббат аурытпалықтан құтқарып, жан тыныштығына жеткізеді, сансыраған санаңды ашып, жақсы іс-әрекеттеріңе қанағат еткізеді», – дейді. Жүрегіңіздегі махаббаттың тұнығынан сүзіп алмаған дүние сұлу, құнды болмайды. Сәулетті үй салсаңыз да, кітап жазып, ою-өрнек тоқысаңыз да шын сүйіспеншілік қажет, олай болмаған күнде сәулетіңіз сәнсіз, жазуыңыз мәнсіз, ою-өрнегіңіз шимай-шатпақ болып шығады. Сондықтанда жүрегін махаббат жайлаған адамдар барлық кезде қайырымдылық, әділдік, адалдық деген ауылмен іргелес қонады. Бір кісі Сүлеймен патшаны сынамақ болып уысына бір көбелекті ұстап келеді де,  «тірі десе қысып өлтіремін, өлі десе ұшырып жіберемін» деген оймен «Менің қолымдағы көбелек тірі ме, өлі ме?» деп сұрапты. Сонда Сүлеймен патша «Бәрі сенің қолыңда» деп жауап берген екен. Бұл өмірде де бәрі өз қолымызда…

Жұмахмет ЖАЙЛАУБАЕВ
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.