Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

БІЗ КІМБІЗ? КІМГЕ КЕРЕКПІЗ? НЕ ІСТЕП ЖҮРМІЗ? ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ЖАНАЙҚАЙЫ

02.03.2022
ҰЛТ ҰЯТЫ
БІЗ КІМБІЗ? КІМГЕ КЕРЕКПІЗ? НЕ ІСТЕП ЖҮРМІЗ? ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ЖАНАЙҚАЙЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ел егемендігімен бірге жасап келе жатқан қалалық «Талдықорған» газеті жабылудың алдында тұр. Осы айда аталған газеттің аймақтан үзбей ақпарат таратқанына отыз жыл толды. Алайда айтулы күнге әкімдік тарапынан ешқандай көңіл бөлінбей, тек грамота мен картина беріп жіберіпті.

Орын алған жағдай жайлы «Талдықорған» газетінің бас редакторы Гүлжанат Нұршанова былайша қынжылды:

— Отыз жылдық тарихымызда осындай жағдайды бірінші рет басымыздан өткеріп отырмыз. Осы кезде тойлатып, мерейміз шалқып, керемет көңіл-күйде отыратын едік. Екі ай болды, жалақы алған жоқпыз. Шынында: «Біз кімбіз, кімге керекпіз, не істеп жүрміз?» — деген ой келеді. Отыз жылда ауыз толтырып айтар жетістігіміз көп. Тәуелсіздік алған алғашқы жылы қала әкімдігінің бастамасымен құрылған газет кезінде он мыңнан астам таралыммен шықты. Республикаға тарауға мүмкіндігіміз бар. Өкінішке қарай, Талдықорған қаласының өзіне тарата алмай отырмыз, – деп мемлекет саясатын жүзеге асыратын идеологияның басты құралының жай-күйі нашар екенін айтты. – Жаңа Қазақстанды құрамыз деген мақсатпен «Ұлт болашағы өз қолымызда» деген ұранымызды қойдық газет бетіне. Әкімдікке: «Біз барлық шындықты жазайық. Сіздер жауап беріп отырыңыздар. Біздің тарапымыздан халықтың күрделі, қордаланған мәселесін алып шығайық», – деп едік, бірақ жартасқа барып айқайлаған жаңғырықтай ешкім бізді естімеді, тыңдамайды, барсаң, мұрын шүйіре қарайды. Қаланың әкіміне ресми түрде: «Газет қиын жағдайда. Мемлекеттік тапсырысты ала алмасақ та, демеуші тауып көмектесіңіз. Қызметкерлердің мойнында несие, пәтер жалдап жүрген жастар бар. Жағдайлары қиын болып кетті», деп хат жазып, тіркеттік. Қабылдамады.

Бас редактордың баян еткен тағы бір мәселесі – мемлекеттік тіркеу. Сатылғанына төрт ай болған басылым әлі күнге дейін мемлекеттік тіркеуден өте алмай отыр. Оның себебі әкімдіктің қарыз болуы себепті тіркемейді екен. Құжаттары 3 рет қайтып келген. Тіркеу үшін екі тараптың да қарызы болмау керек.

— Осы мәселемен Талдықорған қаласы әкімі аппараты жетекшісінің алдынан өттім. Жиналысым бар деп қабылдамады. Халыққа қызмет ететін әкімдік төртінші билік болып отырған бұқаралық ақпарат құралдарына осындай қарым-қатынас жасаса, қарапайым тұрғындардың жайы белгілі.  Шынын айтсақ, алаңға шығатын халықты өзіміз қолдан жасаймыз деген ой келеді, – деп ашынған бас редактор 30 жылдық мерейтоймен құттықтай келген қалалық ішкі саясаттың басшысы мен депутаттық корпуста жұмыс істейтін өкілдерге тағы да осы мәселені шешіп беруді өтінді.

— Тәуелсіздіктің алғашқы тумасындай дүниеге келген «Талдықорған» газетіне 30 жыл. Әрине, ауыз толтырып айтуға, лайықты тойлауға тұрарлық дата. Бірақ отыз жылдық еңбектің отыз тиындық құны жоқ. Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстанды құру жолындағы саясатын түсіндіруге бел шеше кіріскен басылым қызметкерлері Отан, ар алдындағы міндеттерін адал орындауда. Бірақ екі ай бойы қалтасына көк тиын түспеген ұжымның жанайқайына құлақ асар пенде жоқ. Жеткен жетістігіміз осы болды. Кәсіпкерлікті былай қойғанда, облыстың, қаланың тұрғыны ретінде де құнымыз жоқ екенін түсіндік. Жалғыз үміт министірлікке шығып, жағдайымызды айту ғана қалды, — дейді желіде жанайқайын жеткізген Гүлжанат Нұршанова.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.