Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Дін мен дәстүр егіз

19.01.2018
ҰЛТ ҰЯТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміз егемендігін алып, өз алдына дербес мемлекет болған сәттен ата дәстүрімізбен біте қайнасқан асыл дініміздің де Айы оңынан туды. Кеңес заманында қазақ халқын тілінен, дінінен, дәстүрінен ажыратып, ұлттық рухын әлсіретудің сан түрлі айласы жасалғаны тарихтан белгілі. ​

Тәуелсіздік алғаннан кейін «Қазақтың өзіндік ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау менің президенттік те, перзенттік те парызым», – деп Елбасымыз ұлттық тәрбиеге ерекше мән берді. Нәтижесінде ширек ғасырдан аса уақыттан бері көптеген бағдарламалар қолға алынып, іске асты. Соның бірі өткен жылы ел назарына ұсынылған маңызды да мәнді «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық сана мен болмысымызға берік болуымыз керектігі баса айтылған. 
Тәрбие барша адамзатқа қажетті құндылық. Діні бөлек, ұлты басқа болса да, бар адамзат тәрбиенің қажеттілігін сөзсіз мойындайды. Сондықтан оны дұрыс таңдау да өз алдына бір мәселе. 
Ислам – адам тәрбиесін иләһи жүйемен ұштастырады. Яғни, адамзаттың барлық құндылықтары қорғалған шариғат жолы. Алланың тәрбие үшін түсірген жүйесі тек өзіне ғана құлшылық етуге шақырумен қатар, адамдық қасиет пен адалдықты, кішіпейілдік пен кешірімділікті, мейірім мен жанашырлықты және адамның адамға жақсылық жасау арқылы екі дүниелік бақытқа жетуіне болатынын меңзейді. Ұлы жаратушыға лайықты құл болу өзгелердің құлдығынан құтқарып, нағыз еркіндікпен қауыштырады. Дәстүрлі дініміздің негіздерін үйрену арқылы жастардың рухани дүниесі дамып, кез-келгеннің құрығына түсуден сақтанып қана қоймай, өмірдегі өз орнын тайға таңба салғандай  етіп белгілейді. Сондай-ақ әркімге бір еліктеуден құтылып, ақиқаттың жолымен ғана жүруді үйренеді. Ал ислам шарттарының қыр-сырын үйрену арқылы тән мен жан тазалығы, адамдармен қарым-қатынас жасау, өзгелерге қол ұшын беру секілді қайырымды іске жаны жақын болады. Осылайша екі дүниенің бақытына бөленіп, салауатты өмірдің нәрін алады. Одан өзгесі жалған. Яғни, құрдымға түсіп, құрып кету қауіпі басым тұрады. 
«Ислам пәктікті талап ететін дін. Сол себепті тазалық иманның басты бір бөлігі. Адамға тазалықты талап ету әрі дене тазалығы, жүрек тазалығы дей отырып, ислам діні тән мен рухани тазалықты былғаныш кірден ада етуді мақсат тұтады», – деп Н. Өсерұлының көрсеткеніндей дініміз тән тазалығы мен қатар жүректен бастау алатын рухани тазалыққа шақырады. Ел арасында кең тараған ырым-тыйымдар халықтың діни наным-сенімінен шыққан. Айталық, ең қастерлі тағам нан екені шындық. Үлкендер «Балаға нанды бір қолымен үзбе», – деп айтып отырады. Себебі, нан қастерлі тағам. Оның қоқымын жерге орынсыз шашпауды да үйреткен. Тазалық пен ысырапқа жол бермейтін, асқа құрмет әдебін үйретіп, бардың бағасын білуді меңзейтін тыйымдармен неге келіспеске?!
«Таңғы асты тастама, кешкі асқа бақпа». Түннен аман тұрғанымызбен, кешке дейін талай оқиға болуы мүмкін. Сондықтан таңғы асқа келген кісі, әлбетте дәмнен ауыз тигені дұрыс деп санаған.
«Жер жастанып жатып ас ішпе». Әрине, бұл да әдепке жатпайтын қылық. «Үйге сыртыңмен кірме». Себебі, үйде әке-шешең, туыстарың немесе басқа да бөтен қонақ болуы мүмкін. Сол себепті үйге сыртыңмен кіруді әдепсіздік санаған. «Киіміңді желбегей жамылма». Бұл да дұрыс, қолы жоқ мүгедек адам ғана солай жасайды. Сау адамның олай істегені әдепсіздік. «Адамды саусақпен санама». Ол да әдептілікке жатпайды. «Қолыңды арқаңа айқастырып жүрме, аяқ-қолыңды жіппен байлап айналма», – деп катаң ескерткен. Мұның мәнісі қылмысты адамның ғана қолын артына қайырып, байлайды. Ол жаман әдет деп үйреткен. «Бүйіріңді таянба немесе таяққа таянба, орынсыз аһылап-үһілеме», дейді аталарымыз. Бұларды жаман әдет деп санаған. Ең жақын туысы қайтыс болғанда ғана, бүйір таянып, аһылап-үһілеп, дауыстап жылаған. Жай кезде олай істеп, жамандық шақырма дегені. «Есікті керме, маңдайшаға төбеңді тіреме». Ерте кезде жаугершілік соғыстарда жеңген жақ өлген адамының құнын сұраған. 
Келген адам екі қолымен есікті керіп, маңдайшаға төбесін тіреп, бір аяғы іште, бір аяғы сыртта тұрып сұраған. Бұл «құнды  өтемесең босағаңды қиратып, шаңырағыңды ортаға түсіріп, ойран етемін», – дегені. Ал енді жайшылықта есікті керу мен табалдырықты басып тұру әдепке жатпайды емес пе? Сондықтан мұның  да тәрбиелік мәні бар. Әлбетте бұл тыйымдардың барлығының негізінде діннің тұрғандығын көреміз.
Жалпы ұрпағын жаман бол деп тәрбиелейтін ұлт жоқ. Ал тәрбиенің негізгі  өзегі адамгершілік, адалдық, қарапайымдылық, ар-ұят,  кішіпейілділік, еліне-жұртына, жеріне сүйіспеншілік – бір сөзбен айтқанда имандылық. Бұл тізбектелген моральдық қасиеттерді ұрпақ бойына сіңіруде әр ұлт лайықты пайдаланудың көзін тапқан. Әр халықтың бойында үйренерлік, үлгі-өнеге тұтарлық жақсы ізгі қасиет баршылық. Міне, осыны ескере отырып, ұрпағымызды имандылыққа тәрбиелеу арқылы ғана ұлтын сүйетін перзент өсіре аламыз. 

Әнет Омарханұлы,  
Алакөл ауданының бас имамы 

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.