Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Эмиль КУРБАНОВ: «МЕНІҢ АТЫМ — ЖАНДОС»

01.05.2019
ҰЛТ ҰЯТЫ
Эмиль КУРБАНОВ: "МЕНІҢ АТЫМ - ЖАНДОС"
WhatsAppTelegramFacebook

Балалық шағымнан бастап өзімді есімі қате қойылған қазақ деп есептеп, сұраған адамға «қазақпын» деп жауап беріп жүрдім. Баланың көңілін қалдырмайық деді ме екен, ата-анам балабақшаның қазақ тобына берді.

Сөйтіп, үш жасымда балабақшаға бардым. Анам: «Мекенжайын, есімін өзі біледі. Қажет болса телефон нөмірімді де айта алады», – деп табыстап кетті. Барлығы жиналып, топтағы балалар өздерін таныстыра бастады. Сонда балалар өздерін Серік, Берік, Данияр, Сәуле, Меруерт дегенінде менің атым қате деп жан-жағыма қарайладым. Кезек маған келгенде ойланбастан «Жандос» дедім. Түріме қарап сенбеген кейіппен тәрбиеші: «Ұлтың қандай?», – деді. Еш мүдірместен: «Қазақпын»- дедім. Әзірбайжан отбасында дүниеге келген дәу көзді, ақшыл өңді, қоңыр шашты түріме сенімсіздікпен үңілген тәрбиеші жымиды да, ары қарай ештеңе демеді.

Қайтатын уақыт болды. Барлығын ата-анасы тосып тұр. Сол уақытта тәрбиешінің: «Жандос, анаң келді», – деген даусын естіп, жүгіріп бардым. Жанына менің келгенімді көрген анам аң-таң. «Сіз неге баламды Жандос деп шақырдыңыз? Оның есімі – Эмиль», – деді. Ұстазым болса мән-жайды түсіндіріп әлек. Мен болсам менікі дұрыс, есімім шатасып қойылған деп өзімді сендіріп қойғанмын. Үйге барғанымызда ұлтымның әзірбайжан, есімім Эмиль екенін ұрыспай, асықпай түсіндіріп берді. Эмильдің мағынасы Жандос есімі сияқты жаныма жылулық ұялатты. Соған қарамастан, мектеп бітіргенше Жандос болдым.

«Қазақ қазақша оқуы керек» деп Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектебін тәмамдадым. Сүйікті пәнімнің бірі – Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті болды. Батырлар жырын, Абайдың қара сөздерін, Есенберлиннің «Көшпенділерін», М.Әуезовтің туындыларын жастана оқыдым. Тарихты оқу арқылы қазақ даласының өткені және бүгінімен таныса отырып, кең-байтақ жерде дүниеге келгеніме кеудемді мақтаныш сезімі кернеді.

Жоғары оқу орнына түсерде анам орыс тобында оқуыма мүмкіндік барын айтса да, журналистиканың қазақ тобына құжаттарымды тапсырдым. Журналистиканы таңдаудағы басты себебім, ұлан-ғайыр қазақ жерінің тарихын, көркем тіл – қазақ тілінің маңыздылығын көрсеткім келді. Университет кезінде мемлекеттік тілде өткізілген түрлі байқауларға қатыстым. Еліміздің түкпір-түкпірін аралауыма мүмкіндік сыйлады.

Қазақ тілін білуім, түсінуім өмірімде көп көмектесті. Оған басымнан өткен мына бір оқиға дәлел бола алады: отбасымызбен Балқаш көліне демалысқа баруды жоспарладық. Күні бұрын азық-түлік қамымен жүрдік. Маған 5 литрлік бөтелкемен су тасу жүктелді. Тапсырманы орындап болған соң достарыммен кездестім. Әңгімелескеннен уақыттың қалай өткенін байқамай қалдық. Кеш, үстімде жұқа киім, қалтамда 150 теңге ғана бар. Асынғаным азық-түлік толы ауыр сөмке. Аялдамаға бара жатқанда аяғымды ауыртып алдым. Не болса ол болсын деп көлік тоқтаттым. Зуылдаған «темір тұлпарлар» тоқтар емес. Енді үмітімді үзе бастағанымда қазақ ағасы тоқтады. Сөзін қазақша бастаған оған қазақ тілінде жауап қаттым. Жағдайымды түсіндірдім. Жол-жөнекей болмаса да: «Кеттік, балам», – деп үйіме жақын жерге тегін жеткізіп тастады. Ойлап қарасам, егер қазақ тілін білмесем, әлі қанша уақыт тұрар едім?

Осы тәріздес оқиғалар өте көп. Қазақ ортасында өскеніме қуанамын. Өйткені менің жүрегім – қазақ, атым – Жандос.

Эмиль КУРБАНОВ

Алматы облыстық «Огни Алатау» газетінің тілшісі

Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды

ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды

03.02.2026
Сарбаздар туыстарымен кездесті

Сарбаздар туыстарымен кездесті

03.02.2026
Баспана баға неге өсіп жатыр?

Баспана баға неге өсіп жатыр?

03.02.2026
Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы: конституциялық реформаны қолдаудың бағыты айқындалды

Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы: конституциялық реформаны қолдаудың бағыты айқындалды

03.02.2026
Тіл – ұлттың жаны

Тіл – ұлттың жаны

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.