Талдықорған: +18°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Ескелдідегі домбыра неге ерте бүлінді?

12.04.2026
ҰЛТ ҰЯТЫ
Ескелдідегі домбыра неге ерте бүлінді?

Суретті түсірген Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

Қадыр Мырза әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ- домбыра» деген өлеңі бар. Талай дәуір алты Алаштың баласының қайғысы мен қуанышын, мұң мен шерін кейінгі ұрпаққа жеткізген де домбыра. Иісі қазақ сол киелі аспапты төріне іледі. Сөз бен сазды үндестірген домбыраның тұғырлы орны сол. Жасанды интеллект дәуіріне қадам басқан Қазақстанда қос ішекті аспап құрметсіз емес. Бірақ… Сөз арасын бірақ құртады. Құрметсіз қалып та жатқан жайы да бар. Ескелді ауданының орталығы Қарабұлаққа барған қонақтар да, сондағы тұрғындар да жақсы білсе керек. Талдықорған қаласынан шығып, Шымыр ауылының тұсына келгенде сонадайдан маңайында атойлаған 2 жылқысы бар домбыра мүсіні менмұндалайды. Іштарттырып, сан соқтырған «ай-қабы» сол 2023 жылы тұғырына қонған домбыра жөндеуді қажет етеді.

Жергілікті әкімдіктің айтуынша, бұл сәндік композиция. Онысы Жетісудың жауһары саналатын Текеліге, одан әрі Бұрқанбұлаққа бастар жолдың бойында тұр. Туристердің көзіне түсетін маңда орналасқан нысанды орналастыруға тапсырыс берген Қарабұлақ ауылдық округінің әкімдігі. Оны орындаушы – «Smart Stroy Group 2050» ЖШС. Серіктестік домбыраны 2023 жылы 4,5 млн. теңгеге жуық қаражатқа тұғырлапты. Қазір сол тұғыры мүжілуде. Түсінікті тілмен айтайық, домбыра мүсіні орналасқан бетон тұғыр шетінен үгітілуде. «Кеше салынып, бүгін бүлінген» нысанның тарихына қарап, «Мен де аң-таң, апам да аң-таң» күйдесіз бе?

Қазақта «Іс бітті, қу кетті» деген сөз бар. Мәйекті ұлағатты сөзді дәйек етуге себеп – домбыраны тұғырлаған мердігердің кепіл уақыты өтіпті. Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Сержан Оңалбаев домбыраға жақын арада жөндеу жүргізбек. Бюджеттен шығын шығармай, жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен жөндемек. Былтыр да солай болған. Қалыпқа келтірілген.

Суретті түсірген Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Ақын мен домбыра егіз ұғым. Қос ішекке тіл бітірер шығармашылық өкілдерінің ішіндегі дарасы да данасы Сара Тастанбекқызының мүсіні Талдықорған қаласына 1993 жылы қойылды. Содан бері 2-3 мәрте қалпына келтірілді. Онда да мүсінге зиян тигізген адам. Ақынның даңқына қарамай домбырасын қолды қылған еді. Ал араға 30 жыл салып бой көтерген Қарабұлақтағы қара домбыраға не көрінді?! Адам тимесе де ерте ескіріп жатыр. Нысан жанына жақындау да қауіпті. Никола Тесла көкейдің «жаңалығы» электр жабдықтары ашық күйде тұр. Кәдімгідей электр сымының байланыстырылған тұсы ешқандай сыртқы жабынмен қапталмаған. Сірә, жергілікті атқамінерлер электр қуатының қаупін ескермегендей. Айтпақшы, Сержан Оңалбаев ны­сан бой көтерген соң 2 жарық ша­мы қасақана шағылғанын да алға тартты. Шамды шаққандар домбыраны ұстап көруге ұмтылмасына кім кепіл? Сол уақытта тоқ соқса, кім жауап береді? Бұл да сұрақ күйінде қалып отыр!

Ауылдық округ әкімінің айтуынша, қираған тұсы жаңартылып, домбыраның маңайы абаттандырылады.

– Шағын сәулеттік формалар, яғни жылқы мен домбыра маңайын абаттандыруды бастадық. Композиция орналасқан шеңбер ішіндегі топырақ тыңайтылды. Сәндік гүлдер егіледі. Одан бөлек домбыра тұрған бетон тұғырды жөндейміз. Келер аптада олқылықтар қалпына келеді, – деді Сержан Оңалбаев.

Мүсін қалыпқа келтірілер, бірақ 3-4 жылдың ішінде неге мұндай күйге түскенін әкім ашып айтпады…

Мағмар МАҚСЫМ

Қатысты жаңалықтар

Ауыл азаматтары ағаш егуге демеушілік жасады

Ауыл азаматтары ағаш егуге демеушілік жасады

12.04.2026
Бүгін – Ғарышкерлер күні

Бүгін – Ғарышкерлер күні

12.04.2026
Ескелдідегі домбыра неге ерте бүлінді?

Ескелдідегі домбыра неге ерте бүлінді?

12.04.2026
«Жетісу» 10 рет ел чемпионы болды

«Жетісу» 10 рет ел чемпионы болды

11.04.2026
Әдебиет – ардың ісі

Әдебиет – ардың ісі

11.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.