Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

КЕЛІНДІ КІМ ТӘРБИЕЛЕП ЖҮР

20.04.2024
ҰЛТ ҰЯТЫ
КЕЛІНДІ КІМ ТӘРБИЕЛЕП ЖҮР
WhatsAppTelegramFacebook

Қазір бәрі ақылды әрі ақылы. Шешен сөйлей білсеңіз болды, түрлі курс өткізе аласыз. Осындайда үлкендер «аңқау елге арамза молда» дегенді текке айтпаған ба деп ойланасың. Әсіресе қыздарға, келіндерге кім тәрбие беріп жүр? Осы жайлы ойланып көрдіңіз бе?


Күні кеше ғана бір пысықай «үйдегі артық заттан қалай арыламыз? Тазалық сақтауды 0-ден бастап үйретемін» деп зуылдатып жарнама жүргізіп жатқанын көзіміз шалып қалды. Соны көріп пікір жазып, «курсыңызды сатыңызшы» деп жатқандар жетіп-артылады екен. О заманда бұ заман артық заттан арылуға, тазалықты сақтауға білім қажет екенін естімеген едік. Бүгін бәрі мүмкін. Жә, ол тазалықтың құны біз қозғайтын мәселенің жанында көк тиын. 
Экранның ар жағында отырып алып: «Келін служанка емес. Әркім өз орнын білуі керек. Ол да бір үйдің еркесі. Келін ешкімге қызмет етуге міндетті емес» дейтіндердің тірлігін естіген келін қандай тәрбие алады?! ХХІ ғасыр жаңашылдыққа бастайтын даңғыл жол дейміз. Бірақ осы жаңару арқылы жаңылып жатқан жоқпыз ба?! Жоғарыда тілге тиек еткен коуч сымақтар осылайша талай қазақ баласын адастырып жүр десеңізші?! Тіпті, бесіктен белі шықпай жатып «келін – служанка емес» дейтіндердің көбейгеніне не дерсіз? Үлкенді сыйлап, кішіге құрмет көрсететін қазақтың саны күн өткен сайын кеміп келетіні көңілге көлеңке ұялатады. Батыстың қаңсығын таңсық етіп жүрген кейбір жастардың тірлігі алаңдатады. 

Бір сәт тарихты парақтап көрейікші. Басына ақ жаулық таққан келін келген шаңырағының ақ босағасынан оң аяқпен аттаған сәттен бастап сол үйдің шаңырағын шаттыққа бөлеуді, бақытын еселеуді мақсат етпейтін бе еді?! «Сәлем салу» дәстүрін барлық қазақ ұстанбайтыны анық. Бірақ сәлем салмаса да сыйлап, құрметтеп, «Бақытты бол, айналайын» деген бір-ақ ауыз сөзден оның шаңырағы шаттыққа толып кететін еді ғой. Батамен, алғыспен көгеріп, көктейтінін қазір ойлайтындар азайғаны рас-ақ. Үлкендерге қызмет етіп, ақ батасын алуға ұмтылатын келіннің бүгінгі анасы да, енесі де психолог-коучтар болып тұрғаны жанға батады.

Ұл өсіріп, келін түсіріп, бала-шағаның қызық-қуанышын көреміз деген үміттері су сепкендей басылып жатқан қаншама отбасын көзбен көріп жүрміз. Келін емес, келсап болып, үйленуден ажырасулары тез жастардың саны кемімей тұрғаны алаңдатады. Әлеуметтік желі арқылы саудаға шыққан тренингтерді, коучтардың ақылы ақылдарын тыңдап, әбден өздерін қолдан жасап алған жастар әр қадамын коучтың айтқанымен басатыны ащы да бола шындық. Өзгенің ақылымен өмір сүру дегеніңіздің өзі көңілге қонымсыз. Соның дәлелі болса керек, қазір көп жас отбасылық психологтың көмегіне зәру. «Бармасын. Білім алмасын» деуден аулақпыз. Бірақ солардың арасында саусақпен санаулысы ғана әр әйелдің бақыты үлкеннің батасында жатқанын айтады. Тіпті, халқымыз үкілеп қыз ұзатқанда айтылатын сыңсудың өзінде: 
«Ата-енеңді құрметте отағасын,
Берік қылып осы үйдің босағасын.
Ақ ниетпен отқа май тамызған соң,
Шаңырақтың шаттығы

Шаңырақтың шаттығы атанасың» делінгенін қалай жоққа шығарамыз? Міне, сыңсудағы қасиетті сөздің қадіріне жетпегендіктен, аталы сөзге құлақ аспағандықтан көп шаңырақ шайқалады десек, артық айтқандығымыз болмас. Оң босағада отырған қыз бала тәрбиені отбасы, ошақ қасында отырған ата-анадан емес, біздің мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізге сай келмейтін психолог-коуч деп айтуға ауыз бармайтын өзгелерден алып жүргені алаңдатады. Жалпы, коучтың қандай маман екенін, оның негізгі атқаратын міндетін айқындап алайық. Коучинг ағылшын тілінен аударғанда «жаттығу» деген мағынаны береді. «Коуч» аталатын адам білім алушыға белгілі бір өмірлік немесе кәсіби мақсатқа жетуге көмектеседі. Олар адамды алға жетелейтін әдістерді меңгерген және тәжірибесі туралы білімін растайтын сертификаты болуы керек. Ал псевдо-коучтар көбіне ортаң­қол курстарды ғана аяқтап немесе кітаптардан оқып «маманданып» алады. Мәселен, шетелдерде тренинг өткізетіндердің арнайы сертификаты, білімі болуы қажет. Егер нақты құжаты болмаса бұл кәсіпке жол жабық. Ал біздің коуч, тренерлерде жалғандық басым екенін мамандар әлдеқашан дәлелдеген. Біріншіден, тренинг өткізіп коучингке бет бұрғандарда арнайы сертификат жоқ. Олардың бір ғана айқын мақсаты бар. Ол – көп адамды тіркеп, қалтаны қампайту. Екіншіден, тренинг өткізіп, өздерін коуч санайтындарды саралап қарасақ, өмірлік қателіктері, ішкі өкініш, қорқыныштары бар жандар. Олар өзгелерге не бере алады? Өз жолын нақты тауып үлгерместен  өзгенің санасын қауіпке бастап отырмағанына кім кепіл? Әсіресе, келіндерге тұрмысқа шықпаған, оң босағада отырып балалы болған я болмаса ажырасқан қыз-келіншектер сабақ үйретіп жатқанына қарап қарның ашады. Оларды қадағалап, істеген ісіне бақылау жүргізіп жүрген жауаптылардың жоқтығы қынжылтады. Егер дәл осылай жалғаса берсе, біз отбасылық құндылықтан да, ұлттық болмыстан да айырылып қалатынымыз анық. Сондықтан да балалардың не көріп, кімнің ақылын тыңдап жүргенін қадағалағанымыз жөн. 

Қазақ қызын қырық үйден, қала берді есіктегі күңнен де тыйым салып өсірген. Осынау бір ауыз сөздің астарына үңіліп көрдіңіз бе? Дана халқымыз «Ұл тәрбиелей отырып жерді, қыз тәрбиелей отырып елді қорғаймыз» деп текке айтпаған. Осылайша қазақ қылықты қыздың елді тәрбиелейтінін анық айтқан. Ендеше, келін болу тек қана өз ұрпағыңның емес, тұтастай ұлттың жауапкершілігін мойынға жүктеу екенін ұмытпайық. Келінді коучтар емес, әжесі, анасы, енесі тәрбиелесе екен дейміз.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Зейнетақы шотындағы артық ақшаны алу ережесі тағы өзгерді

Зейнетақы шотындағы артық ақшаны алу ережесі тағы өзгерді

29.01.2026
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкоголь сатуды шектеу туралы ұсынысты қолдады

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкоголь сатуды шектеу туралы ұсынысты қолдады

29.01.2026
Алтын бағасы алғаш рет 5600 доллардан асты

Алтын бағасы алғаш рет 5600 доллардан асты

29.01.2026
Баукеңнің еркелігі

Баукеңнің еркелігі

29.01.2026
Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.