Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

КҮНӘ МЕН КҮМӘН

06.02.2017
ҰЛТ ҰЯТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

– Біреуді табалап күлу күнә, – деп бастады ділмар тілмен толғайтын осы заманның сұңғыла білімпазы. Күліп отырған біреу бар ма дегендей жиналған жұртқа жағалай бір көз салды да терең күрсінді. Шариғаттың талап-тілектерін негізге алып, әулие-әмбиелердің ғибраты мол, ақыл-кеңеске толы өнегелі өмірін насихаттап жүрген дана келбетті қарияның күрсінуі кемеңгерліктен болар деп ойладық.  Неге күрсінгенін өзі де түсіндіргісі келді ме: 
– Біз қазір дүрбелеңі көп, күлкісі аз, күрсінісі басым заманда өмір сүріп жатырмыз, – деп сөзін жалғады. Даусында келіссеңдер де, келіспесеңдер де жағдай осы деген сенімділік бар. 
– Мысалы қандай қарым-қатынаста болсаң да, көршің бір келеңсіз жағдайға кезігіп, қиыншылыққа ұшыраса «сауап болды» деп табалап күлу – күнә. Көршінің қорасы өртенсе шелекпен су ала жүгірудің орнына «қойдың басын ұйытып алайын» деп пайда ойлап тұратындар да бар. 
«Жо-жоқ. Біз ондай емеспіз», дегендей жиналған жамағат бір қозғалақтап қалды. Уағызын сыққан малтадай етіп бірер ауыз сөзге сыйғызып отырған қарияны  «Ағайынның аты озғанша ауылдастың тайы озсын», деп тілейтін қазақи пейілдің неге тарыла бастағаны көптен бері мазалап жүргендей. Бірін-бірі қуалап, қамшының өріміндей өрілген ойлар түйінделер тұста жан-жаққа шашырап, айтарға тұщымды тұжырым таппай қиналды ма біраз уақыт үнсіз қалды.
– Қарлығаштың су тасып, өртті өшірмек болған ниетін білесіңдер ғой. Міне, сол таңдайының астына тамшы тұндырып су тасыған қарлығаштың мейіріміндей мейірімі жоқ адам Алланың барлық мейірімінен құр қалады. Нәтижесінде «Тоны жаманды ит қабады, пиғылы жаманды құдай табады», дегеннің кері болады, – деп сөзін жалғады.
Көршісінің күйігіне еркегі саусағын шошайтып, әйелі ернін шығарып күлетіні көз үйренген көрініске, құлаққа сіңісті әңгімеге айналғалы қашан.  Көрші отырып күндес болу адамгершілік сезімнің ең азғындаған түрі деп түсінуші едік. Күнә екенін білдік.
– Сары уайымға салыну – ол да күнә, – деді де  «ә, солай ма?» деген сұраулы көзқарастарға сынай бір қарап өтті. 
– Мысалы сіздің жалғыз сиырыңыз бар делік. Өзі кәрі, сүті майсыз сылдыр су болса да «жарымадық қой» деп уайымдамаңыз. Осының бар болғанына қуаныңыз. Өйткені көршіңізде ондай сиыр да жоқ болуы мүмкін. 
Иә, қанағат қарын тойғызады дегенді бала күнімізден естіп өстік. Алланың осы бергеніне де шүкір. «Тәуекел түбі желқайық, өтесің де кетесің, уайым түбі тұңғұйық батасың да кетесің»,  деген бұрынғылардың ескертпесі тағы бар. Кесепаттық пен кесірліктен, көргенсіздік пен көрсоқырлықтан арашалап жүрген қарияның сөзі көпшіліктің көңіліне қонғаны байқалып тұрды. Жалғыз мен ғана орнымнан ербеңдеп сұрақ қойғым келетіндігімді білдірдім. Жақтырмаса да сұрағыңды қой дегендей ишара жасады.  
– Егер көршімде мұндай сиыр да жоқ қой деп қуансам, «сенде тышқақ лақ та жоқ» деп көршімнің кедейлігін бетіне басып табалап күлгенім болмай ма? – деп едім бір сәт шыбынның ызыңы естілетіндей тыныштық орнады. Алғашқы сенімдері сөгіліп «шыныменен солай  ма?» деген бірнеше сұраулы көзқарасты байқап қалдым. «Осы-ақ бүйректен сирақ шығарып жүреді екен», деп жақтырмаған  көкжөтел көзқарастар да қалыс қалмады. Таласуға да, табысуға да өрелік, білімдарлық керек. Сауалдың есердің, есіріктің аузынан шықпағанын, ескерусіз қалдыра салуға болмайтынын қария түсінді. Түсінді де қолқаңа қол салатындай қорқынышты болып өзгерді. Өзі ойлап тапты ма, әлде шариғатта солай ма:
– Қырт екенсің. Қырттық та күнә! – деп келсаппен ұрғандай қойып қалды. Мырс-мырс еткен дыбыстар шықты. Біреулер «сауап болды» деп маған күлсе, біреулер бұрын-соңды естімеген пәтуаға күлгендей болды. Әңгіме осымен тамам дегендей қария орнынан тұрды. Сөзден ілік іздемеген едім. Алайда уағыз айтушы солай түсінді. Не айтса да құлдық, кім айдаса да жүрдік дейтіндер «мына қыртты қара» деп менің сыртымнан табалай күліп, табалаудың күнә екенін есіктен шықпай-ақ ұмытып бара жатты. 

Жұмахмет Жайлаубаев.

Қатысты жаңалықтар

ИКАО-ның Ғаламдық елшісі болып қазақ қызы тағайындалды

ИКАО-ның Ғаламдық елшісі болып қазақ қызы тағайындалды

30.01.2026
Қытайда 16 адам өлім жазасына кесілді

Қытайда 16 адам өлім жазасына кесілді

30.01.2026
Қазақстанда ірі ірімшік зауыты салынбақ

Қазақстанда ірі ірімшік зауыты салынбақ

30.01.2026
Қазақстан өңірлеріндегі теңсіздік: Жетісу неге кедей аймақтар тізімінде?

Қазақстан өңірлеріндегі теңсіздік: Жетісу неге кедей аймақтар тізімінде?

30.01.2026
«Мұқағали» моноспектаклінің премьерасы өтті

«Мұқағали» моноспектаклінің премьерасы өтті

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.