Талдықорған: +12°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЕН ҮНДЕСПЕЙТІН ЗАҢ ҚАЗАҚҚА ҚАЖЕТ ЕМЕС: ТҰРҒЫНДАР ПІКІРІ

30.01.2021
ҰЛТ ҰЯТЫ
ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЕН ҮНДЕСПЕЙТІН ЗАҢ ҚАЗАҚҚА ҚАЖЕТ ЕМЕС: ТҰРҒЫНДАР ПІКІРІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң жобасы 2019 жылы қазан айында дайындалып, Мәжілістің бірінші оқылымында қаралған еді. Заң жобасы ары қарай халықтың қызу талқысына түсті. Заң жобасына қатысты бірқатар білікті заңгерлер мен қоғам белсенділері ата-ана мен бала құқығына, салт-дәстүрге томпақ келетін баптарын көрсетіп, өз пікірлерін білдірді. Көпшілік Заң жобасындағы кейбір баптың Қазақстанда қалыптасқан негізгі құқықтық нормаларға сай келмейтінін, қазақ қоғамына тікелей қатысты ұлттық құндылықтардың ескерілмегенін айтып, үндеу жариялады.

Заң жобасы жарияланған сәттен бастап, халықтың пікірі екіге бөлінді. Көпшілігі Заң жобасына қос қолдарын көтеріп, қарсы шықты. Мәселен, балалықпен бір істі бүлдіріп қойған перзентіңізге дауыс көтеріп, ұрыссаңыз – психологиялық қол көтерсеңіз – күш көрсету, ал балаға жақсы жағдай жасай алмасаңыз – экономикалық зорлық-зомбылық көрсеткен болып табылуыңыз мүмкін. Көпшілік заң жобасын осылай ұқты. Сол себепті де бұқара бұл жоба ата-ана мен бала арасына іріткі салып, ұрпақ тәрбиесіне қарсы жасалған ауыр соққы деп қабылдады. Оның үстіне халық қалаулылары мен мемлекет тарапынан арнайы түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілмегені тағы бар.

Аталған Заңдағы 35-бапта бала денсаулығына және өміріне қауіп төндіретін жағдай болса, баланы мемлекеттік органдар сот шешімі шыққанша өз қарамағына бақылауға алады. Яғни, баланың  ата-анасында қалуы немесе қалмауын сот шешеді делінген. Мәселен, анасы баласын өлімші етіп ұрып, денсаулығына қатты зиян келтіріп, өлім аузына жеткізген кезде бала құзырлы органдарға шағым келтірсе, жауапты сала мамандары бұл іске араласуға толық құқылы. Бұл, әсіресе, балаларға өгей әке немесе шеше тарапынан көрсетілетін қысымға қарсы қолданылатын күш деп ұққанымыз жөн. Өйткені, біздің қоғамда безбүйрек аналар мен мейірімсіз әкелер де жоқ емес. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, баланы ұрып, соғу, қинау сынды деректер көптеп тіркелуде. Мұндай жантүршігерлік іске, әрине, мемлекет араласуы тиіс.

Ақын Қуаныш Өнербекұлы әрбір адам өз отбасына жауапты екенін айтты.

– Баламызды бес жасқа дейін патшадай күтіп, мәпелеп өсірсек, он бес жасқа дейін өмірге икемдеп, бір уақыт «тәйт» деп еңбекке баулып, үлкенге қызмет етіп, батасын алуға тәрбиелесек, он бес жастан кейін онымен жеке тұлға, өзіндік ойы бар азамат ретінде пікірлесіп, ақылдасып, жиі сырласып-сұхбаттассақ, үміт еткен ұрпағымыздың жақсылығын көретініміз анық. Ата-бабамыздың жазылмаған отбасы заңындағы тәрбие де осы емес пе? Бұл жолды жүріп өткен алдыңғы буын ағаларымыз бен апайларымыздың жаман болмағаны анық. Олай болса, кейінгі ұрпақ та осы сара жолды таңдауы керек, – дейді ол.

Ал бұл Заң жобасының кей баптарын құптайтындар да жоқ емес. Мәселен, талдықорғандық көпбалалы ана Айнұр Тұрсынбайқызы «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң жалпы керек деп есептейді.

– Әрбір баланы қатыгез анадан, тасбауыр әкеден, педофил өгей әкеден немесе туыстан мемлекет қорғауы керек. Мұндай қылмыс орын алса, қылмыскер бірінші Заң алдында жауап беруге міндетті. Бірақ салт-дәстүріміз бен қазақи құндылықтарды өзімізге қарсы қоймаса деген тілек бар. Әрбір шығарылатын Заң ұлттық құндылықтармен үндесіп жатса, осы тұрғыда халық қалаулылары халықпен санасып, бұқарамен кері байланыс орнатса, халықтың наразылығын туғызбас еді, – деген пікірімен бөлісті.

Бүгін баласына қабақ шытып, ескерту жасағаны үшін ата-анасына шағымданып, арыз жазған бала ертең Заң арқылы жарық дүние сыйлаған анаға, асырап-баққан әкеге қарсы шығып, Қарттар үйінің санын артқызбасына кім кепіл?! Сондықтан, ертең бармақ тістеп, өкініп қалмас үшін бала тәрбиесі, отбасылық құндылық жайлы терең ойланғанымыз жөн.

Қуантарлығы, қазіргі таңда аталған Заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті кері қайтарып алу туралы шешім шығарды. Алдағы уақытта Заң жобасы қайта қаралып, көптің көкейіндегі мәселелер назарға алынатыны анық. Қазірше Заң жобасы күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті бұл мәселе төңірегінде: «Заң жобасы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бұл орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануы тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау», – деген еді.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

«Мекенжай» сөзінің эвроюциясы

«Мекенжай» сөзінің эвроюциясы

29.03.2026
Сәннің соңында саулық қалып қоймасын

Сәннің соңында саулық қалып қоймасын

29.03.2026
Likke тәуелді  сана

Likke тәуелді сана

29.03.2026
Адалдық – адамдық белгісі

Адалдық – адамдық белгісі

29.03.2026
Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

29.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.