Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

МИНИСТР НАЗАРЫНА: ЕҢБЕККЕ БАУЛУ ПӘНІ ҚАЙДА?

19.03.2019
ҰЛТ ҰЯТЫ
МИНИСТР НАЗАРЫНА: ЕҢБЕККЕ БАУЛУ ПӘНІ ҚАЙДА?
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл сайын елімізде жүз мыңнан астам түлек мектеп бітіреді. Алайда, олардың барлығы жоғары оқу орнына түсіп, мамандық ала алмайды. Тіпті, мамандық алғандардың өзі бірден жұмысқа қабылдануы екіталай. Себебі – тәжірибе жоқ. Мәселен, былтыр елімізде мектеп бітірушілердің саны 147 мыңнан асқан. Солардың ішіндегі университетке түсе алмаған жастар қазір немен айналысып жүр? Жалпы, оларды үлкен өмірге дайындайтын мектептердің ахуалы қандай?

 

Он шақты жылдың жүзі болды, облысқа қарасты шалғай аудандағы мектептермен тығыз жұмыс істеп келе жатырмыз. Жақсы оқитын оқушыларға өз қалтамыздан немесе ауылдағы кәсіпкерлерді ұйымдастырып, шәкіртақы береміз. Мұндағы ойымыз, оқушылардың білімге деген ынтасын одан әрі ұштай түсу ғой.

Осылайша қоян-қолтық араласа жүріп ұққанымыз – әр мектептен мықтағанда 25-30 пайыз ғана оқушы жоғары оқу орны немесе колледждерге түседі екен. Олардың жоғары оқу орнын бітірген соң қаншасы жұмыспен қамтылатыны бір құдайға аян. Әзірге білетініміз, әйтеуір 4-5 жыл көлемінде студент атанып білім алып жатқандығы ғана. Ал жаңағы оқуға түспей қалған 70 пайыз оқушы қайтпек? Оқуға түспей қалғанына оларды кінәлауға болмайды. Өйткені адамның бәрі қабілетті, дарынды болып туа беремейтіні ақиқат. Олар да бақтарын сынап, қалаға ағылады да басым көпшілігінің атқаратын жұмыстары күзетші, таксист, құрылысшы және өзге де қара жұмысшылар. Ал мұндай жұмыс істегісі келмейтіндер қылмыс жасап, түрмеге тоғытылып, темір торда отырушылардың қатарын көбейтуде. Бәрі өзіміздің қаракөз іні- қарындастарымыз. Намысың келе ме? Келеді, әрине! Және бұл жыл сайын тоқтамай үздіксіз қайталанып отыратын жағдай. «Олар неге ауылда қалып жұмыс істемейді» дегенге келсек, ең масқарасы ауылда туып өссе де көбісі ауылшаруашылығының қыр-сырын білмейді. Неге? Өйткені мектептерде баяғы кеңес үкіметі кезіндегідей ауылшаруашылығына бейімдеп, тәлім беретін еңбек кабинеттері мүлдем жоқтың қасы. Баяғы «хан талапай» жекешелендіру кезінде тоналған, болмаса ескірген, істен шыққан. Бұрынғы еңбек сабағының орнына қазір технология деген пән өтеді екен. Жол түскенде барып көрсек ұлдар бисер тоқып, кесте тігіп отыр. Масқара емес пе?!

Мұғалімді де кінәлай алмайсың. Пәндік құрылғылар болмаған соң қайтеді енді. Амалсыз бірдеңе үйрету керек. Нәтижиесінде сабаққа да қыры жоқ, шаруаның да жөнін білмейтін, жаңа технологияның исі мұрнына бармайтын болашақ күзетші, таксист, құрылысшы немесе қылмескерлер пайда болуда. Санаға түскен салмақты сауалдың бірі – бұл мәселенің түйіні қайтсе шешілмек? Менің өз ұсынысым – Үкімет тез арада мына шараларды қолға алу керек.

Бірінші, еліміздегі мектептердің барлық еңбек кабинеттері тез арада ұлдарға бөлек, қыздарға бөлек және екі-екі кабинеттен жабдықталуы тиіс. Ұлдарға ағаш және темір өңдейтін станоктармен еркін жұмыс істей алатын мүмкіндік жасалсын. Нәтежиесінде ұлдар жағы жоқ дегенде жиһаз жасап сата алады, одан мықтылары болашақ инженерлер және конструкторлар болып шығады.

Қыздардың еңбек кабинеттері тігіншілік пен тамақ жасауды үйрететін асхана кабинеті болып жабдықталса. Болашақ дизайнерлер мен тігіншілер мектеп қабырғасынан ақ қалыптаса бастауы тиіс. Ұл мен қыз мектеп жасынан омындай отбасына өте қажетті дүниені үйреніп шықса, қазіргі қоғамдағы ажырасу деп аталатын қорқынышты дерттің белгілі бір дәрежеде алдын алып, пайызын азайтады.

Екіншіден, ауылдық жерлердегі мектептерде агротехника пәні өз дәрежесінде жүргізіліп, оқу тәжірибелік алаңы түгелдей жаңартылуы қажет. Сонда ғана мектеп қабырғасынан-ақ болашақ шаруа қожалығының иелерін дайындауға болады.

Үшіншіден, барлық мектептерде «Робототехника және жаңа технология» сыныбы ашылуы тиіс. Жаңа технологиядан қалу деген өмірдің ағысына ілесе алмау деген сөз. Жапония сияқты жаңа технологиямен-ақ әлемді мойындатуға болады. Оған біздің оқушылардың қабілеті мен қарымы еркін жетеді. Тек бала күнінен баули білу керек.

Меніңше мектеп саласындағы осы үш бағыт қарқынды түрде жүргізілсе, еліміздегі жұмыссыздық пен қылмыстың, ажырасудың деңгейін азайтып қана қоймай, экономикалық өрлеудің іргетасы болып қаланатынына кеңінен жол ашылар еді.

Жәнібек ӘЛІКЕН,
«
Ұлағатты ұрпақ» қорының төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Әке беделі неге төмендеді?

Әке беделі неге төмендеді?

02.02.2026
Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

02.02.2026
Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

02.02.2026
Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026
Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.