Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

МОБИЛЬДІ ТЕЛЕФОН МИ ІСІГІНЕ ШАЛДЫҚТЫРУЫ МҮМКІН

04.02.2019
ҰЛТ ҰЯТЫ
МОБИЛЬДІ ТЕЛЕФОН МИ ІСІГІНЕ ШАЛДЫҚТЫРУЫ МҮМКІН
WhatsAppTelegramFacebook

Редакциямызға орта бойлы, жас шамасы отыздан асқан жігіт ағасы келді. Қолына қыса ұстаған қара портьфелі бар. Бір келеңсіздік көкейіне батса керек, бізге кеңес іздей бас сұғыпты. Орайы келсе мақаламызға арқау болар маңызды мәселе екеніне де сенімді. Әңгімесінің ауанына қарап, ұстаз екенін бірден шырамыттық. Жағдайын айтып, жөпелдемеде қайта жолға шықпақшы. Өзі тілін бұрмалаған тілазар шәкірттерінің қылығына қатты наразы. Ұялы телефонның арбауына түскен қоғамның әнтек әрекетіне қалай тосқауыл боларын білмей дал. Көңілдегі дертімен бөліспекке келіпті редакцияға.

– Қалаға қалай ағылса да өз еріктері. Тек ауылдағы ата-аналары үкілеп жіберген соң, бір нәрсеге ұрынып қалмаса екен дейміз. Әйтеуір бізді тыңдауға құлықсыз. «Пәлсапа ішті пыстырады» дейді. Есіл-дерттері — әлеуметтік желі. Сондағы маңызсыз, мағынасыз ақпараттарға қанығып алады да, жаңалық ашқан жандай бізбен жарыса сөйлейді. Айтатындары — әншілердің ұрысы, киген-киімі, ішкен тамағы, қоғамдағы шимай-шатпақ. Соларды сөз етіп отырады. Ұялы телефондарынсыз ұйқы жоқ. Көздерін бір босатсашы. Қаншама рет имандылық, тәрбие хақында үлкен шаралар өткіздік. Ұлт жанашырларымен ұлағатты кездесулер ұйымдастырдық. Бәрі нәтижесіз. Бәрі де ақпа құлақ. «Ағай, ұялы телефоннан-ақ ұғып аламыз», — дейді шімірікпей. Әбден санасы уланған. Коледжімізде оқитындардың көбі ауылдың қара домалақтары. Қала мәдениетіне тым қатты еліктей ме, әйтеуір оқуға келгенде орашолақ. Үйге барсаң ол, есіктен кіре бергенде балаң ұялы телефонымды сұрайды. Телефонға шырмалған бұлардың ақылын кіргізер амал бар ма? – дейді ұстаз кісі көңілі су сепкендей басылып.

Әлгі жерде әңгімесін естіп әрі-сәрі болдық та қалдық. Бұл бізді де бұрыннан мазалап жүрген сауал еді негізі. Сөзбен өз-өзімізді сабырға шақырып, бәрі оңалар деген ниетпен артын жылы жауып қоя салатынбыз. Әйтсе де желігі басылмаған кейбір жастың қылығы тіптен шектен шығып бара жатқанын естіп, көңілімізге көлеңке ұялайтыны бар. Заманның ығына жығылған қазіргі жастардың ақылға томпақ қағидасы жанына батады. Батпай қайтсін, қазақтың баласы бұлай бұзылса, ертең ел болып жарытпасымыз кәдік. Соны уайымдаймыз.

Ұстаз сөзінің жаны бар. Үйге барғанда алдымен баланың сұрайтыны — қалтаңдағы телефон. Содан медет табады. Жұмыстан шаршап келген әке-шеше тыныштығы үшін телефонын береді. Бермей көрсін, сол жерде ұрыс басталсын. Ары қарай шаруасы жоқ. Бала ойын ойнай ма, желіге кіре ме, өз еркі. Сананы билеген ғаламтордың жақсылығынан жамандығы басым. Бұл шүбәсіз шындық. Кез келген адамды ойға шолақ, сезімге сараң ететін күшке ие. Енді қалыптасып келе жатқан жасөспірімді бағытынан адастыруы да ықтимал. Ұялы телефонға аса құмарлық — үлкен індет. Ал індеттің індеп келе жатқандығы айтпаса да белгілі. Оған қарсы тұрар бөгесін қайсы!? Кім бағдаршам болмақ!?

Шыны керек, бүгінде сәбиі жыласа, телефонына жүгінетін әке-шеше қаптады. Содан да болар, бала біткен емізік емес, экран іздейді. Бұл әрбір жас отбасының үйінде болатын оқиға. Оны жоққа шығара алмаймыз. Құлынының көз жасын көргісі келмегендіктен, экраны табақтай телефонды амалсыз қолына ұстатады. Ал оның зияның аңғармайды да. Осы турасында америкалық білгіштер мынандай құнды ақпар береді: алдымен адамның есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті бәсеңдейді. Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді. Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық, жүйкесі тез құриды. Ал ұялы телефонға көп телмірген балалардың жүйкесі жұқарып, депрессияға ұрынуы жиілейтін көрінеді.

Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер береді. Әсіресе, жастар күндіз-түні «соткаға» жабысып, қолдарынан тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті, мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі.

Ғалымдар сұмдық сорақы жайттарды анықтап отыр. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздыратын көрінеді. Мұның бәрі ешқандай қоспасыз, мөрмен басылған мағлұматтар. Сенбеу, сенуіңіз өз құзырыңызда. Тек балаңыздың болашағына алаңдасаңыз қазірден бастап қамданғаныңыз жөн. Әйтпесе бәрі кеш болуы мүмкін.

Иә, бәрі де ұстаздың әңгімесінен басталып жатыр ғой. Бұл бүгінге барлық мұғалімнің ішінде қыз-қыз қайнаған шер. Шәкіртіне барынша дұрыс жол көрсетсе де, жаңа заман бәрібір өз дегенін жасап бағуда. Енді ұстаз қауымы телмірткен технологияның теріс жағымен күресіп әлек. Бұл жерде біз технология саласын тезге салып отырған жоқпыз, тек адамзаттың рухани кейпі қалыс қалып бара жатқанына налимыз. Қашанда ақиқатқа тура қарағанымыз жөн.

Хош. Біз редакцияға келген мұғалімнің жанарынан мейірім көрдік. Сол шексіз мейірім болашаққа деген сеніміне сәуле түсіріп тұрғандай. Ал ақыл айтуға келгенде дана Абайға жүгіндік. Хакімнің он бесінші Қара сөзі ойымызға оралды. «Әуелі пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен-дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен. Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен-дағы, күнінде өкінгені пайда болмайды екен», – дейді данышпан. Абай атамыздан асырып айта алмаспыз. Тек, Алла Тағала есер кісіге күнімізді түсірмесін дейміз.

Мұхтар КҮМІСБЕК,

«Жетісу»

Қатысты жаңалықтар

Талғам таразысындағы зілмуыр туындылар   

Талғам таразысындағы зілмуыр туындылар  

03.02.2026
Әке беделі неге төмендеді?

Әке беделі неге төмендеді?

02.02.2026
Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

02.02.2026
Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

02.02.2026
Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.