Талдықорған: +12°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

МҰҚТАЖДАРҒА БЕРІЛГЕН ПӘТЕР «СУТОЧНЫЙҒА» АЙНАЛҒАН: ӘКІМДІК НЕ ДЕЙДІ?

22.10.2020
ҰЛТ ҰЯТЫ
МҰҚТАЖДАРҒА БЕРІЛГЕН ПӘТЕР "СУТОЧНЫЙҒА" АЙНАЛҒАН: ӘКІМДІК НЕ ДЕЙДІ?
WhatsAppTelegramFacebook

Instagram әлеуметтік желісіндегі kaskelen.kz паблигінде пост жарияланып, онда 2010 жылы салынған тұрғын үй ғимаратындағы пәтерлер жалға беріліп жатқандығы ашық айтылған. Автордың айтуынша, мұқтаж әрі баспанасы жоқ жандарға жеңілдікпен берілген бұл пәтерлерді жалдау үшін тәулігіне 8 мың теңге төлейсіз.

«Бұл «Алтын ауыл» ықшам ауданында орналасқан 19-үй. Мұнда жалпы 64 пәтер бар. Әкімдік берген мәлімет бойынша, көпқабатты үй 2010 жылы салынып, 2011 жылы қолданысқа берілген. Пәтерлер Қарасай аудандық тұрғын үй комиссиясының 2011 жылғы 18 ақпандағы №24 шешімімен мүгедектерге, жетім балаларға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, сондай-ақ, зейнеткерлерге таратылған. Аталған азаматтармен жалдау немесе жалға беру туралы келісім-шарт жасалған, яғни, бұл пәтерлер жекеменшікке өтпеген. Әкімдік пен тұрғындар арасындағы жалға беру туралы келісімшартта аталған пәтерлерді жекешелендіруге болады немесе болмайды деген талап көрсетілмеген. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, бұл пәтерлер үйсіз жүрген, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға берілген. Демек, мұнда баспанаға шынайы мұқтаж жандар тұрады. Алайда біз мына жайтты байқадық. krysha.kz сайтында дәл осы 19-үйден бір бөлмелі пәтер тәулігіне 8 мың теңгеге жалға беріледі екен. Сонда баспанаға мұқтажбыз деп пәтер алғандар неге өз пәтерін қайта жалға беруде? Тұрғын үй комиссиясы оларды неге тексермейді? Осы пәтер арқылы біреулер бизнес жасап жүргенде, шынымен баспанаға мұқтаж жандар далада жүрген шығар?! Бұл бір ғана мысал. Осы жайтты тиісті органдар назарға алып, нәтиже шығарады деген үміттеміз», — делінген аталған паблик постында.

Желіде шыққан материал бойынша пәтерді жалға беруші адамға қоңырау шалынып, «суточныйдың» бағасы сұралады. Телефонның ар жағынан пәтердің тәуліктік ақысы 8 мың теңге екені, сонымен бірге, іссапар құжаттарын да рәсімдеуге болатыны айтылады.

Бұл жайтқа uzyn.kz сайты да назар аударып, Қарасай ауданы әкімдігі тарапынан жауап берілгенін жариялады. «Бұл жарияланымға қатысты ауданда жергілікті атқарушы органдар, «Нұр Отан» партиясы және БАҚ өкілдерінен құралған комиссия құрылып, жақын арада «Алтын ауыл» ықшамауданындағы 19-ншы үй бойынша тексеру жүргізілетін болады. Нақты жауап тексеруден кейін беріледі», — делінген әкімдік хабарламасында.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Цифрландыру жылы: Жетісуда болашақ технологиясы тақырыбы талқыланды

Цифрландыру жылы: Жетісуда болашақ технологиясы тақырыбы талқыланды

30.03.2026
«EcoFuture: таза идеялар мен жасыл шешімдер аумағы» экологиялық фестивалі өтті

«EcoFuture: таза идеялар мен жасыл шешімдер аумағы» экологиялық фестивалі өтті

30.03.2026
«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

30.03.2026
Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

30.03.2026
Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

30.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.