Талдықорған: +13°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

ҚҰНАНБАЙҒА МҰҚТАЖ ҚОҒАМ НЕМЕСЕ АЗҒЫНҒА АТУ ЖАЗАСЫ ДА АЗДЫҚ ЕТЕДІ

05.12.2020
ҰЛТ ҰЯТЫ
ҚҰНАНБАЙҒА МҰҚТАЖ ҚОҒАМ НЕМЕСЕ АЗҒЫНҒА АТУ ЖАЗАСЫ ДА АЗДЫҚ ЕТЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

БАЛА – өмір жалғасы. Перзент үшін ата-ана қолдан келгенше бар жақсыны істейді. «Баламның табанына кірген тікен, менің маңдайыма кірсін» деген ата-ана бала көңіліне ешқашанда кірбің ұялатпаған. Бұл кешегі әке-шешенің берік ұстанымы еді. Ал бүгінгілердің арасында баланың көңіліне емес, жүрегіне ешқашанда жазылмайтын жара салып жүргендер жиі кездесіп жүр. Әсіресе, туған перзентіне көз салған қанішер әкелердің опасыз әрекеті жүрекке біраз салмақ түсіреді. Ең сорақысы, облыс бойынша осы уақытқа дейін кәмелетке толмағандардың жынысына қол сұққан 84 қылмыс дерегі тіркелген. Олардың 1 дерегі жасөспірімнің атасымен, 3-еуі ағаларымен, 7 қылмыс ТУҒАН ӘКЕЛЕРІМЕН, 2-еуі өгей әкелерімен, 1-і көршісімен, қалған 70 қылмыс басқа тұлғалармен жасалған. Бұл жалпақ жұртқа жар салып айтатын жаңалық емес. Алайда қазақ қоғамында болып жатқан жаға ұстатарлық жағдайдың алдын алу үшін үнсіз отыра алмадық.

Нәпсіқұмарлық, зинақорлық деген сөздің өзін естігенде денеңіз тітіркеніп, жан дүниеңіз алай-дүлей күй кешері анық. Әдетте, бұрындары мұндай іске өзгені кінәлап жататын қоғам бүгін туғандарын кінәлауға еті үйренді. Бүгін әкенің туған қызына сөз салуынан, атасының қаршадай немересіне қызығуынан, ағаның қарлығаштай қарындасқа жақындауынан болған қасіретті жағдайдың күн санап артып жатқаны көңілге көлеңке ұялатады.

Кешегінің аға сұлтаны Құнанбай нәпсіқұмарлыққа қарсы қандай үкім шығарған еді? Қайын ата мен қаралы келін арасындағы қатынасқа жасалған үкімді бәріміз де жақсы білеміз. Бұл сол заманғы шариғат жолымен кесілген әділ жаза еді. Зинақорларға ең лайықты жаза осы ма дерсіз. Бірақ бүгінгі біздің солқылдақ заң зинақордың өзін ақтап, жәбірленушіні даттап қоюға әуес. Соның кесірінен, нәпсі үшін намыстан, ар-ұяттан безгендер қызы, немересі, қарындасы, туысы деп ешкімді бөліп-жармай айуандық іске барып жүр.

Мұндай оқиғалар кейінгі уақытта тым көп болып кетті. Теледидарға үңіле қалсаңыз, баспасөзге көз жүгіртсеңіз, қанішерлер жайлы жазылған ақпараттан көз сүрінеді. Кейін «Құдай сақтасын» деп жалғастырып көруге де ет үйренді. Қалай десек те, туған перзентіне хайуандық әрекет жасаған әкеден отбасына, бала-шағасына, тіпті, қоғамға қандай пайда бар? Дамыған мемлекетпіз, зайырлы қоғамбыз, дамыған отыз мемлекетпен тереземіз теңеліп, керегеміз кеңейеді дегенде алдымызға жан салмаймыз. Батыстың қаңсығын таңсық қылғанда жеткен жетістігіміз осы болды. Отанның өзі отбасыдан құралатын болса, шағын ғана шаңырақта болған жайтқа мемлекет те жауапты болуы керек емес пе? Сонша азғындалып, қитұрқы әрекетке баратындай намыс, ар-ұяттан біржола арылғанымыз қалай? Қылмыскерге берілген жеңіл жазаны ауырлататын бүгінгі қоғамға бір Құнанбай жетіспей тұрғандай.

Құр сөзбен отбасы, тәрбие, білім жайлы айтып алты ай отыратын уақыт өткен секілді. Кешегі сөз қадірін өз қадірім деп түсінетін, бір сөзге тоқтайтын адам саны кеміді. Мүмкін, сөзге бағынбайтын азғындар үшін қатал заң бекіту керек. Егер қылмысына қарай жазасын алатын болса, ондай жазаны көрген, естіген екінші адам ол қадамға бармауы мүмкін. Халық ақыры ар алдындағы тазалығымен өмір сүре алмаса, Заңнан қорқып күн кешуі тиіс. Жоғарыда келтірілген дерек тек 9 айда облыста ғана тіркелген. Ал енді өзіңіз де бағамдаңыз. Дәл осындай қаншама облыс бар. Әр өңірден осындай қылмыс тіркелсе, елдегі жағдайды бағамдай беріңіз. Ал егер: «Құдай бетін ары қылсын. Өзімен кетсін, бізге жетпесін» деп жайбарақат жүрсек, қоғамда береке де, бірлік те болмайтыны анық.

Медет ҚҰНАНБАЕВ,

полиция полковнигі,

Алматы облысы ювеналды полиция бөлімінің бастығы:

– Кәмелетке толмағандарға жыныстық қол сұғатын 84 қылмыс дерегі орын алып, олардың деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда 9,6% төмендеді (2019ж.- 93). Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғатын қылмыстарды жасаған тұлғаларға келетін болсақ, олардың 1 дерегі жасөспірімнің атасымен, 3 ағаларымен, 7 туған әкелерімен, 2 өгей әкелерімен, 1 көршісімен және 70 басқа тұлғалармен жасалған. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын сексуалдық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлерімен ағымдағы жылы, төтенше жағдай және карантин режимдері енгізілмей тұрып, мектептерде 851 жасырын сауалнама өткізіліп, денсаулық сақтау органдарымен жасөспірімдердің жүкті болуларын анықтауға бағытталған 180 салыстыру актілері жасалды (жасөспірімдердің жүкті болу 273 дерегі анықталып, 37 дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды). Жасөспірімдерге қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында полиция департаментінің қалалық, аудандық бөлімдерімен ұдайы негізде рейдтік шаралар өткізіліп, құқықбұзушыларға заңда көзделген шаралар қабылдануда.

Енді қараңызшы, осындай айуандық әрекетке АСҚАР ТАУҒА теңеген ӘКЕЛЕР не себепті барып жатыр? Қыз қонақ деп төрден орын ұсынып, бар жақсы мен тәттіні аузына тосқан қызғалдақ ғұмырды бір-ақ сәттік ләззат үшін күл-талқан етуге не себеп? Әлде бұл ауру ма? Осы сұрақтарға жауап алу үшін психолог Бақытгүл Бауыржанқызымен тілдестік. Маманның айтуынша, мұндай қастандық әрекетке барған адам психикалық ауру.

– Адам психологиясы өте терең білім. Қазір дамыған елдер психологтің көмегіне көп жүгінеді. Ал бізде керісінше. Көбіне «Ұят боладыға» салып, істі жылы жауып қоя саламыз. Ал ол қайта қайталанбасына ешкім кепіл бола алмайды. Әсіресе, туған қызына айуандық әрекет жасаған имансыз адамның әрекеті ешқашан кешірілмейді. Жас баланың денесіне қызығушылығы артып, арам ойын іске асырғандар заң жүзінде қатаң жазалануы тиіс. Құлпырып өсіп келе жатқан қызғалдақ ғұмырды бір-ақ сәтте үзіп, бес минуттық нәпсіге еріп, адам жанына мәңгі жара салып, ары қарай түк болмағандай бір шаңырақ астында өмір сүру дегеніңіз жәбір көрген қыз бала үшін өте ауыр жағдай. Отбасында орын алған мұндай іске ана да кінәлі. Себебі, қыз тәрбиелеп отырған ана оның әр қадамын, әр сәтін назарда ұстауы тиіс. Ана мен қыздың арасында үлкен байланыс болуы тиіс. Қыз бала бар сырын өзгеге емес, шешесіне айтып үйренуі тиіс. Ол үшін тағы да ана жұмыс істеуі керек. Ал бізде «болар іс болып, бояуы сіңген соң» ғана әрекет етеміз. Қысқасы, қыз баланың тағдырына бейжай қарамайықшы, – дейді психолог.

Тентегін тезге салған ақсақалдар мен әжелер мектебінен қол үзгелі ұлттық салт-дәстүрден бірнеше шақырым ұзап кеткенімізді мойындауымыз керек. Бұлай десек бүгінгінің жастары: «Ол өткен ғасырда қалған дүние. Қазір бәрі басқаша болуы керек. Заман басқа. Кешегімен емес, бүгінмен өмір сүру керек» деп білгішсінеді. Жаңаны көрдік. Заманауи болдық, ал нәтижесі қандай? Заман өзгерген жоқ, адам өзгерді. Кешегінің текті кісісінің рухы биік, намысы берік болған.

Ал бүгін бәрі басқаша. Әлеуметтік жағдай жақсарды, экономика дамыды, бірақ ұлттық құндылық, ұлттық тәрбие дегеніңіз көшкен көштей бізден ұзап кете барды. Егер бүгініміз бұлыңғыр болса, ертеңгі күніміз жарқын болмасы ақиқат. Дәл осы жолмен жүре беретін болсақ, отбасылық құндылық ыдырап, береке судай ағып, өмірдің еш мәні де қалмайды. Егер отбасында береке, бірлік, ынтымақ, сыйластық орын алмаса Отанның да бірлігі болмайды. Сол үшін бала тәрбиесіне асқан жауапкершілікпен көңіл бөлуді ұмытпайық. Бала – отбасының ғана емес, Отанның да алтын қазынасы, мұрасы.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Цифрландыру жылы: Жетісуда болашақ технологиясы тақырыбы талқыланды

Цифрландыру жылы: Жетісуда болашақ технологиясы тақырыбы талқыланды

30.03.2026
«EcoFuture: таза идеялар мен жасыл шешімдер аумағы» экологиялық фестивалі өтті

«EcoFuture: таза идеялар мен жасыл шешімдер аумағы» экологиялық фестивалі өтті

30.03.2026
«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

«Қалдықсыз өмір: кіші қадамдар – үлкен өзгерістер» атты экологиялық акция және ақпараттық эко-науқан өткізілді

30.03.2026
Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде

30.03.2026
Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

Бірінші тоқсан қорытындысы. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш есе төмендеді

30.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.