Талдықорған: -0°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

«НАУҚАНДЫҚ ШАРА ЕМЕС»: ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС 2020 ЖЫЛЫ ДА ЖАЛҒАСАДЫ

30.12.2019
ҰЛТ ҰЯТЫ
"НАУҚАНДЫҚ ШАРА ЕМЕС": ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС 2020 ЖЫЛЫ ДА ЖАЛҒАСАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Еңбекшіқазақ аудандық жастар ресурстық орталығы 2019 жылды жемісті аяқтап отыр. Өйткені, аталған орталық облыс әкімінің «Көшбасшы – 2019» байқауында үздіктердің қатарынан көрінді. Жеңістің оңай келмейтіні белгілі. Бәрі ізденіс пен еңбектің нәтижесі. Осы орайда аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айбек ІЛЕБАЕВҚА жолығып, сұхбаттасқан едік.

— Айбек, жеңіс құтты болсын! «Аудандық жастар ресурстық орталығының үздік маманы» аталымы бойынша дара шыққаның баршаны сүйіндірді. Орталықтың өнеге болар іс-тәжірибесінен нені ерекшелеп атар едіңіз?

— Қоғам да, адам да ұрпағымен мәңгілік. Бұл қағида тәуелсіздіктің талаптарына сай дамуы керек. Мемлекетіміздің жастар саясатына зор мән беріп отырғаны сондықтан. Жастармен жұмыс – науқандық шара емес, үнемі толығып, жетілетін тоқтаусыз үдеріс. Осы мақсатқа негіздеп кешенді жұмыстарды жүргізу үшін қолда бар мүмкіндіктердің бәрін пайдаландық. Жеткен жеңістеріміз аудан жастарын жігерлендіріп отыр.

Бұл жерде аудан басшылары бізге үнемі қолдау көрсетіп келе жатқанын атап айтуымыз керек. Сондай-ақ, округ әкімдіктерімен де тығыз байланыстамыз. Соның арқасында сан алуан игілікті істер ұйымдастырылды. Оған жастар көптеп қатысты. Қоғамдық белсенділіктерін арттырды. Пікірлерін дұрыс тиянақтап, ізгілікті көзқарастарын қалыптастырды. Осы арқылы жаңа қоғамның жаңа адамын тәрбиелеуге жастар орталығы өзіндік үлесін қосты деуге толық негіз бар.

Жастар орталығында өзімнен басқа бес маман бар. Әріптестерімнің іскерлігі сүйіндіреді. Мәселен, Мәди Бердібаев, Айжан Әбіт, Айдана Ақжолдар ауылдық округтегі нұсқаушылармен біріге отырып көптеген жұмыс тындырды. Уақыт талаптарынан туындаған өзекті жайларды ескерусіз қалдырмады. Бәрін жастардың пайдасына шешу үшін күш-жігерлерін аямады. Арайлым Бақберген әлеуметтік желіге жауапты болды. Жастар тарапынан қандай мәселелер күн тәртібіне шығуға тиісті, соның мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырды. Ал Әйгерім Дәулетқызы болса білікті психолог. Бәріміз бір жеңнен қол шығарып, кешенді жұмыстарды өзара үйлестіріп, ойдағыдай атқардық.

— Бәрекелді! Енді сол атқарылған істердің бірқатарына тоқтала кетсеңіз.

— Аудандағы жастардың жалпы саны 65781 адамды құрайды. Бұл – үлкен күш. Сонымен қатар, олармен бірігіп күнделікті жұмыс атқару оңай емес. Жыл басынан бері түрлі мазмұндағы 104 шара жастарға арналып ұйымдастырылды. Оны спорттық бағытта, мәдени бағытта, жиындар мен кездесулер, акциялар мен форумдар деп сала-салаға жіктеуге болады. Сол сияқты аталған шаралардың ішкі сапалық мазмұнына барынша көңіл бөлінді.

Қаракемерде «Айбын» әскери-патриоттық ойыны тұрақты өткізіліп келеді. Осы арқылы жастарды ел қорғау ісіне баулимыз. Аудан өңірінде 20 футбол командасы бар. Бұл да үлкен жетістігіміздің бірі. Жастарды ойлауға, сөйлеуге, тапқырлыққа үйрететін «Жайдарман» ойын-сауық жарысы да жалғасын тауып келеді. Мұхтар Қожатаев, Жасұлан Сейдәлімов секілді өнерпаздар жарыстың жоғары лигасына жолдама алды. Олардың келешегінен зор үміт күтеміз.

— Жас кадрлар мен жас кәсіпкерлерді қолдауға орталық қандай үлес қосып жатыр?

— Әрқашан жастармен жарасымды диалог орнатамыз. Оларға мемлекеттік саясаттың мәні мен маңызын түсіндіріп отырамыз. Мәселен, «Жас кәсіпкер», «Серпін» бағдарламасына қалай қатысу керек екенін замандастарымызға жан-жақты хабардар еттік. Соның нәтижесінде 13 адам өзінің іс-тәжірибесін шыңдады. 14 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.

Ауданымызда жастардан құралған 250 ерікті бар. Солардың қатысуымен жағдайлары төмен 50 балаға тиісті қамқорлық көрсетілді. Үш отбасы тұрғын үйге қол жеткізді. Ауданнан шыққан белгілі азаматтармен, өнер саңлақтарымен, спорт шеберлерімен қызықты кездесу өткізуді дәстүрге айналдырдық. Мұндай шаралар жастарға үлкен әсер береді.

Аудандық Мәдениет үйінен жастар ісіне арналып бес кабинет жасақталды. Мұнда тіпті интернет-кітапханалар жұмыс істейді. Аудандық әкімдікте үш кабинетіміз тағы бар. Облыс әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасы бойынша алдағы уақытта Есік қаласында жастар ғимараты салынбақшы. Оның құжаттары дайындалды. Енді тек құрылыстың басталуын күтіп отырмыз. Сол сияқты Көктөбе ауылында жастарға тиесілі алма бақ жайқалып келеді. Табиғатты аялау, оның айналасын күл-қоқыстан тазартуды да ешқашан назардан тыс қалдырған емеспіз. Ең бастысы, жастардың жақсы жолды таңдауға құлшынғаны бізді қуандырады. Жаңа жыл жаңа армандарға жол ашады.

— Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен — Болат МӘЖИТ

Еңбекшіқазақ ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

03.02.2026
Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

03.02.2026
АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.