Талдықорған: +2°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

НЕСИЕ ҰЙЫМЫНА АЛДАНЫП ҚАЛҒАН ТҰРҒЫНДАР НАРАЗЫЛЫҚҚА ШЫҚТЫ

10.03.2021
ҰЛТ ҰЯТЫ
НЕСИЕ ҰЙЫМЫНА АЛДАНЫП ҚАЛҒАН ТҰРҒЫНДАР НАРАЗЫЛЫҚҚА ШЫҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

2019 жылдың қазан айынан Алакөл ауданында «Несие қазына» атты төмен пайызбен несие алып береміз деген мекеме өз жұмысын бастаған болатын. Бастапқыда қажетті құжаттарын көрсетіп, заң аясында жұмыс істейміз деген орталықтың ісінен дау шықты. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Бүгін аталған мекемеге қаржы құйып, ақыр соңында сан соғып қалған отызға жуық тұрғын Алакөл аудандық полиция бөлімінің алдына жиналды. «Несие қазына» берген құшақ-құшақ қағаздарын арқалап, арыздануға келген жұрт бұл іс былтырдан бері бір орнынан қозғалмады деп шағымдануда.

— Желтоқсан айында «Несие қазына» мекемесінің үстінен алғашқы арыз түсті. Біздің тараптан тиісті жұмыстар атқарылып, шағымдар облысқа жіберілген болатын. Қазіргі таңда отыздан астам адамның арызы қабылданған. Іс тоқтап тұрған жоқ. Мәселенің мән-жайы анықталуда. Бұған әлі уақыт керек, — дейді Алакөл аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Қасен Ақбасов.

Тиісті органдар тарапынан қажетті шаралар қолға алынған. Алайда нәтиже жоқ. Тергеуде жатқан істің созылып кеткеніне жұрт наразы.

— Алты пайыздық өсіммен алты жылға елу миллион теңгеге дейін несие алуға болады дегенді естіп «Несие қазынаға» келдік. Мекеменің талаптарына сәйкес кемінде 300 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін қаражат құю керек болдық. Өз басым 400 мың теңге берген едім. Мекеме қызметкерлері бір аптаның ішінде 4 миллион теңге несие шығарамыз деп сендірді. Міне, сол күннен бастап бір жылдай уақыт өтті. Несиесі құрсын, тым болмағанда өзіміздің ақшаны қайтарсақ жөн еді, — дейді алданып қалғандардың бірі Дүйсен Тортаев.

Жарнаманы жарқырата ілген мекеме бірер аптаның ішінде аз пайызбен несие рәсімдейміз деп 120-ға жуық алакөлдікті алдап соғыпты. Келтірілген залал 52 млн.теңгегінің төңірегінде. Пайызы аз деп пайда іздегендердің барлығы енді құйған ақшаларын да қайтара алмай сабылуда.

— Мекеменің барлық құжаттары дұрыс болғандықтан Эльмира Төлеуева деген кісімен жолығып, келісімге отырдық. Маған арнайы бизнес жоспар ұсынып, осы арқылы несие мәселесін реттейміз деген болатын. Бизнес жоспарға 20 мың және 5 миллион ақша алу үшін 500 мың теңгені соған ұстаттым. Құжаттар түгел дерлік қолымда. Тым болмағанда өз ақшамды қайтарсам деген үміттемін. «Несие Қазына» ЖШС шатаспасам Жұлдыз Боқанова деген кісінің атына тіркелген. Алакөлде Эльмира мен Әсел деген қызметкерлер жауапты болды. Олар бізге несие төлеу уақыты, соммасы көрсетілген қағаздарын, квитанциясына дейін берген, — дейді Айтжамал Жәркімбекова.

2019 жылдың желтоқсанында жайпақтық Роза Тұрсынқызы Алакөл аудандық полиция бөліміне алғашқы болып арыз түсірген. Іс облыстық департаментке жіберіліп, тексеру басталған. Одан кейін тағы да 37 адам шағымданып отыр. Бүгін жиналған азаматтар да кезегімен арызын жазып, бұл мәселенің тезірек шешім табуын күтуде.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ

Алакөл ауданы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақ өнерінің майталманы Балтабай Сейітмамытұлы дүниеден озды

Қазақ өнерінің майталманы Балтабай Сейітмамытұлы дүниеден озды

04.02.2026
Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады

Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады

04.02.2026
Қазақстанда электромобиль зауыты салынады

Қазақстанда электромобиль зауыты салынады

04.02.2026
Жасанды интеллект және өндіріс: Қазақстанның ірі зауыттары қалай цифрландырылуда?

Жасанды интеллект және өндіріс: Қазақстанның ірі зауыттары қалай цифрландырылуда?

04.02.2026
Тіл текетірестің қаруына айналмауы керек – Ермұрат Бапи

Тіл текетірестің қаруына айналмауы керек – Ермұрат Бапи

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.