Талдықорған: +1°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

ОРНЫН БОСАТҚАН БАС ДӘРІГЕР, ДӨРЕКІ СӨЙЛЕГЕН ӘКІМ: ЖАРКЕНТТЕГІ ОҚИҒА

28.04.2021
ҰЛТ ҰЯТЫ
ОРНЫН БОСАТҚАН БАС ДӘРІГЕР, ДӨРЕКІ СӨЙЛЕГЕН ӘКІМ: ЖАРКЕНТТЕГІ ОҚИҒА
WhatsAppTelegramFacebook

Панфилов ауданында соңғы кездері көпшіліктің назарын аударған екі оқиға болды. Оның бірі ана мен бала өлімі болса, екіншісі — әкімдердің жүк көлігі жүргізушілерімен арада өрбіген диалог. Бірінші оқиғаның нүктесі аудандық аурухананың бас дәрігері кенеттен жұмыстан кетуімен қойылса, екінші әкім ісіне қатысты мәселеде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан тексеріс басталғаны айтылды.

Алдымен бас дәрігер Төлеу Сарпековтің өз еркімен жұмыстан кеткенінен бастайық. Бұл мәліметті Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков растады. Басқарма басшысының айтуынша, Т.Сарпековтың жұмыстан кетуіне жақында болған ана мен бала өлімінің қатысы жоқ. «Ана мен бала өліміне байланысты сараптама қорытындысы әлі шыққан жоқ», — деді Ө.Ниязбеков.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі апта бұрын, яғни, сәуір айында Жаркент перзентханасында ана мен бала көз жұмған еді. Жанар Баратова баласын босануға барғанда қан кетіп, бірнеше система салынған. Бірақ әйелдің жағдайы оңалмаған. Ал осыдан 10 ай бұрын ғана дәл осы перзентханаға босануға барған Балнұр есімді келіншек сәбиімен бірге қайтыс болған.

Екінші оқиғада назарға іліккен — Жаркент қаласының әкімі Болат Омаров. Қазіргі таңда оның үстінен қызметтік тексеріс басталды. Тексеріске қала әкімінің жүк көліктері жүргізушілерімен дөрекі сөйлескені көрінген бейнежазба себеп болған. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығындағы Nur joly стансасында екі жүк көлігінің жүргізушісі Әкімшілік кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша қамауға алынған. Шекара аумағында кезекте тұрған 100-ге жуық жүк көлігінің жүргізушісі Панфилов аудандық полиция бөлімінің алдына жиналып, әріптестерін босатуды талап еткен. Әлеуметтік желіде тараған видеодан жиналғандарды тарауға шақыруға келген әкім дөрекі сөйлегені көрінеді.

– Олар заңды бұзғаны үшін ұсталды. Мұнда не істеп тұрсыңдар? Боқтама. Не сығалап тұрсың? Бәле іздеп тұрсың ба сен? Қайтсаңдаршы, не бар мында?, – дейді әкім. Оның бұл сөздеріне жүргізушілер наразылық танытып: «Неге дікілдеп сөйлейсіз, бізді қорқытпаңыз, сізді сізді халық сайлаған жоқ па?» — дейді. Сонда әкім: «Мені сен сайлаған жоқсың», — деп жауап береді. «Еуразия» телеарнасының мәліметінше, оқиға орнында Панфилов ауданының әкімі де жүрген. Даулы мәселеге қатысты Жаркент қаласының әкімі ақпарат құралдарына пікір беріп, жиналғандардың ішінде сырттан келген адамдарын барын, олардың аудан, қала тұрғыны емес екенін алға тартқан. Яғни, әкім «мені сен сайлаған жоқсың» деу себебінің түп-төркіні де осыдан шығады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті аталған факт бойынша Алматы облысы әкімі аппараты басшысының атына қызметтік тексеріс жүргізу туралы хат жолданып, оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатынын жариялады.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

03.02.2026
Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

03.02.2026
АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.