Талдықорған: -0°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

САҚТАНЫҢЫЗ! АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАУДЫҢ НЕБІР СОРАҚЫ ТҮРЛЕРІ ҚАПТАП КЕТТІ

21.04.2021
ҰЛТ ҰЯТЫ
САҚТАНЫҢЫЗ! АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАУДЫҢ НЕБІР СОРАҚЫ ТҮРЛЕРІ ҚАПТАП КЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Оңай олжаға кенеліп, интернет арқылы ақша табатын алаяқтар саны күн сайын артуда. Олар әлеуметтік желі, сату мен сатып алуға арналған мобильді бағдарламаларды оңтайлы пайдаланып, құрған торларына түсіруде. Нәтижесінде, сан соғып жатқан қарапайым халық арыз-шағымын арқалап, құқық қорғау органдарына жүгініп жатыр. Өз тарапынан қызметкерлер қолдан келген көмектерін аянбай, алданып опық жеген жұртқа барынша сақ болуларын ескертуде.

Күні кеше ғана еліміздің Теміртау қаласында орын алған оқиға көпшіліктің жағасын ұстатты. 20 жастағы қыз ғаламтор арқылы жоқ күшіктерді сатып, алты миллион теңге тапқан. Қыздың картасына ақша аударған жәбірленушілердің бірі полицияға хабарласқан соң полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол сайтта асыл тұқымды күшіктің суретін жариялап, арзан бағада сататынын хабарлаған. Адамдар «жалған сатушыға» мобильді қосымша арқылы ақша аударған. Кейін хабарсыз кеткен күдікті осы әдіспен 71 адамды алдап соққан.

Осындай оқиғалар Жетісу жерінде де жиі кездеседі. Айталық, Талдықорған қаласының полиция басқармасына 41 жастағы жәбірленуші бейтаныс азаматтың алдап ақша алғаны туралы шағым түсірді. 3 млн.теңге мөлшерінде залал келтірген Ескелді ауданының 26 жастағы тұрғыны жедел-іздестіру кезінде ұсталды. Бүгінде оған қатысты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осыған ұқсас шағым Жамбыл аудандық полиция басқармасына Қызылорда облысынан түседі. Қызылорда қаласының 33 жастағы тұрғынына қатысты жасалған интернет-алаяқтық фактісі бойынша материал егжей-тегжейлі тексерілді. Құжаттарға сәйкес ол интернет желісі арқылы Ұзынағаш ауылының 32 жастағы тұрғынымен танысқан. Қарым-қатынас барысында ер адам өзінің үлкен басшыларымен байланысы бар екенін айтады. Жаңа танысының белгілі бір құжаттарды алуы керек екенін біліп, көмектесуге уәде береді, ол үшін белгілі бір соманы сұрап, ақша алғаннан кейін қарым-қатынасын тоқтатқан. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ер адам ұсталды. Жауап алу кезінде ол алаяқтықпен айналысқанын мойындап, алған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағандығын айтады. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті келтірілген залалды өтеп, жәбірленушіге 260 000 теңгені қайтарды. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Осындай оқиғалардың жиілеп кетуіне байланысты облыс полицейлері алаяқтардың құрбанына айналмаудың қарапайым ережелерін барынша түсіндіріп бағуда.

– Барша тұрғынды алаяқтарға алданбаудың қарапайым ережелерін сақтауға шақырамын. Атап айтқанда, егер сіз OLX.кz, kolesa.kz және тағы басқа интернет-сайттары арқылы өнімді сатсаңыз, келіп түскен хаттағы сілтемеге өтпеңіз. Сатып алушы аталмыш сілтемені курьерлік қызметті немесе ақша аударымын ресімдеу үшін ұсынса, сенбеңіз, бұл алаяқтар, – деген Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асқар Нұрсапа банк қызметкерлерінің атын жамылып алаяқтық жасайтындардың да барын атап өтті. – Қоңырау шалғандар алдымен сіздің шоттарыңыздағы ақшаны көздейді. Ол үшін банк картасының деректемелерін сұрайтын болса, ештеңе айтпаңыз. Мұндай жағдайда банк қызметкерлері клиенттерге қоңырау шалмайды әрі аударымдарды бақыламайды.

Асқар Серікұлы интернет-сайттарда тауарға тапсырыс беру кезінде ешқандай жағдайда алдын ала төлем жібермеуді ескертеді. Алдымен сатушымен бейнеқоңырау арқылы байланысып, тауардың бар-жоғын анықтап алу қажет. Өнім сіз тұратын жерден алыс болса, онда сол жерде тұратын достарыңыз немесе туыстарыңыздан өнімнің сапасын тексеруді өтініңіз. Егер сатушы тауарды көрсеткісі келмесе, мәміледен бас тартқан жөн. Сонымен қатар, интернет желісінде сауда-саттық пен спорттық ұтыс тігу кезінде  күмәнді операцияларды орындамаған дұрыс.

Ғаламтордағы алаяқтық киберқылмыстың кеңінен таралған түрлеріне айналды. Заман ағымына сай арбаушылар интернет пайдаланушыларды алдаудың неше түрлі тәсілдерін ойлап табуда. Алаяқтың арбауына түспеу үшін банк карточкаңыз бен жеке куәлігіңіздің екі жағының суретін бейтаныс адамдарға жібермеңіз, абоненттік нөміріңізге келіп түскен смс-кодтарды үшінші тұлғаға жолдамаңыз, жеке құжаттарыңызды өзгелерге жібермеңіз, ұйымның шынайылығына көз жеткізіңіз, бейтаныс адамдардың Qiwi әмиянына ақша қаражатын салмаңыз, тауарды сатып алу (сату) кезінде, сондай-ақ, интернет сайттар бойынша ұзақ және қысқа мерзімге пәтерді жалға алу кезінде алдын ала төлем жасауға келіспеңіз.

Кейінгі жылдары осындай қылмыстың артуына веб-сайттар мен әлеуметтік желілердегі жарнамалар септігін тигізуде. Әдетте, алаяқтар тауарды төмен бағамен сатумен, қызметті жылдам ұсынумен ақша табуға маманданған. Ол үшін шотына алдын ала төлем жасауды сұрайды, бұдан бөлек онлайн-несие рәсімдейтін деректер жиілеп кеткен. Қорыта келе айтарымыз, тексерілмеген немесе күмәнді ақпарат көздеріне сенбеңіз. Тексерілмеген тауар үшін алдын ала төлем жүргізбей, тауарды алғаннан кейін барып төлем туралы келісуге тырысыңыз. «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, осындай келеңсіздіктердің алдын алуға күш салыңыз. Сақтық шараларын жақындарыңызбен бөлісіп, олардың да қауіпсіздігін ойлаған дұрыс.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

03.02.2026
Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

03.02.2026
АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.