Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Сөре сөз

05.01.2017
ҰЛТ ҰЯТЫ
Сөре сөз
WhatsAppTelegramFacebook

Қазір жұрт сылдыр сөзден де, айтары айтақыр тайғақ көзден де қашарман күйге түскен. Іш пыстырар тойға  барса да қашып кетуге тырысады, амал нешік, тек бастан-аяқ түгелдеуі таусылмас жиындарда ғана тұсалады. Өзгені қайдам,  өз оқырмандарымыз әбден қанық,  бұл ретте  біз барынша аз сөйлеп, көп тындыруға көше білдік. Ойымызды оймақтай, тіпті ұзын сонар ресми есептерімізді де  қаймақтай күйге ендіруге ден қойдық. Сөз киесін – өз кием деп ұққан журналистеріміздің сол бағыт, сол ұстанымнан ендігі жерде де ауытқи қоймасы хақ.

Жыл сөресіндегі сөзіміз де осы өрістен өрбімек. Ширек ғасыр мұғдарында ширыға жүріп шыңдалдық, қол жетпес мұнар шыңды алдық! Елбасымыз ерледі, ел ішін еңбек шабыты кернеді. Мұны жер-жаһан біліп отыр. Және ешкім жоққа шығара алмайды да. Қоғам жетіліп келеді. Арғы-бергіні салмақтай, сараптай жүріп, басқалардың басымыздан сипай қоймасын түйсінген жұртымыз да  осы жолдан таймауға белін буған. Шүкіршілік бәріне! 
Задында, жылдың біссіміллә баспалдағындағы әңгімеміз айтылуындай-ақ айтылып жүрген Ұлттық Рух шаруасына саяды! Рухы жоқ елдің тұрқы жоқ! Қарымы қысқа. Ертеде бір керенау келіншек: «Мал бағылар, от жағылар, енем өтті дүниеден, киіз текемет енді қашан қағылар?!» – деп қынжылған көрінеді. Шетсіз де шексіз Еуразия кеңістігінде елдігін ерен паш еткен көк түріктердің күндей күркіреп, найзаның ұшында үкілей ұлықтаған өршіл Рухын қалың қазақ ішіне қайта оралтпайынша ерлердің ісі бітер ме?! «Үстімізде – көк аспан, төменде – қара жер, екеуінің арасында адам баласы жаратылыпты, адам баласының үстіне Тәңірі Түрік қағандарын (Бумын және Естеміс) отырғызыпты!» – деп қара тасқа қашап жазған қайран бабаларымыз соншама өршіл, соншама заңғар жаратылар ма еді?! Дәл осылайша сөз бен істі кіріктіре,  бүкіл әлем біздің ашсақ алақанымызда, жұмсақ жұдырығымызда, түрік қағандары бар адамзаттың билеушісі деп жаһанға жар сала алудың өзі сол дәуірдегі өркениетіңіздің шыңы емес пе?! Міне, осы жерде Белоруссияның президенті Александр Лукашенконың: «Қазіргі таңда Қырым орыстардың байырғы жері еді деген әңгіме көтерілуде, олай болса Бату ханның кезіне қайта оралып, тұтасымен Ресейдің, Шығыс және Батыс Еуропаның территориясын Қазақстанға қайтарайық!» (2015 ж. телесұхбатынан.) деген темірдей тұжырымының сұранып-ақ тұрғаны. Александр тілге тиек еткен жерлердің, бергі Батуды айтасыз,  кемінде ғұндардан бермен бабаларымыздың түрік тілін таратып, бөрілі байрақты желбіреткен аймағы екендігін де ақ әлем анық сезіп отыр. Иә, қияндарға қанат қақтырар асқақ Рух тұрған жерде күйкі тірлігіңіздің  барқадар таппасы аян. 
Жасырып қайтеміз, дәл қазір қазақтың жаны мен тәні үшін, асты пейіш, үсті кеніш жері үшін жанталасқан күрес жан-жақтан өршіп тұр. Бұған қоса, діни, мәдени, тілдік экспансияны былай қойғанда, моральдық азғындау, гендік инженерия, бактериологиялық кесапат та бой көтерді. Ауруын жасырған өледі. Басымызға шырмау салынып, бұйдаға қайталай сұғылмасын десек, суың бастан лайланып, тілің қайта байланып, сау басың тау-тасқа ұрылмасын десек – тажалдың алдын алу парыз. 
Мидай араласқан мылтықсыз майданның ішінен алдымен барымыз да жанымыз, ертеңгі болашағымыз – жастарды арашалай алсақ жарағанымыз. Осы орайда Елбасымыз          Н. Назарбаев «Ұлы Дала ұлағаттары» атты еңбегінде: «Шындығына келгенде, адамның рухани әлемінің кедейленуі, қоғамның рухани болмысының жұтаңдануына алып келеді. …Көпке топырақ шашып, көкіректерін теріс пиғыл-ниетке жүгіндірген жастардың рухани-имани көздерін ашу  – бәріміздің, соның ішінде осы салаға тікелей жауапты жандардың абзал борышы» деп қайталай шегелеп берді. Әдетте теріс жолға діни сауаты төмен, рухи қауқарсыз жастардың алдымен түсіп жүргенін көріп те, естіп те отырмыз. Бұдан шығар қорытынды – мәдениет пен білім-білікті, яки интеллектуалдық бейнені биіктету міндет! Міне, сол себепті де, Елбасымыз  Бумын бастаған түркі қағандарының «Мәңгілік Ел» идеясын қайталай жаңғыртты. Демек, ұлттық құндылықтарымыздың бастау бұлақтарының көзі аршылды. Мыңжылдықтар төріндегі ұстынды идеямыз идеологияға айнала бастады. Ендеше, бар тәрбиенің, яки асыл құндылықтарымызды түлетіп, ұлттық сананы қалыптастырудың өзегінде ұлттық тарихты ұлықтаудың  тұруы керек-ақ. Осыдан барып тарихи сананың іргетасы қаланады да, ұрпақтың бойында өзінің қасиетті жері мен Отанына, туған халқына  деген асқан құрмет пен сүйіспеншіліктің ұрығы егіледі. Сөйтіп мұның бәрі, түптеп келгенде, ұлттық мүддеміз «Мәңгілік Ел» идеясына қызмет ете бастайды.
Сөз жоқ, ХХІ ғасыр – ақпараттық ат ойнату, бітіспес идеологиялық күрес ғасырына айналды.  Сондықтан да Қазақ Елі бүгінгі таңда рухани болмыс-бітімі пенделік қалпынан биік тұрар тұлғаларға өте зәру күйде. Халықтық рәуіштегі интеллекті тұлғаның күш-қабілетін «қағып-сілкіп», «қалғытып-мүлгітпей», ең алдымен, ұлттық руханияттың қажеттілігіне жаратқанда ғана «ештен кеш» ұтарымызды түсінсек етті. Кешегіше қайырсақ, тасырларды баспасақ, жақсылармен аспасақ – қуаты қайтар қаламның, жасын жайнап ақпасақ, көктен сәуле шашпасақ – шуағы кемір ғаламның! Мерекелеріңізбен!

Әміре Әрін

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.