Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

ТАЛҒАРДА СУ ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚАБЫРҒАСЫ СЫЗ ТАРТЫП, СЫЛАҒЫ ТҮСКЕН

20.08.2022
ҰЛТ ҰЯТЫ
ТАЛҒАРДА СУ ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚАБЫРҒАСЫ СЫЗ ТАРТЫП, СЫЛАҒЫ ТҮСКЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Талғар ауданында құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айынан басталып, өткен жылдың соңында аяқталған, жалпы құны 3 миллиардтан асатын 1200 орынды №25 мектеп-гимназиясының пайдалануға берілмей жатып басынан дау-дамай арылмай келеді.

Бастапқыда аралас мектеп боп ашылатыны талғарлық белсенділер мен ата-аналардың ашу-ызасын тудырған болса, енді міне, су жаңа мектептің төбесінен су аққан, қабырғасы бүлінген бөліктері әлеуметтік желіде тарап, «миллиардтар желге ұшты ма?» деген сауал туындауда.

«Іргетасы қаланғаннан бастап талай шен-шекпенділер ат басын бұрып, жасалып жатқан жұмыстардың сапасы сан мәрте сүзгіден өткізілген жаңа мектептің оқушы табаны тимей жатып бұлай бүлінуіне не себеп?» деген сауалымызды жоба басшысы, «Bi Global» компаниясының өкілі Бексұлтан Ерғалиға қойған едік.

– Мектептің әр қабатында ұлдар мен қыздарға, мұғалімдерге, сондай-ақ, мүгедек жандарға арналған барлығы 80 дәретхана салынды. Сонымен қоса, сырттан да дәретхана салу қарастырылған. Мектептің бірінші қабатындағы бір ғана қабырғасы сыз тартып, сылағы түскен. Оның сыздануына мектеп ішіндегі су көзінің ашық қалуы себеп. Содан тамған су жиналып, оқушылардың киім ілетін бөлмесін бүлдірген. Сонымен қатар, 26 мамырда жауған нөсер салдарынан резервуардан асқан су ескі арық жүйесі арқылы мектеп ауласын басып қалды. Жобада бұл мәселе қарастырылмаған. Қазір осы су басқан алаңды тазартумен 15 адам айналысып жатыр. Бұл жұмыстардың барлығын келісімшартқа байланысты мердігер компания өз жауапкершілігіне алып, қалпына келтіріп, жөндеу жұмыстарын аяқтауға таяды, – дейді Б.Ерғали.

– Мектепті Алматы облыстық құрылыс басқармасы қабылдап алды. Біз тек қана 2021 жылдың 20 желтоқсанынан бастап жалға алып отырмыз. Қазіргі таңда мектепті өзіміздің теңгерімімізге алу процедуралары жүріп жатыр, құжаттар толығымен рәсімделгеннен кейін мектеп біздің теңгерімге өтетін болады. Біз жалға алушы ретінде ақаулар мен бүлінген жерлерге акті жасап беріп отырамыз. Келісімшартта көрсетілгендей, мердігер компания өздері жасап береді. Соған байланысты бұл бүлінулерді қалпына келтіруде бюджеттен бір тиын шығын шығып жатқан жоқ, барлығы мердігер есебінен жасалып жатыр, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Қарлыға Айсабекқызы.

Жаңа мектептің жалпы жер аумағы 5 гектар, ғимарат 8 блоктан тұрады. 2 спорт залы бар. Заманауи үлгідегі бұл мектеп Талғар ауданындағы үш ауысымды мектептер санын азайту мақсатында салынған. Жаңа мектеп-гимназияның атына заты сай болуын ата-аналар басты назарға алған. Ал Талғар ауданында теңдесі жоқ деп саналатын жаңа мектептің табалдырығын аттауға асыққан балалардың жол қатынасы үшін маршруттар мен аялдамалар қарастырылуда. Өйткені, болжам бойынша, бұл  мектепке таяу маңдағы он шақты ауылдан балалар келіп оқитын болады.

Ауданда үш ауысымды 7 мектеп болса, соның бірі осы жаңа мектептің пайдалануға берілуі негізінде кемімек. Алдағы уақыттарда үш ауысымды 6 мектептің мәселесін шешу үшін де жан-жақты жұмыстар атқарылуда. Былтырғы оқу жылын Талғар ауданында 47493 бала аяқтаса, биыл 50 мыңға жуық оқушы мектепке барады. 

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Алматы облысы
 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.