Талдықорған: 0°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

ТАЛДЫҚОРҒАН ӘКІМДІГІ ҚАЗАҚТЫҢ ҚОС АҚЫНЫН АЖЫРАТА АЛМАЙ МА?

14.03.2021
ҰЛТ ҰЯТЫ
ТАЛДЫҚОРҒАН ӘКІМДІГІ ҚАЗАҚТЫҢ ҚОС АҚЫНЫН АЖЫРАТА АЛМАЙ МА?
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласының әкімдігі Жұматай Жақыпбаев пен Ғали Ормановты ажырата алмай ма? Облыс орталығының әкімдігі желідегі ресми парақшасында «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған мақалаға жауап беремін деп ұятқа қалды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Ақпан айының 5-нші жұлдызында «Egemen Qazaqstan» газетіне Мұхтар Күмісбектің «Ақынды елі елемесе, сол қайғы» деген мақаласы жарияланған болатын. Аталған мақалада Жетісу жерінің көрнекті ақыны Жұматай Жақыпбаевқа Талдықорған қаласынан көше, кітапхана атын беру жайлы мәселе қозғалған еді.

Қазір көп дүние әлеуметтік желі арқылы таратылады. Оның ішінде, осындай ұсыныстарға да ресми мекемелер желі арқылы жауап беретіні белгілі. Мұндайда желі арқылы жауап жазатын мекемеге тиянақтылық өте-мөте қажет. Талдықорған қаласы әкімдігінің «Инстаграм» парақшасында жарияланған жарымжан жауап өңірдегі зиялылардың ашуын келтірді. Осы ретте «taldykorganakimat» деген атаумен ашылған «Инстаграм» парақшасында жарияланған мәтінді толық беруді жөн көрдік:

«Талдықорған қаласының әкімдігі «Егемен Қазақстан» газетіндегі «Ақынды елі елемесе, сол қайғы…» атты басылымға жауап ретінде келесіні хабарлайды. Талдықорған қаласының әкімдігі бүгінгі күнге дейін «Талдықорған қаласындағы №4 орта мектепке белгілі ақын Ғали Ормановтың есімін беру туралы» ресми ұсыныс хаты түспегенін және ұсыныс түскен жағдайда қолданыстағы заңнама талаптарына сай тиісті ономастика комиссиясының қарауына жолданатындығын хабарлайды».

Бұл жерде күлеміз бе, жылаймыз ба?! Хатқа жауап қайтарып отырған әкімдік Ғали Орманов пен Жұматай Жақыпбаевты танымай ма? Сонымен қатар, әкімдік «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланған мақаламен мүлде таныспаған және газет оқымайды деген сөз. Егер мақаланы басынан-аяқ оқып шықса, мәселе Ғали Орманов емес, Жұматай Жақыпбаев жайлы екенін аңғарар еді.

Сонда Талдықорған әкімдігі ақындарға немқұрайды қарай ма?! Қаламгерлерге, ақындарға деген көзқарас осындай болса, біз қашан оңамыз? Мынадай жауап жазып отырған әкімдіктен ақынға көше сұраған біз жазықты боламыз ба деп қорқамын. Ілияс ақын «Өз елі, өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді?» — деп жырлап еді. Талдықорған қаласының әкімдігі ескермек түгілі ерлерін танымайды да. Талай қателікті көріп едік, мына сорақылық тіптен ұят. Бұған көз жұма қарасақ, қос ақынымызды қорлау болып шықпай ма? Күллі Алаш сыйлаған Жұматай Жақыпбаев пен Ғали Ормановтың рухының алдында, қалың ел алдында Талдықорған әкімдігі кешірім сұрауы тиіс шығар.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ

Талдықорған қаласы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

04.02.2026
Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

Жаңа Ата Заң жобасы несімен ерекше?

04.02.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» аясында 12 жасыл аймақ абаттандырылады

Жетісуда «Таза Қазақстан» аясында 12 жасыл аймақ абаттандырылады

04.02.2026
Сыра мен сыра сусындарын міндетті түрде таңбалау: Кәсіпкерлер не білуі керек?

Сыра мен сыра сусындарын міндетті түрде таңбалау: Кәсіпкерлер не білуі керек?

04.02.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда ресми келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда ресми келіссөз жүргізді

04.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.