Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

ТАРАЗЫ — ТАҒДЫР

06.02.2017
ҰЛТ ҰЯТЫ
ТАРАЗЫ - ТАҒДЫР
WhatsAppTelegramFacebook

 – Узнайте свой вес! Узнайте свой вес!
Осы дауысты естіп келе жатқалы жиырма жылдай болыпты. Бұрындары орталық базар ішінде саңқылдап шығатын әлгі таныс дауыс бүгінде қарлығыңқырап қалған. Бұрынғыдай базар ішінде емес, сыртында немесе жол жиегінде, дүкендер маңында отыратын қарт әйел назарымды еріксіз аударып, көп ойландырса да, салмағымды өлшеп ақшасын төлеген соң үндемей кете беретінмін. Жаз, күз демей, қыстыгүні де жұқа күртешемен дірдектеп отыратын бұл кісіге қалалықтардың көзі үйреніп кеткен.

Әдеттегідей орталық көшемен өтіп бара жатып, таныс дауыс шыққан жаққа бет бұрдым.  Киім-кешек, оқу құралдарын сататын жайма базардың шет жағына жайғасқан  қарт  анаға жақындадым. Көзі шүңірейіп, жағы солып, беті қуара түскен. Амандасып болған соң салмағымды өлшедім. Таразысы баяғы заманның сыры кеткен жабдығы, сағат тіліндей тілшігімен қозғалып сандарды көрсететін көне таразы. 
– Апа, бұл таразыны пайдаланып келе жатқаныңызға қанша жыл?
– Кемінде 40 жыл. Менің таразым алдамайды. Тура өлшейді. Ол жағынан қам жеме, – деді ол ақау тауып қала ма деп күдіктенгендей бастырмалата сөйлеп.  
Адам ойында неше түрлі сауал туындауы заңдылық қой. Кезінде жұрт салмағын өлшетуге ерінбейтін еді. Ал қазір таразы әркімнің үйінен табылуы мүмкін, шаруасы шаш-етектен, қарбалас уақытқа жегілген  халық таразыға назар салмайды да. Оның үстіне пайдасы да шамалы. Кезіндегі 20 теңгелік ақысы бүгінде 40 теңгеге ғана өскен. Немере бағып, жылы жерде отырып жанын күтер уақытта, қақаған қара суық пен тас асфальттан өткен сызға қарамай бұлай отыруының себебін сұрадым. Осының бәрін қозғай келе қарт ананың ойын білмекке асықтым.  Алғашында өзін қуып жіберуге жасалып жатқан іс-әрекет пе деп секемденген қарт ана маңайындағылардың оны жақтырмай қуып жатқанын айтып қалды.
– Мен кімге кедергі жасап отырмын?  Өзіммен өзім. Кәсібіме адалмын. Кісі ақысын жемедім. Ешкімнің алдына шықпадым. Біреудің орнына отырып алған жоқпын,  – деп кейіді.  
– Құдайға шүкір, зейнетақым бар. Шалым ертеректе көз жұмды. Бір ұлым бар. Ештеңеден кем емеспіз. Бұл менің ежелден жаныма медеу тұтқан кәсібім. Бұдан ауырлық көрмедім, – деп қысқа қайырды. 
Бірақ қарт ананың солғын тартқан жанарынан айықпас мұң көрдім. Әңгіме арасында жарасын жасырған жанары тайқып кете берді. Кейін сұрастырғанымда ұлының ішімдікке салынғанын білдім. Қоғамның  дерті. Баланың азабын тартып жүрген қаншама ата-ана бар? Жан жарасын қозғағаныма өкініп те қалдым. Іштен шыққан шұбар жыланын жек көрсін бе, тағдырға мойынсынбай, адал еңбек етіп, өмір сүріп жүрген кейуана баласын Құдайға аманат еткен секілді.  Қарт ананың таразысы жаман мен жақсының, мейірім мен зұлымдықтың, ақ пен қараның, қайырым мен опасыздықтың  салмағын  тартып тұрғандай көрінді маған… 

Көз алдымнан кетпей қойды бір  елес… 
Таразысын құшақтаған қарт ана.
Жалғыз ұлы шөп шегетін     күлегеш,
Жанын берген ішімдікке, картаға. 
Қара суық, маңдайынан сыз өтіп,
Қара таста мелшиеді сорлы ана.
Жалғызымды жіберсе екен түзетіп,
Дейді іштей:
– Тағдыр, бұлай  қорлама!
Ауыр ойға жіберген  бе батырып,
Тағдырының тәлкек қылған табы дер.
Байғұс ана жұртты өзіне шақырып,
Жол шетінде салмақ өлшеп әбігер.
Қайыр тілеп елге алақан жаятын,
Арлы ананың ойында жоқ шынында.
Нан мен тұзын, шайын  алып қоятын,
Таразыдан тапқан бес-он  тиынға.
Батар күн мен келер таңның атысын,
Қарсы алатын, көзін бір сәт ілмейтін.
Ай сайынғы зейнетінің ақысын
Қолды қылған баласы еді  сұм кейпі.
Өкіне ме, шайнай ма екен бармағын,
Заман қандай, опасыз сұм ұл қандай?!
Мейірім мен зұлымдықтың салмағын
Сол таразы сынап  өлшеп  тұрғандай…

Мақпал МЫСА

 

Қатысты жаңалықтар

«Қонаев қонған үй»: Талдықорған тұрғындары тарихи мұраны сақтауды сұрайды

«Қонаев қонған үй»: Талдықорған тұрғындары тарихи мұраны сақтауды сұрайды

30.01.2026
Әскери топограф күні: мамандар 3D-модельдеуді енгізіп, цифрлық ұрыс алаңын қалыптастыруда

Әскери топограф күні: мамандар 3D-модельдеуді енгізіп, цифрлық ұрыс алаңын қалыптастыруда

30.01.2026
Вакцинациялау есебі толық цифрлық форматқа көшті

Вакцинациялау есебі толық цифрлық форматқа көшті

30.01.2026
Қазақстанда шетел азаматтары үшін суррогат ана қызметіне шектеу енгізілмек

Қазақстанда шетел азаматтары үшін суррогат ана қызметіне шектеу енгізілмек

30.01.2026
Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.