Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Тортқа шам жағу дұрыс па?

01.02.2018
ҰЛТ ҰЯТЫ
Тортқа шам жағу дұрыс па?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі таңда халық жағдайының жақсарғаны ма, əлде ой – сана, пиғылдың өзге бағытқа бет алып бара жатқаны ма, жастар арасында асты қадірлеу, нанды қастерлеу жоғалып бара жатқандай. Олай дейтін себебім де жоқ емес. Көшенің əр қиылысында нан қиқымдарына көзіміз түседі. Бірақ бұрынғылардай «жерге басым тигенше құрметтеймін» деген ниетпен маңдайға бір тигізіп, жоғары көтеріп қоюға шамамыз келмей қалады кейде. Бұл немқұрайдылығымыздан туған сылбырлық па, əлде тойынған адамның кесірлігі ме?

Ол аз десеңіз, қазақ «үйде нан көп» деп асылық айтпаған. Себебі, тұла бойымызға қуат беретін нан ешқашан көптік етпейді. Өзіңіз ойлап қараңыз, алдыңызда құс сүтінен басқаның бəрі бар. Ас та төк тағамның түр-түрі болсын, бірақ ас атасынсыз дастарқанның сəні кірмейтіні айтпаса да белгілі.

Өткен жолы туған күн кешінен келген інімнің үсті-басы былғанғанын байқадым. Бажайлап қарасам торт бетіндегі тəттісі екен. Мəн-жайды сұрасам, дастарқанда тұрған қалдық тортқа жапа-тармағай қолды малып кеп, бəрі бір — бірінің бетіне жаға бастапты. Қатарластарымен қосылып əлгі батыстың тойынған жастарындай бір- бірінің бетіне тамақ шашып, торт жағып ермек еткен. Өте қынжылатын жағдай. Біз Еуропа еліндей емеспіз. Олар ас атасын құрметтей білмейді. Тіпті, нанға «ақ өлім» деп ат қойып тастаған. Бұрын аштық кезінде ата-əжелеріміз нанды лақтырмақ түгілі, бір уыс бидайды қастерлеп ұстаған. Қазақтың ырым-тыйымында ас атасын құрметтегені сонша, Құранды басып, жоғарыдағы нанды алуға болады деген тəмсілдер де кездеседі.

Қазір кез келген туған күн тəтті тортсыз өтпейді. Хош дейік. «Өмірің осы торт секілді болсын» деген ниет те шығар, бəлкім. Оның үстіне батысқа еліктеушіліктен туған қызылды-жасылды от жағу дəстүрі тағы бар.

Қазақ: «Отты үрлеп өшірме, жаман болады», – деген. Деректерге сүйенсек, туған күнде тортқа балауыз шам жағу үрдісі сонау грек халқына тəн болған. Ертеректе гректер «артемис» деп аталатын «ай құдайына» арнап торт пісірген екен. Үстіне балауыз шамдарды айналдыра жаққан. Торттың домалақ пішіні  айдың домалақтығының символы болса, шетіндегі шамдар айдың жарығын бейнелеген. Сонымен қатар, шамның түтіні сол жерде тілеген тілекті «ай құдайы» артимусқа жеткізіп барады-мыс. Торттағы шамды көзді жұмып, іштей тілек тілегеннен кейін барып үрлеп өшірудегі мақсат осы болған. Ал шариғат үкіміне келер болсақ, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім бір қауымға ұқсаса, ол солардан», – дейді.

Біздің ниет – айту. Қазақты жанашырлық оймен жамандықтан тыю. Сынаудан аулақпыз. Дегенмен, көңіл көтерер мерекелерді ысырапсыз орнымен өткізсек деген пейіліміз бар. Мұсылманның ұстанымына салсақ, «Ей адамдар, ысырап етпеңдер, өйткені Алла ысырап етушілерді сүймейді».

Думан КЕҢШІЛІК

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.