Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Валентинді тойлап ақпанда, түсіп қалма қақпанға

06.02.2017
ҰЛТ ҰЯТЫ
Валентинді тойлап ақпанда, түсіп қалма қақпанға
WhatsAppTelegramFacebook

Ақпан айы есігін айқара аша салысымен көтерілетін өзекті мәселенің бірі – Валентин күні. Батыстан келген жат ағымды ғашықтардың мерекесі деп тойлатқан жандарды көргенде налитының рас. Әрине, бұрынғыдай түрлі шаралар ұйымдастырып шарқ ұрмаса да, төл мерекесі келгендей қуанатын кейбір жандар барын жасырмаймыз. Сонда өзгенің қаңсығын таңсық қылып жүргеніміз қалай? Оған кінәлі жастардың қалауы емес, еліміздің өзгелерге еліктеушілігі.

Өткенге көз жүгіртсек, қазақ ұғымында мұндай мейрам болған емес. Ата-бабаларымыз «жат ағым жарға жығады», – деп текке айтпаса керек. Бұл біздің салт-дәстүрімізге жат дүние. Алайда, бүгінгі қоғамда оны ескерер жанның азайып бара жатқаны көңіл құлазытады. 
Осыдан екі-үш жыл бұрын Валентин күнін дүркіретіп тұрып атап өтетін. Бұл күні базарда көздің жауын алатын жүректер мен қос ғашықтың суреті бейнеленген бұйымдар тізіліп тұрады. Тіпті, мектепте хат салатын арнайы қорапшалар қойылатын. Сол қобдишаға «досыма», «сүйіктіме» деген мәтіндері бар «жүректер» салынады. 
Ал, бүгінгі қоғамда Валентин күнін тойлатуға тыйым салынып, түрлі шаралар ұйымдастырылмаса да жастар арасында атаусыз қалмауда. Бір-біріне сыйлайтын «валентинкаларын» көрсеңіз жаға ұстатады. Бұрынғы «досыма» деген мәтін өзгеріп кеткен. Қазіргі сыйлықтың сыртындағы «Ты мой, я твоя», «мой страстный» деген жазбалар мен ұятты суреттер бейнеленген ашық хаттар адам шошырлық. Бұл шимайды көрген балалар қандай тәлім-тәрбие алмақ? Оның үстіне кешке көше мен саябақта бір-біріне кенеше жабысқан жастар да көбейе түседі. Тіпті, отбасылы адамдардың да үлкен күнәға батып, бөтен қыз-келіншектерге сыйлық жасайтыны жасырын емес. Ойнақ сап жүріп от басып, отбасын құра алмай жүрген жандар осындай мерекенің кесірінен емес пе? Мұның соңы зинаға жетелейтінін біле тұра неге селт етпейді.
Алла Тағала қасиетті Құранның «Исра» сүресінде: «Зинаға жоламаңдар. Өйткені, ол – арсыздық және жаман жол», – деп зинадан аулақ болуды бұйырады. Иә, жаман жолға жетелейтін мерекеден арылуымыз қажет-ақ. Бүгінде мектеп табалдырығын жаңа аттаған балалардың өзі валентин күнін асыға күтеді.
Жақында бір танысымның үйіне бардым. Сол үйдегі екінші сынып оқитын қыз әке-шешесіне «ғашықтар күні жақындап келе жатыр, ертерек «валентинка» алып қояйық» – деп былдырлай сөйледі. Ой, Аллай ана сүті аузынан кеппеген бүлдіршін валентинді қайдан біледі? Оқуын ойламаса да, мейрамсымаққа алдын ала дайындалып, қай жүректі кімге берсем екен деп  дал болмақшы. Ең сорақысы ата-анасы да қарсы емес. Әлде, ерке қызын ренжіткісі келмеді ме, «алып береміз», – деді де қойды. Сосын әлгі қызды шақырып алып, бұл мереке біздің ұғымымызға жат екенін айтып түсіндірдім. Балаларға бөгде елдің былығын тойлатсақ, ертеңіміз не болмақ? Даналарымыз «Тәрбие – тал бесіктен» деп текке айтпаса керек. Қазірден бастап балаға ненің жақсы, ненің жаман екенін үйретпесек, салт-дәстүріміз құрдымға кетіп, дініміз әлсіреп, тіліміз шұбарланып кетері хақ. 
Қоғамның олқылыққа толы тұстарын көргенде ата салтын ұлықтаған, дін мен ділін ұмытпаған, ғашықтар күнінде  «жүрекше» сыйламаса да, жүрекпен сүйген бабаларымызды сағынады екенсің. Солардың дара жолымен жүріп, қазақтың «қасиетті» деген сөзін қайдағы бір Валентинге жалғамағанымыз абзал. Ақпанда «ғашықтар күнін тойлаймыз», – деп жатқанда Валентин құрған қақпанға түсіп қалып жүрмейік. Ойланайық…

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

«Қонаев қонған үй»: Талдықорған тұрғындары тарихи мұраны сақтауды сұрайды

«Қонаев қонған үй»: Талдықорған тұрғындары тарихи мұраны сақтауды сұрайды

30.01.2026
Әскери топограф күні: мамандар 3D-модельдеуді енгізіп, цифрлық ұрыс алаңын қалыптастыруда

Әскери топограф күні: мамандар 3D-модельдеуді енгізіп, цифрлық ұрыс алаңын қалыптастыруда

30.01.2026
Вакцинациялау есебі толық цифрлық форматқа көшті

Вакцинациялау есебі толық цифрлық форматқа көшті

30.01.2026
Қазақстанда шетел азаматтары үшін суррогат ана қызметіне шектеу енгізілмек

Қазақстанда шетел азаматтары үшін суррогат ана қызметіне шектеу енгізілмек

30.01.2026
Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.