Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Заманақыр жастары

08.01.2026
ҰЛТ ҰЯТЫ
Заманақыр жастары
WhatsAppTelegramFacebook

БІР-АҚ ШУМАҚ – БІР ҚОҒАМ. Абай атам қазақ жастарының осындай күйге түсетінін қалай білген десеңізші?! Заманынан бұрын туған әулиенің бүгінгі күннің тамырын дөп басып тұрғанына таңқалмасыңызға лажыңыз жоқ!  «Барлық білім – кітапта» екенін, «Ғылымға көңіл бөлсеңіз» «Дүние де өзі, мал да өзі» болатынын, ал оқымаған адамның опық жейтінін ескерте отырып, ақырзаман балаларының болмысын жаңылмай көрсетіп кеткенін қараңызшы?! Құмалақ шашып, бал ашып емес, кемеңгерлігімен айтып отыр емес пе? Зерделей қарасақ, Ұлы Даланың дара ойшылының көкірегіне құдай салған сөз ғой бұл.

Көз – жеткен жеріне дейін көреді. Ақыл көзі – алысқа жетелегенімен кейде оның да жетпей қалатын тұсы бар. Ал жүрек көзі – ар мен ұяттың, иман мен ибаның, яғни адам бойындағы ізгі қасиеттің мекені болғандықтан алысты болжай алады. Содан шығар, Абай атам өзінің қара сөздері мен өлеңдерінде жүрек туралы к-ө-ө-ө-п қозғағаны. «Жүректің көзі ашылса» ұлы Жаратушының құдіретін танып, көкжиегіңіздің кеңитінінен хабар береді. «Жүректе қайрат болмаса» адамдық болмысымыздан алыстайтынымызды еске салады. Оқып отырып таңғаласың һәм әулиелігіне еріксіз бас иесің. Осы орайда қалдырған мұрасы оқыған адамды бей-жай қалдырмайтын хакімнің жүрегін толқытқан «ЗАМАНАҚЫР ЖАСТАРЫ» өлеңінің бір ғана шумағы төңірегінде ой қозғап көрейікші.

Заманақыр жастары,
Қосылмас бір бастары.
Бір-біріне қастыққа,
Қойнына тыққан тастары.

Айналамызға зер сала қарайықшы. «Заманақыр жастары» неге көбейіп келеді? Кімнен көреміз? Кімді жазықты қыламыз? Даласында абақтысы, есігінде құлыпы болмаған жұрттың қазір әрбір қаласында түрмесі бар және сол темір тордың ішіндегі жандардың көбі жастар. Абай атам айтқан «Заманақыр жастары». Шынымен де, бейбіт күннің берекесін алып, бірін бірі аяқтан шалып, аяусыз қатігездікке барып жатқан жастар көңіл алаңдатпай қоймайды. Өйткені олар мінген өмір теңізіндегі кемеде бәріміздің ұл-қызымыз бірге кетіп бара жатыр. Өзіміз де сондамыз. «Кемедегінің – жаны бір»! Ендеше неге жанымыз бір болған кеме ішінде жанжал көп? Неге сол жанжалға көбінесе «бастары қосылмас» жастар себепкер болып отыр? Абай атам айтқан «ЗАМАНАҚЫР ЖАСТАРЫ»!

Мектепте, колледжде, көшеде, қоғамдық орындарда, мейрамханалар мен кафелерде, тіпті, Отанымыздың тыныштығын қорғайды деген әскерде болып жатқан жаға ұстатар жайттарды әлеуметтік желіден екі күннің бірінде болмаса да, жиі көріп жүрміз. Отан қорғауға лайық деп шығарып салған азаматтар мәйіт болып оралып жатыр отбасына. Елі үшін түрегеп, тік тұрып қорған болуға кеткен ұлдарымыз мүгедек болып қайтуда. Көшедегі қаңғыған иттердің таласындай қағынған жастардың төбелесі де жан шошытарлық. Оншақтысы жабылып тепкілеп, бір адамның жағын сындыру былай тұрсын, жазым қылып жатса да селт етпейтін күйге жеттік. Неге қазіргі жастардың «Бір біріне қастыққа» келгенде «Қойнына тыққан тастары» дайын тұрады?! Абай атамның: «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген ақылын неге тыңдамаймыз?! Осылай «Неге?» деген сауалға жауап таба алмай тосылып тұрсаңыз, ойшыл атама жүгініңіз. Қарыны тоқтық пен жұмысы жоқтықтың адам баласын аздыратынын өзі-ақ айтады. Шынымен де көшеде болып жатқан бұзақылық пен қылмыстың көбі жұмысы жоқтықтан немесе қарыны тоқтықтан жасалуда.

Қарт тарихтың қойнауына енбей-ақ, қазақ даласын қасапхана жасаған ХХ ғасырды бір шолып өтейікші. Ішінара сатқындар шығып, «іштен шыққан жау жаман боларын» көрсетті демесек, ел басына екіталай күн туғанда қазақ бірікті. Жылағанды жұбатты, құлағанды сүйеді, сүрінгенді демеді, бүгінгідей бір-бірін түтіп жемеді. Ақ патшаның Жарлығында «бала өлгенше, шал өлсін» деп жастарына қорған болды. Аштық жылдары жер жастанғанша сүлдерін сүйретіп бірге барды. Отаны үшін бірге отқа түсті. Осындай жүрек түкпіріндегі тұтастық 86-ның Желтоқсанында тағы да қазақ жастарын қолтықтастырды. Сірескен жүйенің іргесін сөкті. Сонда қилы кезең, қанды-қапас жолдарды мызғымас бірлігімен жүріп өткен қазақ еркін ел атанып, өз қолы өз аузына әрең жеткен тұста жүрісінен жаңылғаны қалай?! Жоқшылықта бірге жол тапқан ел, тоқшылықта көзін шел басты ма әйтеуір, бір-бірін аямайтын ұрпақ өсіріп жатырмыз.

Әлемде жер көлемі жағынан тоғызыншы орын алатын қазақ ұлысының ұрпағы түгелдей құрып, құрдымға кетіп бара жатқандай қылмайын. Бірақ «Отан – отбасынан басталады» десек, бір әулеттің баласы бұзақы болып, екінші шаңырақты ортасына түсіріп жатқаны көз алдымызда көңіл алаңдатып отырған шындық. «Әкесін сабағанды көріп едім, арбаға байлап қойып сабағанды көргенім осы», деп шошитын елдің ұрпағы әкесін ұрып өлтіретін күнге жетті. «Қызға – қырық үйден тыйым» деген ұлттық тәрбие ескінің қаңсығына айналды ма, қыздан да қылық кетті. Бір-бірінің бетінен тырнап, шашынан жұлып, сүйреп жүріп тепкілеу ендігі жерде қыздардың арасында да белең алып барады. Телефонға телміріп, басымыз айналып, әлеужеліге байланып қалғанымызды несіне жасырайық?! Отбасындағы әке мен ананың, оқу орнындағы ұстаздың, қоғамда тұлғаның беретін тәрбиесін әлем-жәлемі көп әлеуметтік желіден алып жатыр. Алдыңғы толқын аға буын интернатқа оқып-ақ адам болуға асықса, бүгінгі жастың көбі интернеттен оқып, надан болудың жолына түсіп барады. Өз дәуірінде «Халқым надан болған соң, қайда барып оңайын?» деген дана Абай мына қоғамды көрсе, өзі кейіген қазағымен жылап көріседі-ау! Мұның бәрі өзіміз өмір сүріп отырған қоғам болған соң, көзіміз көріп отырған көріністер. Бірақ, бәріміз білетін нәрсенің несіне малтасын езіп отырсың демеңіз. Мемлекет үшін экономиканың дамуы, әлеумет әлеуетінің артуы, бар салада жағдайдың жақсы болуы қандай қажет болса, сол жетістікке бірге жетіп, жемісін бірге көру үшін ұрпақ тәрбиесінің де маңызды екенін есімізден шығармайық.

Абай атам айтқан «Заманақыр жастарының» көбеюіне ата-ана кінәлі деп кесіп айту да қиын. Кім баласын жаман болып өссін дейді?! Дүниеге келгенде әр отбасын қуанышқа бөлеген періште-сәби еді ғой. Былдырлаған бал тілімен, тәтті қылығымен бойымызға қуат беріп, жанымызға шуақ төгіп, мәз-мейрам қылғанын қалай ұмытамыз? Мектеп табалдырығын аттағанда: «Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», – деп Абай атасының өлеңін тақылдай айтып «бестік» баға әкелгенде болашағынан зор үміт күтпеп пе едік?! Ендеше неге есейгенде ессіз болып, көшеде бұзақылық жасап, түрмеде қылмыскерге айналып отыр?!  Хакімге жүгінсек, қара сөзінде: «Адамның адамшылдығы – жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», – дейді. Сонда, ардақты ата-ана! Сананы тұрмыс билеген мына алмағайып уақытта тәрбиеге сызат түсіріп алдық па? Солай деп, қазіргі қоғамдағы қиыншылықты алдыға тарта қояйық десек, таршылық тауқіметін көрсе де, барға ырза, жоққа сабыр қылып, жыртығын жамап отырған отбасынан да керемет тәрбиелі, білімді ұл-қыз шығып-ақ жатыр. Олай болса айналайын, ата-ана! Абай атамның алдында тізе бүгейік. Баламыз адам болсын десек, «бес асыл іске асық», «бес дұшпаннан қашық» қылып өсірейік. «Ә, Құдайым, бала бер, бала берсең – сана бер, сана бермесең – ала бер», – деп баламыздың санасыздығын құдай тағалаға итере салмайық. Жарық дүниеге ақыл-есі дұрыс, он екі мүшесі аман келді ме, Жаратқанның берген сыйы осы! Ал оның санасына сәуле түсіру әр ата-ананың міндеті. Ендеше ұлттық тәрбиенің қазығынан ажырамайық. Ол қазық – балаңның кім екенін айтайын, досын көрсет! Абайшаласам, баланың жақсы болмағы «жақсы құрбыдан» яғни, жақсы ортадан. Ұл-қызымыздың досына мән берейік, ортасын қадағалайық. Бұл арқалап жүріп, бел талдырып істейтін жұмыс емес. Әр ата-ананың қолынан келетін дүние. Мынау қоғамда ұл-қызымыз «ЗАМАНАҚЫР ЖАСТАРЫ» атанбай, әке, шеше ретінде еңсеміз тік, жүзіміз жарқын болсын десек, алдымен өзіміз ойланайық, ардақты ата-ана!

Жұматай ОСПАНҰЛЫ

 

Қатысты жаңалықтар

Зейнетақы шотындағы артық ақшаны алу ережесі тағы өзгерді

Зейнетақы шотындағы артық ақшаны алу ережесі тағы өзгерді

29.01.2026
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкоголь сатуды шектеу туралы ұсынысты қолдады

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда алкоголь сатуды шектеу туралы ұсынысты қолдады

29.01.2026
Алтын бағасы алғаш рет 5600 доллардан асты

Алтын бағасы алғаш рет 5600 доллардан асты

29.01.2026
Баукеңнің еркелігі

Баукеңнің еркелігі

29.01.2026
Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

Жердің жайын бағамдап, малдың қамын ойлаған

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.