Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Жасампаз қазақ елі

03.10.2016
ҰЛТ ҰЯТЫ
Жасампаз қазақ елі
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздік – қилы кезеңді бастан кешіп, өмірдің қатаң сынына қайыспай қарсы тұрған қазақ халқына берген тәңір тартуы. Мұндай баға жетпес сыйды иемдену асқақ армандарды іске асыруға, жарқын болашаққа нық қадаммен беттеуге мүмкіндік береді. Бұған дейін Ұлы дала елінің көне ескерткіштері төңірегінде талай сыр шертілген болатын. Тарихи мұра деп танылған асыл қазынамызды көздің қарашығындай сақтау да бабалар аманаты секілді көрінеді әр кез. Бірақ бүгін біз көнені емес, жаңаның төңірегінде ой өрбітсек, яғни, егемендікті еншілегеннен кейінгі жылдары салынған мәдени архитектуралық «Қазақ елі» монументін мақаламызға арқау етіп, оның символдық ерекшелігі турасында ой қозғасақ. 

Дарқан халқымыздың елдігі мен ерлігіне арнап қандай ескерткіш орнатсақ та артықтық етпесі анық. Өйткені тәуелсіздігімізді көпке танытып, алыстан менмұндалайтын әрбір монументтің өзіндік мән-маңызы бар. Ең алдымен ол жеткіншектердің патриоттық рухын оятып, елжандылыққа тәрбиелеуге өзіндік септігін тигізеді. Жастарды егемен елінің тарихын білуге, оны қызыға оқуға шақырады.                     
«Қазақ елі» мәдени-архитектуралық монументі қазақтың кеңпейілін танытып,  достыққа беріктігі мен ақ ниетін паш ету мақсатында Елордада 2009 жылы бой көтерген. Бүгінде оған алыс-жақын шетелдік қонақтардың бәрі тамсана қарайды.
Тарихи-мемориалдық кешеннің жалпы аумағы – 5,2 гектар, ал монумент орналасқан орталық тұғырнамасы 1 гектар жерді алып жатыр. Ақ мәр мәрдан құйылған монументтің биіктігі 91 метр, ол 1991 жылы еліміздің тәуелсіздікті иеленгендігіне сәйкестендіріліп алынған. Тұғырнама шыңында орналасқан алтын түстес бояу мен әрленген алып құс – самұрық Қазақстанның тыныштығын күзетіп тұр деген ойды береді.   
Түсінің ақ болуында да өзіндік мән-мағына бар. Ол қазақстандықтардың бауырмал, көңілі ақ екендігін аңғартады. Байқасақ, көптеген елдерде орнатылған мұндай стелалар қара, кейде тіпті қызыл түсті болып келеді. Ол тиісінше қара күш пен қанның белгісі іспетті. 
Монументтің сыртқы бөлігінде 28 колоннадан тұратын жалпы ұзындығы 120 метрлік доғалдар орнатылған. Стеланың өзі осы ақ колоннаның қақ ортасында, қызыл граниттен жасалған төрт қырлы тұғырға отырғызылған. Оның төрт қырлы болған себебі – дүниенің төрт бұрышына да Қазақстанның құшағы ашық, көңілі адал дегенді айғақтайды.
Орталық барельеф  «Халық және Президент» деп аталады. Мұнда Елбасы мен халықтың бейнесі көрсетілген. Президенттің сыртындағы халық  қазақстандықтар, олардың бейбіт, мейірімді көңілін ұшып жүрген қарлығаштар дәйектейді.
Монументтің оң жағындағы екінші барельеф  «Қаһармандық» деп аталады. Онда Отан қорғау қазақ ұлдарының ежелден қасиетті борышы болғанын көрсететін бейнелер жинақталған. Соның ішінде ерлік пен елдікке үндеген жыраудың, ат үстіндегі ел қорғаған сарбаздың және қолында автоматы бар жауынгердің елдің шебін күзеткен бейнелері орналастырылған.
Батыс жақ беттен орын тепкен «Жасампаздық» атты барельефте авторлар Қазақстанның көшпелі дәуірден ғарышқа ұшқанға дейінгі жолын бейнелемек болған. Сондағы жасампаздықты туғызған ғалымдар мен инженерлер, металлургтер мен диқандар бейнесі көрінеді. Ал монументтің шығыс жағындағы «Болашақ» атты барельефте тәуелсіз елде өсіп, өз тағдырларын өздері жасап, ғылымда, мәдениетте, спортта үлкен жетістіктерге жетіп келе жатқан қазақстандық жастардың көңілді шақтары бейнеленген.
Бұл идеялардың бәрі Қазақстан халқының тәуелсіздік алғандағы шаттанған сезімдерін бейнелеген «Бірлік» атты мүсіндік композициямен қорытындыланады.
Осындай шығармашылық ізденістен туған монумент тәуелсіз мемлекет төрінде тұрып, қашанда ел ертеңінің жарқын боларына зор сенім сыйлайды. Бейбіт елде, берекелі ғұмыр кешіп отырған бүгінгі ұрпақ тарихын танып, бабасынан қалған асыл мұрасын көзінін қарашығындай сақтауды өзіне міндет еткен. Ал «Қазақ елі» секілді монумент болашаққа жоспар құрып, аяқты нық басуға сеп болмақ.

Мереуерт Молдағалиева

Қатысты жаңалықтар

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

29.01.2026
«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

29.01.2026
Жерасты суын пайдалану ережесі: Құдық қазу үшін рұқсат керек пе?

Жерасты суын пайдалану ережесі: Құдық қазу үшін рұқсат керек пе?

29.01.2026
«Лукойл» активтерін АҚШ компаниясына сатып, Қазақстандағы үлесін сақтап қалмақ

«Лукойл» активтерін АҚШ компаниясына сатып, Қазақстандағы үлесін сақтап қалмақ

29.01.2026
Су пайдалану лимиттері, су қоймаларының құрылысы, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау: Қанат Бозымбаев Жетісу облысына барды

Су пайдалану лимиттері, су қоймаларының құрылысы, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау: Қанат Бозымбаев Жетісу облысына барды

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.