Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚАЛАЙ ҚҰРАМЫЗ? ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУ

16.11.2022
ҰЛТ ҰЯТЫ
ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚАЛАЙ ҚҰРАМЫЗ? ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУ
WhatsAppTelegramFacebook

Жасыратыны жоқ, бүгінгі күні қара басының қамы мен асқазанының ау-жайына ғана алаңдайтын атқамінерлердің, парасаттылықтың парқына бойламайтын парақорлардың, ел қазынасын шімірікпестен жұтқыншағына қылғыта салатын жемқорлардың кесірінен өркениеттің даму көшіне ілесуді мақсат тұтқан еліміздің алға қадам басуына тұсау, кемелденуіне кедергі келіп тұр. Қоғамның барлық сатысында қаптап үлгерген дертті одан ары асқындырмаудың жолы қандай?! «Жаңа Қазақстан» деген тек жалаң ұран болып қалмас үшін не істемек керек?! Жемқорлықтан ада қоғамды қалай қалыптастырамыз?! Міне осы сұрақтар төңірегінде аз-маз ой жүгіртіп көрейік.

Осы күнге дейін шекеміздің шылқып, сүрепетіміздің сүреңсізденгеніне де аталған кеселдің дендеп алғаны себеп болып отыр. Онымен қоса, оңай ақшаны олжа санайтын оспадарлардың  да айы оңынан туып, күні шығыстан атуда. Қулығына құрық бойламайтындардың жеме-жемге келгенде жазадан жылыстап кететіні тағы бар. Тере берсең, таңды таңға ұрып, талай күнді атыруға болады. Ең бастысы, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық пен пара берудің, пара алудың жолын кесуде қоғамдық белсенділік танытуымыз қажет. Әйтпесе, сол баяғы «айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарадының» кебін кимесімізге кім кепіл?

Қарап отырсақ, саяси институттар қалыптасқан мемлекеттерде жемқорлық деңгейі айтарлықтай төмен. Неліктен? Өйткені, оларда тәуелсіз азаматтық қоғамның әлеуеті анағұрлым жоғары болып келеді. Жемқорлықпен күресте бізге де осы тәжірибеге сүйеніп, демократиялық саяси институттардың белсенділігін арттырған жөн. Ол үшін ең әуелі ашық һәм бәсекеге қабілетті сайлау негізінде жасақталған Парламент, Сөз бостандығы мен Баспасөз еркіндігі, сондай-ақ, тәуелсіз әрі әділ жұмыс істейтін сот жүйесін қалыптастыру қажет. Осы  институттар толық жүзеге аспайтын болса, жемқорлық тамыры одан ары тереңге жайыла бермек.

Қазіргі күнге дейін жемқорлықпен күресу үшін түрлі әдістер қолданылып келді. Соның ішінде, жемқорлық фактілерімен ұсталған азаматтарды жұмыстан аластатып, ол лауазымға қайта орала алмайтындай еттік, айыпқа тарттық, соттадық, түрмеге тоғыттық. Алайда одан бәлендей бір марқадам таппадық. Себебі, біреуін жазалағаныңмен, тура сондай тойымсыз екінші бір тоғышар пайда болады. Осы себепті де, халық арасында ағарту жұмыстарын, қарсы насихат шараларын тереңінен жүргізу керек. Бақа есебін бәрінен биік қоятын бұндайлардың таным-түсінігіне төңкеріс жасамай, нақты нәтижеге жетемін деу – сөкеттік болар. Жауырды жаба тоқып, жалған ұранды алға сүйрегеннен табатынымыз шамалы. Дегенмен, осы бір кеселдің кесепатын келер ұрпаққа жеткізіп кетуде ағартушылық жұмыстарының алатын орны ерекше екені ақиқат. Өйткені, «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді ғой қазақ. Мұны тек денсаулыққа ғана емес, жалпы қоғамға қара айтылған сөз деп қабылдаған ләзім. Олай дейтініміз, біз тек мәселенің себеп-салдарымен ғана күреспей, оны болдырмаудың алғышарттарына үңілуге тиістіміз. Сол уақытта ғана қоғамның саулығы, яғни жемқорлықтан ада қоғамның қалыптасатыны лажсыз.    

Сана саңылауымызға шегеленіп қалған стереотиптер тәуелсіз ойлауға әлі де кесірін тигізіп келеді. Осы ретте Шәкәрімнің «ноқталы ой» туралы айтқаны ойыма оралып отыр. Жалпы қазақ тұрмысында мінезді жылқыларға ауа жайылып кетпесін деп «шідер», «тұсау» салады. Шідер жылқының алдыңғы екі аяғын, оған қоса артқы бір аяғын қоса тұсайды. Үш аяғы тұсалған жылқы ешқайда да кете алмайды. Айтпағым, қазақ халқының санасына да осындай бір «шідер» салынып тұрған сықылды. Тәуелсіздік ол «шідерді» алып тастағандай еді, алайда біз әлі «шідерлі» қалыпта секілдіміз. «Шідер» жоқ, дегенмен «шідерлі ойлау» сақталған. Бәрінің де асап қалғысы, қолында барда қонышынан басқысы келіп тұрады. Бірақ та «жылан болсаң дәуіт бар, жуан болсаң халық бар» деген халық нақылын ұмытпаған абзал.

Темірлан АЙТБАЕВ,

журналист

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.