Талдықорған: +18°C
$ 474.47
€ 541.37
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ұлттық бірліктің өзегі

03.07.2026
КҮНДЕРЕК
Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді

Ақорда баспасөз қызметі

WhatsAppTelegramFacebook

Құрылтай – терең тарихи тамыры бар саяси институт. Қазақтың мемлекеттік басқару дәстүрінде бұрыннан бар. Сондықтан оны бүгінгі Қазақстан үшін мүлде жаңа құбылыс деп айтуға болмайды. Керісінше, қазіргі Ұлттық құрылтай – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мемлекет басқару тәжірибесінің заңды жалғасы.

Кез келген халықтың қоғамдық-саяси және рухани дамуында тарихи сабақтастықтың орны ерекше. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда Құрылтай институтының қайта жаңғыруы – ұлттық мемлекеттіліктің тарихи дәстүрлерін қазіргі заман талаптарына бейімдеудің көрінісі. Құрылтай дәстүрі қазақ тарихында әсіресе XVII–XVIII ғасырларда кеңінен дамыды. Оның жарқын үлгісі – әз Тәуке ханның билік құрған кезеңі. Тарихи деректерге сәйкес, Тәуке хан шамамен 1680 жылдан 1715 жылға дейін қазақ елін басқарды. Ол халықтың бірлігін нығайтып, мемлекеттің тұтастығын сақтаған көреген мемлекет қайраткері ретінде тарихта қалды. Бұл кезең қазақ тарихында «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деген теңеумен сипатталады. Сол кезеңде құрылтайлар ел тағдырына қатысты ең маңызды мәселелерді шешетін жоғарғы кеңес қызметін атқарды. Аталмыш институттың мақсаты – халықтың бірлігі мен ынтымағын сақтау, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ел дамуының стратегиялық бағыттарын айқындау.

Құрылтайға қазақ халқының игі жақсылары – хандар, сұлтандар, билер, батырлар мен ру ақсақалдары қатысып, ел тағдырына қатысты ортақ шешім қабылдаған. Сондықтан құрылтайды бүкіл халықтың ұлы басқосуы, жалпыұлттық кеңесі деп бағалауға болады. Тарихи деректерге сүйенсек, алғашқы ірі құрылтайдың бірі – Түркістан маңындағы Күлтөбе сияқты қасиетті орында өткен. Бұл жиында әскери қолбасшыларды тағайындау, жауға қарсы қорғаныс жоспарын бекіту, қазақ хандарын сайлау, олардың өкілеттігі мен міндеттерін айқындау секілді аса маңызды мемлекеттік шешімдер қабылданған. Осы тұрғыдан қарағанда, құрылтай сол дәуірдегі ең жоғары саяси әрі құқықтық мәртебеге ие мемлекеттік орган қызметін атқарды деуге толық негіз бар.

Бүгінде бұл тарихи дәстүр жаңа мазмұнмен жалғасып отыр. Құрылтай қоғамның өзекті мәселелерін талқылайтын, халық пен билік арасындағы ашық диалогты нығайтатын маңызды қоғамдық институтқа айналды. Бұл – қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығын сақтай отырып, жаңа Қазақстанды дамытуға бағытталған маңызды қадам.

Сонымен қатар елімізде маңызды саяси науқандардың бірі – сайлау үдерісі өтуде. Парламент Мәжілісінің депутаттары партиялық тізім арқылы сайланады. Әр азаматтың қандай да бір саяси партияның мүшесі болу немесе болмау құқығы өз еркінде. Алайда партиялық тізім жүйесі арқылы өз қабілеті мен мүмкіндігін пайдаланып, халық сеніміне ие болып, Құрылтай құрамына сайлануға әрбір азаматтың конституциялық құқығы бар.

Жапар Әділбеков,
заң ғылымдарының докторы

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысында сел жүру қаупі бар

Жетісу облысында сел жүру қаупі бар

03.07.2026
Талдықорған жағажайында тәртіп бұзғандар жауапкершілікке тартылды

Талдықорған жағажайында тәртіп бұзғандар жауапкершілікке тартылды

03.07.2026
«Әділет» партиясы бизнестің ұсыныстары негізінде жаңа өнеркәсіп саясатын әзірлейді

«Әділет» партиясы бизнестің ұсыныстары негізінде жаңа өнеркәсіп саясатын әзірлейді

03.07.2026
Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді

Ұлттық бірліктің өзегі

03.07.2026
Cу қауіпсіздігін нығайтатын 42 жаңа жоба іске асады

Cу қауіпсіздігін нығайтатын 42 жаңа жоба іске асады

03.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.