Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақстандық Әсем Әубәкір табылды. Бұл туралы оның туған әпкесі Рузана әлеуметтік желіде мәлімдеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Әпкесінің айтуынша, ол Әсемді алып кету үшін Вьетнамға жолға шыққалы жатыр.
«Әсемді таптық. Маған оның қазір қандай жағдайда екенін айтуға болмайды. Қазақстан Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктеріне, полиция қызметкерлеріне және барлық көмектескен адамдарға алғысымды білдіремін.
Қазір ол консул Тимурдың қасында. Мен онымен бейнеқоңырау арқылы сөйлестім. Басқа ештеңе айта алмаймын. Бастысы – оны таптық», – деді Рузана.
Айта кетейік, бұған дейін 1999 жылы туған қазақстандық Әсем Әубәкір Вьетнамға сапары кезінде хабар-ошарсыз кеткені хабарланған болатын. Ол соңғы рет 6 наурыз күні Хошимин қаласында жүргенде туыстарымен байланысқа шыққан. Содан кейін жақындары онымен байланыса алмай қалған.
Қызды іздеу жұмыстарына Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігі мен жергілікті құқық қорғау органдары да тартылған еді.





