Талдықорған: +24°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Заманауи тәрбиеші қандай болуы керек?

04.04.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Заманауи тәрбиеші қандай болуы керек?
WhatsAppTelegramFacebook

Тәрбиеші – баланың екінші ата-анасы, алғашқы ұстазы. Жас баланың өміріне жол сілтейтін дара тұлға. Оған артылған жауапкершілік жүгі тым ауыр. Сондықтан болар, тәрбиешінің ең басты міндеті – әр баланың бойындағы жақсы қасиеттерді ашып, оларды дұрыс бағытта дамытып, еліміздің ертеңгі тізгінін қолына ұстайтын нағыз адал азамат тәрбиелеу.

Тәрбиеші мамандығын таңдаған, «бала жанының бағбаны боламын» деп қалаған әрбір жан ең бірінші баланың мөлдір бұлақтай тұп-тұнық әлеміне жарқыраған күндей шуақ шашып, сәбиді жан жүрегімен жақсы көріп, жеткіншекке төнген қауіп-қатердің алдына ала білгені жөн. Міне, осы қасиеттерді бір бойына жиған адам ғана адамзатты тәрбиелейтін мамандықты жан-тәнімен жақсы көріп, істей алады. Себебі бүгінгі жас буын ертеңгі елдің жалынды жастары, жеке дара тұлғасы болып қалыптасатыны заңдылық.

Күн сайын емес, сағат сайын дамып келе жатқан заманда тәрбиешіден тек кәсіби білім ғана талап етілмейді. Рухани азыққа шөліркеп жүрген кезеңде баланың бойына рухани мол азықты егу де тәрбиешінің міндетіне жатады. Сол үшін мамандығын сүйген, «мамандығым – мақтанышым» деп білген әрбір маман шығармашылық ізденісті рухани байлықпен ұштастыра білгені жөн. Қазақтың бесік жырымен, аңыз, әңгімелерімен, лиро-эпостық жырларымен балаларды сусындатса, олардың болашағы жарқын болары анық. Сол әлемнің қақпасын ашу үшін тәрбиеші нәзік сезім мен терең түсінікке ие болуы қажет. Баланың бойындағы ұшқынды байқап, оны алауға айналдыру – нағыз шебер тәрбиешінің қолынан келетін іс. Сол себепті де тәрбиеші тек білім беруші ғана емес, әр баланың жүрегіне жол тауып, оның жан дүниесін нұрландыратын шамшырақ іспетті.

Баланың алғашқы ұстазы, сенімді досы, кейде тіпті, өмірлік бағдар берушісі болған тәрбиеші баланың қуанышына ортақтасып, қиын сәттерінде қолдау көрсететін жан. Осындай қасиеттер арқылы ғана тәрбиеші баланың сеніміне ие болып, оның шынайы дамуына ықпал ете алады. Ал бүгінгі қоғам дамыған, өз-өзіне сенімді, дамушы ұрпақты күтеді.

ХХІ ғасыр тәрбиешісі – жаңашыл тұлға болуға міндетті. Ол заман ағымына ілесіп, жаңа технологияларды меңгеріп, оларды тиімді қолдана білуі керек. Бірақ технология қаншалықты дамыса да, адами құндылықтар әрдайым басты орында тұруы тиіс. Себебі нағыз тәрбие – жүректен жүрекке жететін жылылықта, мейірімді, таза махаббатта жатыр. Баланың әлемі ең таза әлем. Кіршіксіз таза ниетті, ақ адал көңілді, мөлдір махаббатты лайлауға, былғауға, ластауға ешкімнің қақы жоқ. Біз тілге тиек еткен заманауи тәрбиеші осындай олқылықтың алдын алатын, жаңалыққа ұмтылатын, адамгершілік қасиеттерді бәрінен биік қоятын, білім мен мейірімнің, жаңашылдық пен жауапкершілікті бір бойына жия білетін тұлға болуға міндетті.

Маржан ҚАБЫЛЖАН,
«Жетісу облысы білім
басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің «Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта
мектеп» КММ «Айжұлдыз» шағын
орталықтың тәрбиешісі

Қатысты жаңалықтар

Отбасы – қауіпсіздік бастауы

Отбасы – қауіпсіздік бастауы

04.04.2026
Заманауи тәрбиеші қандай болуы керек?

Заманауи тәрбиеші қандай болуы керек?

04.04.2026
Жұрт жұмылған күн: тазалық пен тал егуге ұласқан тағылым

Жұрт жұмылған күн: тазалық пен тал егуге ұласқан тағылым

04.04.2026
Аққан жұлдыздың жарығы

Аққан жұлдыздың жарығы

04.04.2026
Тәртіп –  елдің тұтқасы

Тәртіп – елдің тұтқасы

04.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.