Талдықорған: -12°C
$ 489.39
€ 567.99
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңғыру мен дамудың даңғыл жолы

11.03.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Бабалар рухы кернеп тұр

egemen.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ Жарлығымен бекітілген Конституциялық комиссия елдің болашағы үшін стратегиялық маңызы бар Конституция жобасын әзірледі. Мемлекетіміздің Конституциялық реформасы халықаралық үрдістен тыс құбылыс емес, керісінше әлемдік конституциялық дамудың жалпы логикасына толық сай келеді.

Көптеген мемлекет өзінің саяси, әлеуметтік және экономикалық трансформациясына қарай негізгі заңын кезең-кезеңімен жаңартқан. Мәселен, Франция, Үндістан, Мексика және Бразилия Конституциясын жиі өзгерткен елдердің қатарында. Ал Конституциясына сирек өзгеріс енгізетін мемлекеттердің қатарына тұрақты институты бар, соттық түсіндіруі жоғары, саяси консенсус орныққан елдер жатады. Мысалы, АҚШ пен Норвегияда қатаң рәсімдер мен құқықтық сабақтастық принципі басым. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанның Конституцияны реформалау тәжірибесі оқшау емес, керісінше әр елдің даму қарқыны мен басқару моделіне қарай өзгеріп отыратын әмбебап әлемдік тәжірибе екенін көрсетеді. Сонымен қатар, жаңа Конституция біздің тарихымызбен, мәдениет және салт-дәстүрімізбен тікелей байланысты. Қазақ даласындағы құқықтық мәдениет ғасырлар бойы үздіксіз дамып отырды. Көшпелі өркениет жағдайында құқық тек нормалар жүйесі емес, өмір сүру философиясы, қоғамды ұйымдастыру әдісі, адамдар арасындағы үйлесімнің коды болды.

Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» тек құқықтық құжаттар ғана емес, сол дәуірдің дүниетанымын, моральдық-этикалық өлшемдерін, әділдік туралы түсінігін көрсеткен заңдық норма. Онда адамның құқығы, қоғамның тұрақтылығы, ұрпақ пен жерге деген жауапкершілік, дауларды әділ шешу принциптері нақтыланды. Ұлы Даланың философиясын негіздейтін дүниета- ным – еркіндік пен жауапкершіліктің, әділдік пен адамға құрметтің ерекше синтезі.

Қазақ жерінде Конституция 5 рет өзгерді. Тәуелсіздік алған кезден бастап, 1998, 2007, 2011, 2017, 2019, 2022 жылдары Конституцияда өзгерістер болды. Ал жаңа Конституция жобасындағы өзгерістердің маңыздысы – халықтың толық қатысуына негізделген ашық қоғамды құру, адам құқықтарын қорғау, барлық деңгейде тиімді, есеп беретін Әділетті мемлекет құру, «Мықты Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Заң және Тәртіп» қағидаттарын орындау мақсаты тұрды. Конституциялық реформа 2019 жылдан бастап елімізде демократиялық құндылықтар негізінде Қазақстанның саяси жүйесін трансформациялау және жаңғырту бойынша атқарылған жұмыстардың жалғасы, саяси реформалардың 4 пакетінің негізгі бағыты.

1995 жылғы Конституция қабылданған кезден бері 30 жыл ішінде саяси жүйе көптеген өзгерістерге түсті. Жаһандық үдерістер, жасанды интеллект, электронды коммерция, генеративті технология, креативті инновация, бұлттық жүйелер адамзат дүниетанымын толығымен өзгертуде. Ақпарат алмасу жылдамдығы секундтармен есептелсе, бүгін милисекундтармен шешілуде, графикалық (GPU), тензорлық (TPU), тілдік процессорлар (LPU) мен басқа да есептеу ресурстары үлкен және сапалы деректер экожүйесін құруда. Жаңа технология, цифрлы дәуір халықтың сұранысын арттырды, әділетті қоғам құру, олардың басқару жүйесіне қатысты талаптары күшейді. Қоғамның өзгеруі, мемлекетті әділ әрі тең басқару, саяси тұрақтылықты нығайту, халықтың билікке, прокуратура, сот жүйесіне сенімін арттыру қажеттілігі туындады. Конституция өзгерістері осы қоғамдық сұранысқа жауап ретінде қаралды. Ауқымды саяси реформалардан басқа Конституцияны өзгертудің маңызды себебі – ұсақ қателер мен дәлсіздіктерді түзету. Осы мақсатта заңгерлер де, тәжірибелі лингвистер де тартылды.

Конституцияда Қазақстанның терең тарихы мен мұрасы, неке мен отбасы құндылықтары, құқықтық мемлекет құру принциптері, табиғат пен қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселелері көрініс табатын болады. Жаңа Конституцияда жан-жақты цифрландыруды есепке алу да маңызды рөл атқарады. Адам құқықтарына арналған бөлімде елеулі өзгерістер көзделген. Мемлекеттің адамға бағдарланған сипаты күшейтіліп, жекебасының қол сұғылмаушылығы, цифрлық дәуірдегі дербес деректерді қорғау, әлеуметтік және мәдени құқықтар, құқықтық айқындық қағидаттары нақты бекітілді. Осылайша, Конституциялық реформа 1995 жылғы мәтінді жай ғана жаңарту емес, мемлекеттің рөлі мен билік жүйесін, қоғаммен өзара қарым-қатынасын терең қайта ойластыруға бағытталған кешенді қадам. Медиа көрсетілімдер мен мерзімді басылымдарда, сайттар мен әлеуметтік желілерде жарияланған ақпараттарға сәйкес 10 мыңға жуық түскен ұсыныс-пікір ескерілді. Бірақ, біз Конституцияға барлық норманы егжей-тегжейлі кіргізе алмаймыз, ол мүмкін емес. Себебі, Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесіндегі ең жоғарғы заң күші бар нормативтік акт. Ол тек заңдық құжат қана емес, мемлекеттің саяси, әлеуметтік және құқықтық дамуын айқындайтын ғылыми-құқықтық феномен. Конституцияны ғылыми тұрғыдан зерттеу конституциялық құқық ғылымының негізгі бағыттарының бірі.

Жаһандану заманында Конституцияның рөлі артып, ол тек нормалар жиынтығы ретінде емес, қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын реттейтін кешенді құқықтық модель ретінде қарастырылды. Осыған орай Конституцияның ғылыми-құқықтық мәніне, теориясына, негізгі ғылыми принциптері және функцияларына мән берілді. Конституция қабылдану процесінде негізгі қағидалар мен қабылдау тәртіптері толығымен сақталды.

Конституция – құқықтық мемлекет қалыптастырудың, адам құқықтарын қорғаудың және демократиялық басқаруды қамтамасыз етудің негізгі ғылыми-құқықтық іргетасы. Әрбір азаматтың парызы – Ата Заңның қағидаттары мен нормаларын ұстану, конституциялық құндылықтарды қорғау, мүлтіксіз орындау. Басты мақсатымыз – Тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтап, елдігімізді тұғырлы, мемлекетімізді ғұмырлы ету.

Ғалиасқар САРЫБАЕВ,
ҚР Сенат депутаты, Халықаралық
қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Қатысты жаңалықтар

Ақылы жол

Ақылы жол

11.03.2026
Қасиетті келісім

Әділетті қоғамның берік негізі

11.03.2026
Бабалар рухы кернеп тұр

Жаңғыру мен дамудың даңғыл жолы

11.03.2026
Жетісуда Халықаралық волонтерлар жылы ашылды

Жетісуда Халықаралық волонтерлар жылы ашылды

11.03.2026
Әкеге қарап  ұл өсер

Әкеге қарап ұл өсер

11.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.