Талдықорған: -2°C
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

АҒАРТУШЫ

16.04.2024
ЖАНСАРАЙ
АҒАРТУШЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен ғасырдың 20-шы жылдарының басында Талдықорған уездік ағарту бөлімін басқарған Мәкей Еркінбеков ұстаздықпен қатар ашаршылықта қырылып қала жаздаған қазақты аман алып қалуға атсалысқандардың бірі. Ол Ілияс Жансүгіровпен, Қуат Терібаевпен, «Мамания» мектебінде ұстаздық еткен жетісулық алғашқы ағартушылардың бірі – Мейірман Ермектасовпен рухани дос болған. Зиялылар Қапалдың Мұзбұлақ тауында бас қосып, ел, жер жайлы өлең оқып, әңгіме өрбіткен. Отызыншы жылдардағы аштық кезінде Мәкей Еркінбеков білім саласындағы басшылық қызметті өткізіп беріп, ата-анасыз қалған жеткіншектерге балалар үйін ашуды қолға алады. Ел басына күн туғанда жайлы орынды тастап, қазақтың қырылып кетпеуін ойлағандығы оның қайраткерлік келбетін байқатады.


1895 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақешкі ауылында дүниеге келген Мәкей Еркінбеков 1905 жылы Қапалдағы жетіжылдық татар мектебін бітіріп шығады. Оқыған, қызмет істеген ортасында тектілігімен ерекшеленген білімді, өткір азаматтың ұйымдастырушылық қабілеті мен жас ұрпаққа білім берудегі табандылығы жүрген ортасын тәнті етеді. Оқытқан балалары бірден жоғары оқу үлгеріміне қол жеткізетін беделді азамат небәрі 29 жасында Талдықорған уездік ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалады. Сол жылдары Қытаймен шегаралас жатқан Баласаз ауылына мектеп салдырып, басқаруға өзі барады. Осылайша, Қарағаштағы коммуна мектебін, Қарасу орталау мектебін ашып, ел игілігіне ұсынады. Бұл жөнінде ақсулық ақын Бекболат Атамбаев: «1936 жылы Қарасу мектебінің жанынан өзі бас болып балалар үйін ашады. Ол ата — анасы аштықта қайтыс болып, қараусыз қалған жетімдерді ат арбамен ел аралап жүріп жинайды. Өзі шаруашылық құрып, астық, тары, жүгері өсіріп, алқапты балалармен күтіп-баптайды. Мәкей Еркінбекұлының қамқорлығын көргендер ол кісінің жанашырлығын, шыншылдығын ерекше ықыласпен айтатын», – дейді.

Мәкей Еркінбеков ашқан балалар үйінде тәрбиеленген Қазақ Ұлттық ғылым академиясының академигі, қазыналы қария Жүрімбек Сыдықов көзі тірісінде жазған бейнежазбада: «Қолдан жасалған аштық біздің Ақсу өңірін де жайлады. Сол кезде ата-анасыз қалған жетімнің бірі мен едім. Мен Мәкейді көргенде Абайды көргендей сезінетінмін. Дене бітімі, сөз саптауы ерекше еді. Ол ұстаздардың бірі емес, бірегейі еді десек болады. Мәкей отырған жерге батылы жетіп ешкім кіре алмайтын. Ол Жәнібек ханның ұрпағы Атыхан сұлтанның немересі. Қазір ойлап тұрсам, өткірлігі тегіне тартқан екен. Ілиястың өзі Мәкейді көргенде: «Төрем, амансың ба?», – деп қол созады екен. Менің жазуым жақсы болғандықтан қасына жиі шақырып алатын. Сыныпқа кіріп: «Сыдықов, жүр», – деп ертіп әкететін. Барып құжаттарын жазатынмын. Бір күні кабинетінде жазу-сызуына көмектесіп отырғанмын. Сол кезде «Ілиясты ұстап әкетіпті» деген хабар келді. Сонда Мәкей: «Мүмкін емес. Ол ақталады, қайтып келеді. Оның тірі жанға қиянаты жоқ қой», – деп отырып қалды. Содан көпке дейін өз-өзіне келе алмай, ой үстінде жүрді», – деп сол күндерді еске алады.

Мәкей Еркінбековтың ақындық өнері де болған. 1975 жылы ақынның өлеңдері жазылған 5 дәптер Мұхаметжан Тынышпаев атындағы өлкетану мұражайына өткізілген. Бірақ, өкінішке қарай, дәптер табылмай жатыр. Оның «Кәденге» деген өлеңі қолымызға тиді.
Бір-екі ауыз сөзімді, 
Кәденжан, саған арнадым.
Кернеді шаттық өзімді,
Болғандай ғасыл арманым.
Білімге бөлдің көңілді,
Әр саласын қармадың.
Күндіз-түні сарылып,
Оқудан басты алмадың, – деп баласының талабына қуанады. Осыдан бірнеше жыл бұрын ағартушының немересі Бақыт Кәденқызы Мәкей атасының басына құлпытас орнатып, көптің ықыласына бөленді.

Мәкей Еркінбеков дәріс берген балалардың барлығы жақсы оқыған. «Оқушыларының 62,3 пайызы өте жақсы деген баға алған. 100 бала мақтау төсбелгісімен марапатталған.  45 оқушысы қорғаныс үйірмесін қамтыған», – деген дерек республикалық мұрағаттан алынды. Мәкей Еркінбек- ұлы осы еңбегі үшін «Республикаға еңбегі сіңген мұғалім» атағын алады. Аталмыш марапатты 1941 жылы 24 сәуірде облыстық білім басқармасының басшысы Айтмұханбетовтың табыс еткені жайлы құжат бар. Ал: «От имени Президиума Верховного совета союза СССР вручены медали за доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 год по аппарату, коллективу исполкома, Райсовета и райкома (КП/бК) Хозяиственный организаций и аулсоветов», – деп келетін мәтіндегі медальді Мәкей Еркінбекұлына 1946 жылы 24 шілдеде Ақсу атқару комитетінің төрағасы Мақсұтхан Құсайынов табыс еткені де мұрағаттан табылған.

Еркінбеков ұстаз, Қазақ Ұлттық ғылым академиясының академигі Жүрімбек Сыдықов, Ақсу ауданының Құрметті азаматы, кезінде  аудандық білім бөлімін басқарған Бейсебек Қорғанбаев, профессор Иманбек Сүлейменов, «Алтын Адамды» тапқан археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовті оқытып, тәрбиелеген.

Жүрімбек Сыдықов естелігінде ұстазының адалдығы жайлы: «Ол кезде екі-үш жас айырмашылығы бар балалар бір сыныпта оқи беретін. Мен Мәсіммен бірге оқыдым. Мәсім менен үш жас үлкен еді. Мәкей балалар үйі үшін шаруашылық құрды. Бәріміз сол кісінің бастауымен астық, жүгері алқабында, диірменде жұмыс істейтінбіз. Астықты сол маңдағы Дмитрий деген орыстың диірменіне апарып тартқызатын. Нан жапқызатын. Бәрін өзі ат арбамен таситын. Жетім балалардың несібесін басқаға сеніп тапсырмайтын. Мәкей аға тамақ ішкенімізде қасымызда қарап отыратын. Сөйтіп, жасы үлкендер мен бұзықтар әлсіздердің асын тартып алмауын қадағалайтын. Бәрімізге асты қылдай қылып бөліп беретін.

Кейіннен 46 жылы балалар үйі жабылатын болды. Сол кезде Мәкей мұғалім балалардың туыстарын іздестірді. «Бауырларыңызды алыңыздар!» деп ұл-қыздардың жамағайын туыстарына барып жүрді. Мүлде туысы табылмағандарды баласы жоқтардың бауырына салады. Ол балаларды үлестіріп бергеннен кейін де сол үйлерге барып, жағдайды қадағалап жүрді. Тәрбиелеп алған ата-аналар балаларға қалай қарап жатқанын назарда ұстайтын. Сол кезде Мәкей өзі де ауыр сырқат еді. Жанын жеген кеселге қарамай балалардың жыламауын, аш қалмауын қадағалайтын», – деген еді.

Жетісудың ардақты ағартушысы жайлы «Мәңгілік елдің Мәкейі» атты кітап жарық көрді. Онда ағартушының көзін көрген, өмірін зерттеген, мұрасын ардақтаған азаматтардың естеліктері, еңбектері жарияланып, архивтік құжаттар айшықталды. Мәкей ұстазды ардақтау барысында Еңбек (Бұрынғы Қарасу) ауылында ұстазға арнап құлпытас қойылып, аштықтан қайтыс болған жетім балалардың қорымы қоршалды. Жетімдерді қамқорлығына алып, оқытып, тамақтандырып, бағып-қаққан ағартушының ұстанымы, ұлтына адалдығы әр қазаққа үлгі болса, кәнеки!

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

05.02.2026
 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

05.02.2026
Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

05.02.2026
Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

05.02.2026
Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.