Талдықорған: +1°C
$ 502.27
€ 597.15
₽ 6.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Адалдықты ту еткен

27.01.2026
ЖАНСАРАЙ
Адалдықты ту еткен
WhatsAppTelegramFacebook

Мына жалған пәниде түрлі пенде кездеседі. Біреулер сөз алса сөзін, жөн айтса жөнді өткізіп, үріп ішіп, шайқап төгіп өмір сүрсе, кейбіреу ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп-ақ жолы болғыш, өрге шалып, ылдиға басып жүріп баз кешеді. Енді біреу судың бір толып, бір қатқанындай бірде бар, бірде жоқ, бар болса барына айналып, жоқ болса жоғына толғанып, бір тоқашқа тоятын қанағатшыл, жан пендеге қиянат жасамай, адам баласына мінез көрсетіп, дауыс көтермей, үлкеннің де, кішінің де алдына түсіп бәйек қаққанын ар санайтын, ай мен күннің айғайламай шығатынындай, бетегеден биік, жусаннан аласа кейіпте, жанының тазалығын, адалдығын баға жетпес байлық санайды.

Сондай адамның қатарына бүгінде жасы жетпістен асқан еңбектің қараторысы, ардақты әке, асыл жар, туған жерге ту тігіп отырған Төлеген Мүсәпіровті жатқызар едік. Кейде адамның өмірбаянын білу арқылы үлкен бір ортаның немесе ауқымды да мазмұнды қоғамдық жұмыстың тұтас жүйесімен танысқандай боласың.

1955 жылдың желтоқсан айында Ескелді ауданы, Шұбар ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген Төлегеннің әкесі Аппақ Мүсәпіров ірілендірген 3 ұжымшардан құралған Сталин атындағы ұжымшардың егіс бригадирі болып қызмет атқарғанын білеміз. Өмір бойы жауапты лауазымды абыроймен атқарған Аппақ ағамыз зейнетке шығар алдында мұрап болды. Адал еңбегінің арқасында 1958 жылы «Социалистік Еңбек Ері» атағын алды. 1963 жылы Кеңес Одағының Батыры Матай Байысов атындағы Шұбар орта мектебіне барған Төлеген 1973 жылы Алматыдағы ауылшаруашылық институтына түсіп, туған ауылына агроном болып оралады. Облыстық комсомол комитеті қызметке шақырған жас маманды сол тұстағы ұжымшар бастығы Көшкінбай Жанатов сыртқа жібермей: «Өзім өсіремін, әкеңнің орнына бригадир боласың» – деп қолқалайды. Расында бригадирлік, агрономдық қызметті жақсы атқарған Төлеген көп ұзамай ұжымшар бастығының орынбасарлығына тағайындалады. Берілген тапсырмаға асқан жауапкершілікпен қарайтын орынбасарына Көшкінбай Жанатов сенім артып, күнделікті жұмыстарды жоспарлайтын, кімнің қайда баратынын анықтайтын лездеме жиналысын жүргізуді жүктеді.

Егіс басына ерте келіп, кеш кететін оның қызметке төселгені соншалық, кей жылдары еңбек демалысын да алмайтын. Оның іскерлігін, еңбекқорлығын, адамгершілігін, қарапайымдылығын, адалдығын білетін басшылықтан ұсыныс жиі айтылатын. Бірде Қаратал ауданынан келген екі-үш жігіт Төлегенді Қаратал ауданына әкім болуға шақырып, жоғары орындарға ұсыныс-тілек беретіндерін айтады. Сол жылы басқарма басшысы Көшкінбай Жанатовтың ұлы қайтыс болған-ды. Осындай қиын шақта бастығын жалғыз тастап кетуге қимайды.

2005 жылы Алдабергенов ауылдық округінің бір топ ақсақалы аудан әкімінен өздері жақсы білетін, көз алдарында өскен Төлеген Мүсәпіровті округке әкім етіп қоюын сұрап, өтініш білдіреді. Аудан әкімі әлгі ұсынысты айтқанда Төлеген: «Ұсынысыңызға рахмет! Жеке шаруа қожалығын құрсам деген жоспарым бар еді» – деп бас тартады. Алайда 2006 жылы Нұрмолда Алдабергеновтің туғанына 100 жыл толуына байланысты өтетін ауқымды тойды өткізіп беруді өтінген аудан әкімі: «Одан кейін істемеймін десең өзің білесің» – дейді. Осылайша ауылдық округ әкімі болып шыға келген Төлеген зейнеткерлікке шыққанша 12 жыл тынымсыз еңбек етті.

1980 жылы Алдабергенов ауылының тұрғындары осы ауылда бригадир болып еңбек еткен Социалистік Еңбек Ері Аппақ Мүсәпіровтің есіміне көше беруге бірауыздан келіскен еді. Бұл азаматының асқақ тұлғасын ойлаған елдің шешімі болатын.

1982 жылы Аймен есімді арумен бас қосып, кереге керіп, шаңырақ тіктеген Төлеген шілде айында Мәскеу қаласында өткен бүкілодақтық комсомолдың ХІV съезіне делегат болып қатысып, Талдықорған облыстық мәслихатының бірінші шақырылымының депутаты атанды. 1990 жылы «Ескелді ауданының Құрметті азаматы» атанған ол 2024 жылы «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісін кеудесіне қадады. Одан бөлек, 7 медальдің иегері.

Ақиық ақын Ілияс Жансүгіровтің «Өз ұлын өз елдері ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді?» дегеніндей, адал еңбектің көрігін қыздырып, жергілікті жұртшылықтың ықыласына бөленген Төлеген Мүсәпіровке «Жетісу облысының Құрметті азаматы» атағы берілетініне сенім мол.

Нұртай ҚЫДЫРАЛЫҰЛЫ,
ҚР Журналистер одағының мүшесі,
Көксу ауданының Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда инфрақұрылым дамуда, туристер легі көбейді, қызмет көрсету көлемі артты

Жетісуда инфрақұрылым дамуда, туристер легі көбейді, қызмет көрсету көлемі артты

27.01.2026
Жетісуда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 11 пайызға өсті

Жетісуда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 11 пайызға өсті

27.01.2026
Алакөл жағалауының санитарлық жағдайы мен туристік инфрақұрылымы жақсартылады

Алакөл жағалауының санитарлық жағдайы мен туристік инфрақұрылымы жақсартылады

27.01.2026
Мұз үстінде қауіп көп

Мұз үстінде қауіп көп

27.01.2026
Адалдықты ту еткен

Адалдықты ту еткен

27.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.