Талдықорған: -3°C
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҒАЛАҒАҢНЫҢ ҒИБРАТЫ

06.10.2019
ЖАНСАРАЙ
ҒАЛАҒАҢНЫҢ ҒИБРАТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Байсын мекенге жол түскен сайын осынау құйқалы жер, қасиетті өңірге келешек ұрпақтарының қамын күйттей қоныс тепкен байрақты бабалардың рухына мың да бір тағзым етеріміз бар. Жарасымды жұрттың дәуірнама көкжиегіндегі салтанатты көші сағым қуып қала бермей, бағын тапты, тың өріс ашты. Жол білгеннің керуенге жалтақтамасын айғақтаса керек мұның өзі. Қол жетерді ғана місе тұтпай, көңіл шарлар көп шаруаларды шырайландырып кете барар небір атпал азамат, ардақ бейнелер сомдалды жуан ортадан. Бүгінде солардың бірегейлерінің ішінен қалың жұртшылық Ғалымбай аға Жылқай-        дарұлы Мазабековты алдыңғылардың қатарында атар еді! Жөні де сол!

«Жемісті ағаш жерге иіледі, жетелі жігіт елге иіледі» демекші, асыл азамат туабітті тегіне тартты, әу бастан-ақ айналасына қарасып, әулеттің сәулелі соқпағын жарасымды жалғастырды. Ат жалын тартып үлгерместен қызметке араласып, Отан қорғау парызын адал өтеуі, елге оралысымен бәтуәлі іске білек сыбана кірісіп, көп ұзамай іргелі шаруашылық басшылығы тізгінін қолға алуы бәрі-бәрі заңды құбылыс еді. Көкше теңізден өзегін жалғап, өмірін түзген ауылдастарының абыройын ауданды айтасыз, облыс, республика көлеміне асырды. Өрдегілердің ойына да келмейтін небір бағалы бастамаларды жария көтеріп, жұртшылықтың риясыз қошеметіне бөленді. Міне, осындай тар жол, тайғақ кешулер арқылы өрнектелген өз өмірнамасын көк айдынға мәңгілік көшіріп кеткен  ер мұраты бүгінгі таңда ел мұрасына айналып отыр. Иә, ағайын, Алладан аманатқа берілер бес күндік ғұмырын елдік шаруаға толайым арнамаса ер мұратқа жетер ме, ердің бағын сындырып, алтын басының қадіріне жетпесе ел мұратқа жетер ме?!
Көпбірліктегі орта мектепте әз ағамыздың баласы Қасыммен бір сыныпта оқыдық. Бізді бала демей маңдайымыздан сипап, ересектердің әңгімесіне тартатын, арасына әзіл-күлкі араластырып мерейімізді өсіріп тастаушы еді. Берменгі уақытта Ғалымбай аға зейнеткерлікке шыққан кезде де елдегі торқалы той, топырақта өлімдерде жиі-жиі ұшырасатынбыз. «Әмірежан, жоғары жағыңда не жаңалық?» – деп бастаушы еді әңгіме желісін. Шеткерірек шығып, біраз дүниені екеуара сараптап, тіпті ой-өреміз жеткенінше бағалап та тастайтынбыз. Көбіне ауданнан  қатынайтын автобустардың кестеге сай жүрмейтіндігі, қыруар қаржыға тұрғындар жаздырып алар газет-журналдардың мезгілінде жеткізілмейтіндігі, ауызсудың сын көтермейтіндігі секілді өзекті мәселелерді жеткіз тиісті мекемелерге деп менің мойныма біраз салмақты дүниені жүктеп қоятын-ды! Арасында: «Сен, айналайын, біздің елдің народный депутатысың ғой!» – деп көпшік қойып жіберетіндігі және бар.
Ал енді ділмарлығында гәп жоқ. Балқаштың ақжал толқындарындай лықсыта, үстін-үстіне төгілте, бастырмалата  сөйлегенде құдды бір жаныңды лезде жадыратар халықтық мақам көмкерген жыр тыңдап отырғандай әсерге бөленеріңіз бар. Бұл да, сөз жоқ, мықтылықтың, бекзат-табиғаттың белгісі. Асылы, шешендігіңіздің өзі көп біліп, көп ұғар терең зерде, өзіне деген биік талаптан туындамас па еді. Яки ауыздан шыққан ыстық лебізіңіздің жүрек атаулыға бірден барып қонақтары әлгіндей адами асыл қасиеттерге тікелей байланысты-ау! Бұл арада енді ағамыздың тумысынан тындырымды, болмысынан байыпты, табиғатынан ақ жарылар алғаусыз адалдығы мен астарсыз ақыл-кеңесі, өскелең ұрпақтан бұрын өзінің замандас-қатарластарына көшбасшылықтың жарқын үлгісін көрсете білгендігі ойымызға ордалы кейіпте оралады! Осылайша тұлға тұғыры айшықтала түседі. Ғалағамыздың ғибратына тағы бір тамсанасыз.
Өзге де айтулы арыстарымыз секілді Ғалағамыздың көңілді көктем етер  қылықтары туралы ел ішінде бұған дейін ауызекі түрде байтақ айтылып келді. Ал енді сол сыр сандықтың тасқа басылар қарып арқылы ертеңгі күнге сапар шегуі – ұлттық болмысымыздың олжасы дер едім! Осы орайда бар шаруаның қиюын келтіріп, жүйелеп жүрген өзі ақын, өзі қоғам қайраткері Шырақбай ағамызға айтар алғысымыз шексіз. Үнемі қанағат пен мейірімнің, адамгершілік пен тәубешіліктің сәулесін шашқан, кісілігіне кішілігі, кеңдігіне ірілігі, ақылына парасаты үйлесіп, айналасына көрік, уәдесіне берік, адал жандарға серік бола білген кемел ойлы, кең құлашты ел ардағының ғасырлар қойнауына енер кітап кейіпкеріне айналуы қандай ғанибет?!
Өткенін дәріптеу – өскенін әліптеу деген сөз.  Жаны ізгі, ниеті игі ағамыз басшылық еткен Көпбірлік елді мекенінің қазіргі тыныс-тіршілігі, кескін-келбеті де көңілге тоқ. Бүгінгі замана ағымына сай  адамдарды имандылыққа, мейірім-шапағатқа бөлер,  ой салар, қайырымды да сауапты іс-шаралар қажет дер болсақ, бұл ретте де мұнда  тұшымды шаруалар айтарлықтай  тындырылуда. Осы тектес рухты шаруаларға Ғалағамыздың ұлағатты ұрпақтары да өзіндік үлестерін қосып келеді. «Көргені жақсы көш бастар» дегеніміз де осы! Мына ғұмырда барынша шапағат пен шуақ шашып кеткен  Ғалағамыз бен Бибіш шешеміздің пейіште де нұры шалқи бергей!

Дулат ДАРХАН

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

11.02.2026
Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

11.02.2026
Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

11.02.2026
Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.