Талдықорған: +1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА

22.02.2021
ЖАНСАРАЙ
АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНА
WhatsAppTelegramFacebook

Әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ол – ана. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналардың асылдығында шек жоқ. Мынау ғажайып өмір де аналарымызбен мәнді, шуақты. Ел басына күн туғанда ер-азаматтарға тіреу болып, ұрпақ үшін, ел үшін аянбай еңбек еткен де аналарымыз екені даусыз. Кеңесхан Өзекбаева  он баланы дүниеге әкеліп, кеудесіне «Алтын алқа» тағынған осындай аналарымыздың бірі. 

Кеңесхан Өзекбаева қара шаңырағындағы Жұмаштай есімді ұлының қолында, Кеген ауылында тұрады. Өз тұсында көп қиындық көрсе де  еш мойымай, жігерін жасытпай, әдемі қартайып келе жатқан ана бүгінде 84 жасқа аяқ басты. 
1937 жылы Тұйық ауылында дүниеге келген Кеңесхан Нұрғазықызының денсаулығы жақсы. Бір сөйлесе, шешіле сөйлеп кетеді. Өзі жүріп, өзі тұрады. Шақырған жерден қалған емес. Келіні жұмыста жүрген кезде нан ашытып, нанды жая береді. Қарап отырғанды жаны қаламайды. Әйтеуір қимыл-қозғалыста болғанды ұнатады. Аудандағы ең көрікті жерлердің бірінен саналатын Тұйықтай туған ауылы әрдайым жанарында тұрады. 
Әз ана ұзақ жылдардан құтты қоныс етіп келе жатқан Кеген ауылынан да алыс ұзап шыққысы жоқ. Кегеннің табиғатына, ауа райына, боранына да үйреніп алған. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тап келді. Әкесі майданға аттанып бара жатып өзін көп жерге дейін қолына алып, бауырына басып, сосын барып анасының қолына ұстатқаны ұмытылмай жадында қалыпты. Соның бәрін көзін жасаурата есіне алады. 
Алтын құрсақты ана кішкентай кезінен қиындықты көп көрді. Жоқшылықтың, тапшылықтың дәмін ерте татты. Кеңесхан ана шешесінің үшінші перзенті екен. Алдындағы Айман, Шолпан атты әпкелері шетінеп кетіпті. Содан кейін асыл анамызды ырымдап, жеті кемпірдің астынан өткізіп, содан тірі қалған көрінеді. Асанқожа мен Асылғазыдай інілері соңынан ержетті. Анамыздың Асылғазыдай бауыры ауылшаруашылығы саласында елеулі еңбек етіп, зейнет демалысына шықты. Алматы облысының Құрметті азаматы атанды. Өткен жылдары мәңгілік мекеніне аттанды.
Кеңесхан Нұрғазықызы жұбайы Құрманжан Суатаевпен шаңырақ көтеріп, мынау жарық дүниеге алты ұл, төрт қыз әкелді. Өңірдегі сыйлы да құрметті, өмірі өнегеге толы «Алтын алқалы» ана немере-шөберелерінің сүйікті әжесі атанды. Құрманжандай жарымен бірге бірсыпыра жылдар шаруашылықта мал бақты. Түздегі ерінің үй маңындағы жұмыстарын бір иығымен көтерді. Бір қолымен бесігін тербетіп, балапандарын емізіп, өсірген ұрпағының тәлім-тәрбиесімен де айналысты. 
Зейнет демалысына шыққанға дейін аудандық ауруханада қарапайым жұмыс істеді. Түздің де, үйдің де бар ауыртпалығын мойымай көтерген ол «бір Алласы бере салған» «күндері» мен «гүлдерін» өсірді. Қанаттандырды. Қазір балапандарының бәрі бір-бір шаңырақтың иесі. 
Көңіліне қаяу түсіретін бір ғана жағдай бар. Қайтыс болғанына жиырма жылдан асып кеткен Құрманжан жарын ойласа, мұңайып кетеді. Жанарының жасын орамалының бір шетімен сүртіп қойып, ойланып отырып қалады. Әр күн сайын, әрбір арайлана атқан аппақ таң сайын бір Алласына шүкіршілік етеді. Ұрпағының ортасында солардың әрбір қуанышын, жақсылығын көзімен көріп, жанымен сезініп жасына қарай аяңдап барады. Бала-шағасы айтқанына көнбей мерейлі жетпіс, сексен жасына орай дүбірлетіп той өткізді. Той дастарқанының төріне отырғызып, сый-құрметтеріне, ел-жұртының, туған-туыстарының, құда-жегжаттарының шапағатына бөледі. Ақ жүрегімен алғыстан басқа айтары жоқ. 
Кеңесхан ана  он баласынан 30 немере, 29 шөбере көріп отырған бақытты да мейірімді әже.
– Біздің басымызға берген қиындықты ешкімнің басына бермесін. Бала болып күлмедік, асыр салып ойнай алмадық. Тойынып ас іше алмадық. Қалауымызша киінбедік. Қазіргі заман – ең бақытты заман. Өсіп келе жатқан жас ұрпақ осы күннің қадірін білсін деймін. Соғыс деген жаман сөздің аты мүлде өшсін. Бейбіт заман мәңгілік орнасын. Бір Аллам баласын анасынан, анасын баласынан ажыратпасын! Басыңнан бағың кетпесін, қуаныштарың көп болсын! Уайым-қайғы алыс болып, жаның жапа шекпесін! Еш кетпей еткен еңбегің, жақсылықтан жаның көктесін! Бақытқа толып отбасың, тірлікке көңілің тоқ болсын! Әумин! – деп әз анамыз аппақ көңілі, пейілімен ақ батасын берді. 
Кеңесхан ананы қалың елі құрмет тұтады. Өсіп келе жатқан ұрпаққа жасын берсін, жолын берсін деп жатады. Кішкентай нәрестелерін әз ананың мейіріне, ақ батасына, жылы лебізіне ырымдап шомылдырып алатындар баршылық. Кеңесхан ана да ондайдан бойын аулақ салмайды. Қазақтың дәстүрімен жөн-жоралғысын жасап жатады. Әсілі, бала-шағасымен өрбіген, ұрпағымен бір шағын ауылға айналған, еңбекқор, бейнетқор, қажымас қайратты, асыл текті анаға тартқан нәресте жаман бола қоймас. 
Кеңесхан ана әр атқан таң сайын жанын жұбатып, өткен қиын шақтарын ұмытуға тырысып отырады. Аппақ арманы көп-ақ. Үйленбеген немерелерін үйлендірсем, соның қуанышын көрсем дейді. Өсіп келе жатқан шөберелерінің болашағын ойлайды. Жолда, сапарда жүрген жандарының амандығын тілеп отырады. Іс басындағы ұл-қыздарына сәттілік тілеп жүреді. Жұмаштай ұлы кейде көлігіне салып алып, қыдыртып әкетеді. Алматыға аяғы бір тисе болды, күндері мен гүлдері кезек-кезек үйлеріне алып кетіп, құрақ ұша күтіп жатады. Сосын оттан ыстық, күннен нұрлы Кегеніне әрең жетеді. 
Біз сөз еткен Кеңесхан әжей ұрпағының қызығымен көңілін өсіріп, жақсылықтарымен жанын жадыратып жүрген ақылман ана. Арайлы таңдарынан күтері көп. 

Қанат БІРЖАНСАЛ
Кеген ауданы

Қатысты жаңалықтар

Ақмола облысында зейнеткер алаяқтарға 10 миллион теңге аударып жіберген

Ақмола облысында зейнеткер алаяқтарға 10 миллион теңге аударып жіберген

09.02.2026
«Алаяқтардың 80 пайызы намазхандар»: Балғынбек Имашев Ринат Зайыттың сөзін құптады

«Алаяқтардың 80 пайызы намазхандар»: Балғынбек Имашев Ринат Зайыттың сөзін құптады

09.02.2026
Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл

Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл

09.02.2026
“Рыбакинаның жеңісін тойлап, уақыттары болмаған шығар” – Француз комментаторы Қазақстанның Олимпиададағы формасын сынға алды

“Рыбакинаның жеңісін тойлап, уақыттары болмаған шығар” – Француз комментаторы Қазақстанның Олимпиададағы формасын сынға алды

09.02.2026
Қар тазалау қарқынды жүргізілуде

Қазақстанның бірнеше өңірінде республикалық жолдар жабылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.