Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Алтынның сынығы да алтын

14.06.2025
ЖАНСАРАЙ
Алтынның сынығы да алтын

tirshilik-tynysy.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Әңгімемді бастамас бұрын өткенге көз жүгіртіп, бір оқиғаны тілге тиек етсем деп отырмын. Шамалап алсам осыдан он жыл бұрын болу керек, Талдықорғаннан Атырауға қоныс аударып, тұрақты қызмет етіп жатқан кезім болатын. Күндердің бір күнінде «Студенттік кезді бірге өткізген Сағынғали досымыздың әкесі қайтыпты» деген қаралы хабарды естідік. Уақыт өте қырқы болды. Мен сонда көлікпен жолға шықтым, бұдан Сағынғалидың өзі хабарсыз еді.

Сөйтіп, Қызылқоға ауданының аумағындағы Комсомол деген елді мекенге бағыт алып, «Жанкелді» кеңшарынан өтіп бара жатып, үлкен арықты көрдім. Ұмытпасам бір шақырымға созылған терең арық, өкініштісі суы жоқ екен. Бұл не ғажайып болды деп маңайда мыңғырған мал баққан малшыларды әңгімеге тарттым. Арасында сөз түсінетін, көпті білетін қария бұл тоғанның тарихын әріден ағытты. Сұрастыра келсек бұл арық мен тілге тиек еткелі отырған Ерболат досымның атасы – Елубай ақсақалдың қазған тоғаны екен. Расымен де бұл арықтың тарихы тереңде болып шықты. Кезінде 30-шы жылдардағы ашаршылық кезеңдерінде Елубай ақсақалдың жеміс-жидек, көкөніс егіп, осы арықпен суарылып өскен өнімдерінен талай адам дәм татқан көрінеді. Өз заманында Елубай ақсақал үлкен шаруа, даңқты бағбан болған. Сол қариямыз еккен асқабақ, қауын-қарбыз секілді түрлі жемісті саудаға салмай, ауылға, ағайын-туыс, көрші-көлеңге, жалпы жұртқа тегін таратып берген көрінеді. Жемістерден дәм татқан халық та алғысын жаудырып жатыпты. Құдайға шүкір, көпшіліктің батасы болар, сол Елубай ақсақалдың ұрпағы қазір өсіп-өркендеп, өзі еккен жемістей көктеп-көгеріп отыр.
Елубай қарттың перзенті Мағжан аға көзі ашық, кеңшарда есеп бөлімін басқарған іскер азамат болған. Әкесі жайында Ерболат бауырымыз көлемді естелік кітап жазып шығарды. Әке рухына тағзым етіп, алыс-жақыннан ағайын жинап ас беріп, көкпар тартқанын ешкім ұмыта қоймаған болар. Мағжан әкеміз Жанболат пен Ерболат атты екі ұл өсірді. Қыздарын тәрбиеледі. Олардан тараған ұрпақтың өзі отыз шақты отбасы болып, өсіп-өркендеп отыр. Қазақстанның әр тарапында тіршіліктерін түгендеп жүр. Алды Астана қаласы болса, кейінгісі Алматы, Атырау секілді үлкен мегаполистерден құтты орындарын тапқан.
Мағжан ақсақалдың ұлдары Жанболат, Ерболатпен араластығымыз жақсы. Ағайынның басы қосылған той-томалақта, садақа-астарда үнемі жүздесіп тұрамыз. Әсіресе Ерболатпен өте жақын араласамын десем артық болмас. Себебі, талай жерде бірге жүріп бір дастарқаннан дәм татып, талай оқиғаларға бірге куә болдық. Жалпы Ерболаттың бастаған ісін аяқтағанша тыным таппайтын бірбеткей қайсарлық мінезі мені тәнті етеді.
Әңгімеміздің басы тоғаннан басталғасын тағы бір нәрсе айта кетсем деп едім. Бұл тарихи жер, ата-бабаның табан ізі, маңдай тері тамған қасиетті мекен. Жалпы осындай тарихи жерлерге белгітас орнатса да артық болмас! Жақсының жүріп өткен ізі ол ешқашанда ұмытылмақ емес, талайлар нәр татып, дәм татқан мөлдір бұлақтың басы мәңгілікке сақтала бермек.
Елубай ақсақалдың немересі, менің досым Ерболат екінші кітабын жарыққа шығарғалы жатыр екен. «Еңбекті көктен тілеме, еткен еңбектен тіле», – деп қазақ қара сөзінің зергері Мұхтар Әуезов атамыз айтпақшы, Ерболат та барлығына өз күшімен, еңбегімен жетіп жүрген еңбекқор жігіт. «Ағаш көркі – жеміс, адам көркі – жақсы іс» демекші, өзінің адал ісімен, ізгіліктің жолымен жүрген, бүгінде ердің жасы 50-ді еңсерген Ерболатқа айтар тілегіміз де көп. Еңбегі әрдайым жансын деймін. Еңбегінің жанғаны – бақ жұлдызының жанғаны. Адам тегіне тартпай тумайды демекші, Ерболат та үнемі маңайына мейірімін төгіп, шама-шарқынша көмектесіп жүреді. Мұндайды қазақта: «Алтынның ұшып түскен ұшқыны да алтын» дейді. Алла жар болсын, алтын дос! Абыройлы бол!
Дидар Мағыршайұлы
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.