Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ

01.11.2021
ЖАНСАРАЙ
ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Дара тұлға, әлемге әйгілі ғалым, ұстаз Еділ Ерғожин ажал құрығына ілікпей арамызда жүрсе бүгінде 80 жасқа толар еді. Амал қанша, асыл ағамыз өткен жылы дүниеден өтті. «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дегендей, ендігі жерде баршаға белгілі ғалымның екінші өмірі басталды.

Еділ Ерғожаұлы 1941 жылғы    7 қарашада Алматы облысы, Ескелді ауданының Екпінді ауылында дүниеге келді.  1963 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін үздік бітірді. 1974 жылы 33 жасында «Жаңа ионалмастырғыш және тотығу-тотықсыздану полимерлерінің синтезі және түзілу заңдылықтарын зерттеу» тақырыбында докторлық диссертациясын өте жақсы қорғады. Қазақ КСР ҒА химия ғылымдары институты ионалмастырғыш шайырлары зертханасының меңгерушісі, С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті химия факультетінің жоғары молекулалық қосылыстар химиясы кафедрасының меңгерушісі, деканы, бірінші проректоры және ректоры, «А. Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ директоры, бас директоры және ионалмастырғыш шайырлар және мембраналары зертханасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА вице-президенті (1994-1995), Білім және ғылым вице-министрі (1999-2002) болып жұмыс істеді. «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Ғылыми және ғылыми-техникалық саясатының тұжырымдамасын және «Ғылым» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуші жұмыс тобын басқарды. 
Академик Е. Е. Ерғожин жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, ион алмасу және мем­браналық технологиялар саласында жемісті жұмыс істейтін химиктердің әлемге әйгілі ғылыми мектебін құрды. 
Еділ Ерғожаұлының редакциясымен 20-дан астам монографиялар, био-библиографиялар, Қазақстанның жетекші ғалым-химиктерінің таңдаулы еңбектері, республикалық және халықаралық ғылыми конференциялар материалдары жарық көрді. 
Белгілі ғалымның аты Қазақ-станның Алтын Құрмет кітабына енгізілді. Ол тәуелсіз халықаралық «Платиналық Тарлан» меценаттар клубы, «Алтын Адам – Жыл Адамы» сыйлықтарының лауреаты атанды. Оған «Франция ғылымының маршалы» құрметті атағы беріліп, Өнеркәсіпке көмек ассоциациясы (Франция) Наполеон медалімен марапаттады.
Оксфорд әлемдік ғалымдар саммитінің Сократ комитеті шешімімен ғылыми-зерттеулер саласындағы Халықаралық сыйлыққа ие болып, «The Name in Science – Ғылымдағы есім» құрметті атағы берілді. Аты әлемнің көрнекті ғалымдарының дүниежүзілік реестріне енгізіліп, «Дүниежүзілік ғылымға қосқан үлесі үшін» Даңқ медалімен марапатталды.
Е. Е. Ерғожин АҚШ-тың Нью-Йорк академиясының академигі, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры, Вена қаласының халық-аралық университетінің Құрметті профессоры, америкалық химия қоғамының мүшесі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры, Ескелді ауданының және Алматы облысының Құрметті азаматы болды.
Талантына еңбекқорлығын серік еткен академик Еділ Ерғожин Қазақстандағы ұлттық химия ғылымында тотығып-тотықсызданатын ионалмастырғыш шайырлар және электромембрандық диализ технологиясы деп аталатын салалардың негізін қалады. 

Академик  Е. Е. Ерғожин алғаш рет сорбцияланатын иондарға қатысты олардың өткізгіштігі мен селективтілігін реттеудің және басқарудың ерекше әдістерін жасады. Алғаш рет үлгі ретінде төмен молекулалық қосылыстармен сызықты және тігілген полимерлердің полимер тәрізді түрленуінің механизмдерінің және металл иондарымен, органикалық қосылыстармен кешен түзуінің салыстырмалы бірқатар ерекшеліктерін анықтады. Ол металл-кешентүзуші ионның қатысуы мен иондану дәрежесі мен молекулааралық өзара әрекеттесу дәрежесінің өзгеруін ескере отырып, Бьерум түзілу функциясы мен ионит кешендерінің тұрақтылық мәндерін есептеудің өзіндік алгоритмін жасады. Еділ Ерғожаұлы жетілдірілген физика-химиялық және электрохимиялық сипаттамалары бар жаңа гетерогенді, гомогенді, интерполимерлі және биполярлы ионалмастырғыш мембраналар алудың перспективті әдістерін жасады және олардың негізінде өнеркәсіптік электрдиализ қондырғылары мен суды тұзсыздандыру қондырғылары әзірленді. Әзірленген технология Алматы электрмеханика зауытына енгізілді. 1982 жылы Е. Е. Ерғожин жаңа мембрана технологиясы саласындағы приоритетті ғылыми бағытты дамытқаны және ғылыми жетекші ретінде «EDUсериялы электрдиализ қондырғыларын жасау және халықшаруашылығына енгізу» еңбегі үшін ғылым және техника саласы бойынша Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Бұл күндері академик Еділ Ерғожин басшылық жасаған Ә. Бек­­тұров атындағы химия ғылымдары институты төрткүл дүниенің ғылым әлеміне түгел танымал. Ал оны тәуелсіздік жылдарында тұтастай дерлік басқарып келген Еділ Ерғожин өзінің өмірлік ұстанымын кезінде былай түсіндірген еді: «Менің өмірімде екі тамаша аяулы ұстазым болды. Олар Батырбек Ахметұлы Бірімжанов пен Сағид Рауфович Рафиков болатын. Солардың ұдайы санама сіңіргені «Ұстаз шәкіртімен көрікті» деген қағида еді. Ғылым ғұмырымда осы қағидамен жүрдім. Қазір өзім ғана емес, сонымен бірге бүкіл институттың ғылыми қызметкерлерінің, шәкірттерімнің халықаралық деңгейде танылуына мүмкіндік жасаумен келемін. Олардың ғылыми ізденістеріндегі нәтижелерін, қорытындылаған мақалаларының халықаралық басылымдарда жариялануын жолға қойдық. Ол ол ма, бұрын халықаралық симпозиум, конференцияларда баяндама жасау-ға баратын санаулы ғалым болсақ, қазір мұндай мәртебеге біздің инс-титуттың көптеген ғалымдары қол жеткізген. Мұның өзі ғылым әлемі қазақ химиктерінің әлеуеті мен болашағын толық мойындады деген сөз емес пе?!». 
«Бұлақ көрсең көзін аш» деген даналықтың болмыстағы қарекетке айналуы осы болса керек. Осылайша тұтастай ұжымды әлемге мойындата алған академик өзінің бір керемет қуанышын жасыра алмаған еді: «Мен осы институтта лаборант болып алғашқы ғылыми ізденістерімді жүргізіп жатқан кездері мұнда қазақ академиялық ғылымының негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев келе қалды. Аты-жөнімді, қайда оқитынымды және немен айналысып жатқанымды сұрастырып біліп алған Қанекең сөз соңында былай деп еді: «Арпа ішінде бір бидай екенсің, қазақтың намысын қорғауға тырыс». 
Диссертациялық тақырыппен жақсы әрі толық танысу үшін әлемдік әдебиеттер мен патенттерді, журналдарды қарап шығуым үшін Еділ Ерғожаұлы орталық ғылыми кітапхананың директорына өтініш жасап, маған кітапхананың арнайы оқу залында отыруға және кітапханадан керек кітаптар мен журналдарды үйге алуыма рұқсатын алып берді. (Ол кезде ғылым кандидаттарына және докторларына ғана үйге кітап, журналдар алуға рұқсат берілетін). 
1980 жылдың ақпан айының ішінде Еділ Ерғожаұлы мені өзінің кабинетіне шақырып алып: «Несіпхан, сені өзімнің ұстазым академик Сағид Рауфовичпен таныстырайын деп отырмын», – деді.
Мен академик деген ең алып, ең білімді, маңғаз адам болар деп ойлаушы едім. 10 минуттан соң кабинетке аласа бойлы, ақсары келген,  өңі өте жылы, шырайлы, иығында «Зенит» фотоаппараты бар қарапайым кісі кірді. Еділ Ерғожаұлы өзінің ұстазына мені «Университеттің химия факультетіндегі алғашқы жас шәкірттерімнің бірі Несіпхан Бектенов» деп таныстырды.  Осылайша химия ғылымдары институтының ионалмастырғыш шайырлар зертханасында Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, КСРО Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, сол кездегі Қазақстандағы, органика және полимерлер химиясы саласындағы  жетекші ғалымдардың  ұстазы С. Р. Рафиковпен таныстым. Таныстық кезінде ол кісі маған: «Ғылымда және өмірде толағай табыстар тілеймін!», – деп ақ батасын берді. Мен сонда ол кісіге ғылымдағы немересі болғанымды түсіндім. 
Эксперименттік жұмыстар жасауда жетпей жатқан алғашқы мономерлер (ГМА) Ярославль қаласында шығатынын біліп, декан Еділ Ерғожаұлына барып жағдайды айттым. Еділ аға тиісті жерге хабарласып, тез арада Мәскеуге, одан соң Ярославльге барып қажетті мономерлерді КазМУ-дің атынан алып келуге жағдай жасауға тапсырма берді. Осылайша Еділ аға менің кандидаттық және докторлық диссертацияма керекті мономерлерімді зауыттан алып келуіме тікелей көмектесті. 
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін Мәскеу жақтағылардың Қазақстан ғалымдарына деген көзқарастары өзгере бастаған кез. Алдын ала қорғауды кафедрада, лабораторияда және химия факультетінің кеңесінде өткіздім. Жұмысты қабылдайтын кезде жетекші ұйым ретінде Ленинградтағы Академиялық жоғары молекулалық қосылыстар институтын таңдадық. Бұл шешім Еділ ағаның кеңесімен болды, өйткені қазақстандық мекемені алсақ онда ВАК-тағыларда күмән туып қалуы мүмкін деді.  
…Сонымен 1987 жылғы 4 қарашада аталған институттың арнайы докторлық кеңесінде кандидаттық диссертациямды 20 минутта баяндап бердім. Докторлық кеңестің бірнеше мүшелері жұмысты мақтап және Қазақстанда Ерғожиннің ионалмастырғыш шайырлар алуда әлемдегі алдыңғы қатарлы мектебінің барлығын айтып, жұмысқа оң баға беріп, қорғауға болатындығына өз сенімдерін білдірді. Еділ ағаға телефон соғып, болған жағдайды айтып  бердім. Осылардың барлығына ғылыми жетекшім Ерғожаұлының ғылым мен еңбекке, жоғары дәрежедегі ғылыми нәтижелер алуға жігерлендіріп, күн-түн демей талап етіп, жақсылап даярлауының арқасында жеттім деп ойлаймын.
1996 жылы, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің химия кафедрасында доценттік қызметте жүргенімде, Еділ Ерғожаұлымен докторлық жұмысымды ары қарай жалғастыру жөнінде кеңескенімде ол кісі  ойлана отырып докторлық диссертацияның сызба нұсқасын және 4-5 бетке диссертацияның толық материалын жазып алып келуді тапсырды.  Бір жылдан соң докторлық диссертация жасау үшін арнайы екі жылдық тағылымдаманы химия ғылымдары институтынан алдым. Ғылыми кеңесші болып химия ғылымдары институтының ионалмастырғыш шайырлар зертханасының меңгерушісі, Ұлттық ғылым академиясының академигі  Е. Е. Ерғожин тағайындалды. Осы кезде де Еділ аға қолынан келген көмегін аяған жоқ. Бірақ, әрдайым ғылымдағы жеңістерге жету үшін қатаң талаптар қойып отырды. Мен және менің шәкірттерім сол талаптарды  әрдайым орындауға тырыстық…
2006 жылдың жаз айында Еділ аға телефон соғып: «Докторлық диссертацияң ескіріп кететін болды, қорғағың келсе барлық жұмысты қойып, аға ғылыми қызметкердің орнына конкурсқа түс», – деп кеңес берді. 2007 жылдан бастап өзімнің  Ионалмастырғыш шайырлар лабораторияма қайта орналасып, тез арада диссертациямды жинақтап, 2007 жылдың шілде айында қорғап шықтым. Егер де мені 2006 жылы Еділ аға қатты сынға алып, қамшыламаса және қолынан келгенінше өзінің шапағаты мен шуағын шашпаса, не болатынын кім білсін?! 
Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Міне, осы сөзді Еділ ағаға шын ризашылығыммен айтқым келеді. Себебі, өзі тәрбиелеп өсірген  талапты, талантты жастарға кезінде кандидаттық және докторлық дипломдарын алуға көп тер төккен Еділ ағаның еңбегінің арқасында бүгінгідей дәрежеге жеттік. Ол кісі әр шәкіртіне осындай қамқорлық жасап отырды. 
Қазіргі жастарға ғылымдағы тау тұлға Еділ Ерғожаұлы өзінің еңбексүйгіштігімен, үлкен жауапкершілігі, адамгершілік келбетімен, данышпан ғалым, үлкен жүректі ұстаз эталоны ретінде өнеге болып көрінеді. Химия саласымен айналысатын ондаған мың студенттер, магистранттар және докторанттар бүгінде ол жазған оқулықтар мен ғылыми әдістемелік құралдар бойынша теориялық және практикалық білім алуда. 
Ғылым мен білім, техниканы дамытуға, жас ғалымдар мен мамандар дайындауға, Қазақ-­  станның химия ғылымын нарыққа бейімдеуге, дүниежүзілік деңгейге көтеруге оның сіңірген еңбегі орасан зор. Ол – ірі ғалым, үлкен ұстаз, отандық ғылымның дамуына мембрана технологиясы мен ионалмасу химия саласына өлшеусіз үлес қосқан, бүкіл дүниежүзіне белгілі Қазақстан ғылыми мектебінің негізін қалаған еліміздің біртуар, еңбекқор азаматтарының бірегейі ретінде танымал. Қазіргі кезде Қазақстанда әлем танитын үлкен мектебі бар, оның лабораториясында тәрбиеленген 13 ғылым докторы, 95 ғылым кандидаты, 20-ға жуық магистрант пен PhD докторы, 20-ға жуық ғылыми монография, 1200-ден астам ғылыми мақаласы, 6 оқулығы, 300-ден астам авторлық куәлігі мен патенті бар академик Еділ Ерғожаұлы Ерғожиндей ұстазымыз барына мақтанамыз. Сезімі ақын, жүрегі батыр, ғұлама ғалымның ұстаздық тұлғасы шәкірттерін әрдайым ізгілікке және үлкен биіктерге жетуге шақырып тұрғандай болушы еді.  
Иә, ол кісі өмір алға тартқан ғылым орбитасындағы түйіндерді шешумен өмір сүретін секілді еді. Басқаға алаңы жоқ. Кейде оның ештеңеге алаңдамай ғылым қуып, бұл жолда әлемдік маңызы бар жаңалықтар ашып, жетістікке жетіп жүруінде ағамызға күйбең тірлікке көңіл бөлмей өмір сүру мүмкіндігін сыйлай алған жары Зеннат апамыздың еңбегі ғалымның өз еңбегінен де көп шығар деп ойлаймын. Шотбаева Зеннат Мәмбетқызы ұзақ жылдар бойы Қазақ КСР Жоспарлау комитетінде жемісті жұмыс істеген, университетте дәріс оқыған экономика ғылым-дарының кандидаты. Осындай жауапты қызметіне қоса бала тәрбиесін де мойнына алып, мінсіз атқарған ана болды. Ғалымның күндіз күлкісіз, түнді ұйқысыз өткізетін беймаза ғұмырында сүйікті жар, сенімді сүйеніш бола білген Зеннат апай мен Еділ ағамыз немере қызығын көрген әже, ата болды. Өздерінің үш қыз, бір ұлы жоғары оқу орындарын бітіріп, алды ғылым докторы дәрежесіне жетті. Ата мен әже балалары ғана емес, немерелерінің де шет тілдерін жақсы меңгеріп жүргендерін қуаныш әрі мақтаныш көрді. Олардың мұнысы да ұлтқа үлгі боларлық өнеге. 
Дегенмен, тағдырдың жазғанына шара бар ма, асыл ағамызды – үлкен бәйтерегімізді сұм ажал 2020 жылдың шілде айында  арамыздан алып кетті.
Еділ аға бастаған ғылыми-зерттеу жұмыстарын Қазақстанның әр жерінде жүрген шәкіріттері тиянақты түрде жалғастырады деп ойлаймын.
Өзі басқарған институтта және зертханада  ғалым-шәкірттері ағамыздың  армандаған ойларын есте сақтап тынымсыз еңбек етуде. Соның дәлелі ретінде ертеңгі 3 қараша күні Алматы қаласында Ә. Бектұров атындағы химия ғылымдары институтында ҚР ҰҒА академигі Е. Е. Ергожиннің 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы «Жаһандану жағдайында химия ғылымының, өндірісінің  жəне білімінің даму тенденциялары, болашағы мен инновациялық тəсілдері» атты тақырыпта ұйымдастырылуда. Бұл конференцияда  әлемдік деңгейдегі белгілі мамандар, алыс-жақын шетел  азаматтары және қазақстандық ғалымдар әртүрлі тақырыпта  баяндамалар жасайды. 
Болашақта Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында, мектептерінде Ерғожинтану элективті курстарын ашқан дұрыс болар деп ойлаймын. Себебі, ол кісінің жазған еңбектерінің көбісін жастар толық оқыған жоқ.

Несіпхан БЕКТЕНОВ, 
химия ғылымдарының докторы,  профессор,  
Ә. Бектұров атындағы химия ғылымдары институтының
ионалмастырғыш шайырлар және мембраналар 
зертханасының бас ғылыми қызметкері

Қатысты жаңалықтар

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026
Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.