Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҚАРАДАЛА ӨҢІРІНДЕ ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП БАР

04.02.2022
ЖАНСАРАЙ
ҚАРАДАЛА ӨҢІРІНДЕ ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП БАР
WhatsAppTelegramFacebook

Адамзаттың рухани даму, ақыл-ой тарихына көз жіберсек, данагөй, парасатты, асыл адамдардың аяулы қасиетіне тәнті болып, сырына, жаратылысына үңілген сайын тұңғиық әлемге бойлағандай әсерде қаласың. Осынау ой-толғамдары ойға оралғанда ғажайып даналық иесі, дара тұлға, кемеңгер саясаткер, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың жарқын бейнесі көз алдыңа келеді.

Ақын Темірше Сарыбайұлы: «Қонаев – ұлттың ары мен намысы. Қонаев – ұлттың рухы мен иманы. Қонаев – қазақтың қанағат мектебі, адалдық өлшемі», – деген екен. Ендеше, қазақ ұғымымен үндес болып кеткен осынау аяулы тұлғаны әркез дәріптеу ұрпақ парызы. Мынау жарық дүниеден талай данышпан өтіп, артына өлмейтін сөз, өшпейтін із қалдырды. Сол данышпандардың қатарында өмірі мен даналығы, еліне қылған игі ісі бүгінгі заманда да, келешек дәуірде де өнеге болар Дінмұхамед Қонаев тұр.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Шарын орта мектебіне қазақ еліне белгілі тұлға Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Салтанатты іс-шараға ауыл, аудан тұрғындары мен Алматыдан келген бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты.

Атап айтқанда, әлемдік деңгейдегі классик жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлы Мұрат Әуезов, Халықаралық Қонаев қорының вице-президенті Болат Қажыақбар, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, академик, Церетелидің қолынан марапат алған мүсінші Тілеуберді Бинаш, «Ұлы дала» РҚБ төрағасы, тарихшы Жакей Ғабиден Әділбекұлы, темірші, ұста, академик Махмұт Құлментегі, жыршы, жырау Әбіш Әділбеков, аудан әкімі Шухрат Турдахунұлы, аудан әкімінің орынбасары Кәдіржан Бағбаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрәкім Есжан, Еңбек Ері Рахилям Сеитова сынды елге танымал тұлғалар болды.

Алқалы жиын мектеп маңдайшасына орналасқан Дінмұхамед Қонаевтың есімі жазылған тақтайшаны ашу рәсімімен басталды. Тақтайшаны ашу рәсімі аудан әкімі Шухрат Турдахунұлы, мүсінші Тілеуберді Бинаш, Еңбек Ері Рахилям Сеитоваларға берілді. Іс-шараның келесі кезегі мектеп фойесіндегі ескерткіш-бюстінің ашылуына жалғасты.

Аудан  әкімі Шухрат Турдахунұлы сөз сөйлеп, Д.Қонаевтың тұтас еліміздің дамуына қосқан үлесі зор екенін айтты. «Біз бүгін ел игілігі үшін ерен еңбек еткен ерлердің есімін ұлықтап, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында осындай салтанатты шарада бас қосып тұрмыз. Бұл біз үшін зор мәртебе», – деді ол. Ескерткіш-бюстінің лентасы қиылған соң келген қонақтар дәлізде орналасқан көрмені тамашалап шықты. Көрмеде «Ағайынды үш ұста» деген атпен Қазақстанға әйгілі болған халық ұсталары – Құлментегі Тұрсынжан, Махмұт, Айтберген Жетенұлдарының өнер туындылары жайлы мәлімет берілді. Темірші, ұсталық өнерді дамытып жүрген дизайнерлер мектебімізде болашақта ашуға жоспарланып отырған музейге өз шығармаларының біраз бөлігін сыйға тартқан еді.

Айта кетейік, ұлт мақтанышына айналған ұлы тұлғаның ажары айшықталған ескерткіш-бюстіні Арыс қаласының тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Тілеуберді Бинашев сыйға тартты.

Иә, Дінмұхамед Ахметұлы шапағатының сәулелі нұр боп төгілмеген жері жоқ, сірә? Шарын ауылына Қонаев атамыз бірнеше рет ат басын бұрған екен. Мемлекет басшысының зор ықыласына бөленген ауылымыздың сол жылдары мал, егін шаруашылығы қарқынды дамып, үздіктер қатарынан көрініп, мәртебесі биіктей түскені анық. Ұлылар ізі қалған жол. Міне, Қонаев атамыздың ауылымызға келгендегі сәттерін  театрландырылған  көріністе мектеп ұжымы асқан шеберлікпен сахналап шықты. Келген қонақтар дән риза болып, алғысын зор ықыласпен жеткізіп жатты.

«Орамал тон болмайды, жол болады» демекші, келген қонақтардың иығына шапан жабу рәсімі де өз кезегінде жүзеге асып жатты. Өз кезегінде қонақтарымыз да мектебімізге арнайы сый-сияпаттарын табыстады. Осы шараны өткізу барысында көшбасшылық танытып, демеушілік көрсеткен кәсіпкер Сырым Омаров, Арман Сабақов, Миршат Кебиров, Мақсат Әлімжанов сынды азаматтарға ұжым атынан үлкен алғыс айтамыз.

Қазақтың маңдайына біткен біртуар ардақты азаматы Дінмұхамед есімі де дара. Ұрпақтан ұрпаққа мәңгі ұмытылмас, өшпес із қалдырған көрнекті тұлғаның халқы үшін жасаған игі істері ауыздан-ауызға тарап, дарқан даламызда әрқашан үлгі-өнеге болары хақ. Көзі тірісінде-ақ ерен еңбегінің арқасында халық көсеміне айналып үлгерген халқымыздың аяулы ұлы Дінмұхамед Қонаев туралы айта берсе сөз, жаза берсе тарихи естеліктер шексіз. Ең бастысы, кемеңгер перзент халқының жүрегінде мәңгі қалды. Қазақтың «Ұлық болсаң – кішік бол» деген асыл сөзі құдды осы кісіге арналғандай.

«Адам артынан болашақ ұрпағына, жер бетіне басқа адамдардың ақыл-ой дүниесінде, жүрегінде ұмытылмастай із қалдыру үшін туады», – деген екен бір ғұлама. Осы сөздің мәнін де, мағынасын да Дінмұхамед Қонаев өз ісімен, халқына адал еңбегімен дәлелдей білген адам.

Уақыт өткен сайын Дінмұхамед Қонаевтың есімі, қалдырған еңбегі даралана, айрықша бағалана бермек. Ақын Тұманбай Молдағалиев:

Бақыт даусы төгіліп кеудесінен,
Ерен-жаран болысып елдесімен.
Бара жатыр ертеңге Димаш аға,
Өлмей, өшпей ұрпақтың зердесімен,
– деген екен.

Дара тұлғаны халықтың зердесінен өшірмей, бүгінгі ұрпаққа үлгі етіп ұсыну да үлкен әрі жауапты парыз. Ғұмырын шын мәнінде халық мүддесін түгендеуге арнаған арда азаматтың ізі ел жадында өшпестей болып қалған. Ол уақыт озған сайын жаңғыра береді.

Назгүл ОРАЗҒАЛИҚЫЗЫ,

Д.Қонаев атындағы орта мектептің мұғалімі

Шарын ауылы,

Ұйғыр ауданы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.