Талдықорған: -0°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҚАРАШЫҒЫНА ҚАСИЕТ ТҰНҒАН ЖАН

04.10.2024
ЖАНСАРАЙ
ҚАРАШЫҒЫНА ҚАСИЕТ ТҰНҒАН ЖАН
WhatsAppTelegramFacebook

Қамшысап ғұмырдың қаншалықты мәнге ие екенін адамның ақық арманы, асқақ мұраты, шыққан шыңы мен алған тұғырына қарап анықтауға болады. Дүниеде жақсымен жанасып, жөн білгенмен жарасып тірлік кешкен тектілердің бәрі алғашқы адами құнарды жақсы ата-ана, ұлағат иесі мен өмір сүрген ортасынан алғары анық дүние. Мұны дана Абай да айрықша айшықтаған. Осы орайда ұлағат иесінің алдынан өткенімізбен, берген тәлім мен білімін өмірлік қажетімізге жарата алдық па деп ойланады екенсің.


Аядай ғана ауылда асыр салып ойнап, алтын ұя мектепте оқушы болып жүргеніміз күні кеше ғана сияқты. «Көшенің шаңын балағына жинап алып келетін сотанағым» деп отыратын әженің ыстық құшағында манаурап кететін балдырған шақ пен қашан үлкен адам боламыз деп армандаған оқушылық кезең де артта қалыпты. Сорабын салмақтасақ 15 жылға жуықтаған екен. Осынау уақыт бір адамның ғұмырындай шығар, бәлкім?! Ал біз үшін санада сайраған, жуырда ғана басып өткен сүрдек секілді көрінетінін жасыра алмаймыз.

Ой жүгірткен оқушылық кезеңді осылай толғай қалсаң есіңе жаны жақсы ұстаз оралады. Рас, біз де ұлағат иесімен мақтанамыз, олардың жан жылуын, ұстанымын, ақыл-парасатын, білім-білігін сөз етуге құштармыз. Өз басым журналистика жолына түскеніме, ақын болып қолға қалам алғаныма екі ұстазды себепкер деп санаймын. Бірі – мектеп қабырғасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған Нүсіпқожа Насыров ағайым болса, екіншісі осы мақаланың кейіпкері, жоғары сыныпта білім нәрімен сусындатқан Гүлбаршын Рахматуллаева апайым. 

Гүлбаршын Мәдәлімқызы деп ресми жазып отырғанымызбен, біз үшін «апай» деген аяулы атаумен аталатын ұстазым қарашығына қасиет тұнған жан. Ойлы көзімен бір қарағанда жан жүйеңді босатып жіберетін. «Әй, неге оқымайсың?» деп айтпаса да жанары солай бұйыратын, солай сөгетін, сын садағына алатын. Білімі мен парасаты жанарынан аңғарылар ұстаздың алдында ондай сәтте кірерге тесік таппай қалатын едік. Әрине, ойын қуып, кейде кітап бетін ашпай келетін аңғал да ақық күндердің естелігі ғой бұл. «Оқыңдар, оқығандарың өздеріңе керек. Білімді болып мені асырамайсыңдар, өз болашақтарың үшін ескертіп отырмын», – дейтін ескертпесі әлі санада сайрап тұр.

Иә, адами асыл қасиетке ынтық еткен, көз тастар көкжиегімізді кең- ейткен, тектілерден тағылым таратқан Гүлбаршын апайымыз бізге қазақ тілі мән әдебиеті пәнінен білім берді. Анамыздай қамқорлық көрсетті. Алып Абайдан бастап күллі қазақ әдебиеті классиктерінің ғұмырынан сыр шертті. Шығармаларын талдап, мазмұндады. Бойы озық көрінген, өнері қылаң берген шәкірттерін үкілеп, байқауларға қатыстыруға ынталандырды. 

Қарап отырсақ, білім атаулының бәрі адамға керекті құндылық. Алайда, ең негізгі дүние осы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен бастау алады ғой деп ойлайды екенсің. Өйткені физик, химик немесе басқа кез келген саланың маманы бол мейлі, егер, өзіңнің ана тіліңді жетік білмесең, ұлттық уызға қанбасаң, сенің майталман маман атанғаныңнан не пайда? Өз ұлтыңның мың жылдық тарихын қаламына қондырған, ұлт үшін «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам», «Тірі болсам қазаққа қызмет етпей қоймаймын», деген бабалардың күрескерлік жолын, мұң-зарын ұғына алмасаң, арманына бойламасаң онда өз салаңның саңлағы болғаныңнан жұртыңа не қайыр? Кез келген адам ең алдымен өз әдебиетін, мәдениетін, тарихын, тілін жетік білуі керек. Ал бұл орайда адамның ақ уыз шағындағы құндылықты бойына қондыруға негіз болатын бірден-бір адам – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі екені даусыз. Әрине, бұл біздің пайым, біздің толғам. Десе де ақиқаты алты аршын дүние ғой.

Расында Панфилов ауданына қарасты Надек орта мектебінде ұстаздық етіп келе жатқан Гүлбаршын Мәдәлімқызы әрбір оқушысын ұлттық уызға қандырып, адами бағдар бере алған жан. Ұлағат иесінің шәкірттері бүгінде әр қиырда еңбек етіп келеді. Мектеп қабырғасының өзінде-ақ Ұлжан Рахымғалиева, Әйгерім Сыдықжанова, Айдана Тұрғанбекова секілді өзі зейін қойып баптаған шәкірттері аудан, облыстық байқауларда топ жарып, бүгінде өз мамандықтарының майталманы атанса, Нұрасыл Құрмаш секілді оқушылары рухани бағытта білім алып жатыр. Ал, апайымыздың перзенті Нұрбек Әлибек Астана қаласындағы «Жастар» театрының белді актері. Рухани өмірде бесенділік танытып, өз саласы бойынша еңбек етіп жатқан ұл-қызы мен шәкірттерін ойласақ, жақсы ұстаздың тәлімі мен білімі оқушыларына қалай әсер еткенін байқайсыз. Сосын біз секілді сүйсінесіз, ақ көкіректен алғаусыз алғыс жаудырасыз.

Ордалы 30 жылдан астам уақыт ұстаздық еткен, ұжданды ұрпақ қалыптастырған ұлағат иесі ретінде маңдай терін шүмектеткен Гүбаршын ұстазым өткен жылы Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі үшін Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгісіне ие болды. Ұлағат иелері үшін елеулі марапат саналатын осынау қуанышқа біз де ерекше тебірендік, шын мерейлендік. Ендеше, алдынан сан мың шәкірт өткен ұлағат иесін, біздей журналистерге әдебиеттің шырынын ұсынып, ана тілдің уызын тосқан ардақты апайымызды толғаныс пен тебіренісімізге қосу, осылай мақала жазу заңдылық деп есептейміз. Оған қоса екінші анамдай болған осынау ұстазды һәм Надек орта мектебінің ұжымын Ұстаздар күнімен құттықтауды да ұмыт қалдырғымыз келмейді.  

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

03.02.2026
Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

03.02.2026
АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.