Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР

20.04.2022
ЖАНСАРАЙ
ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Журналистика саласында табан аудармай еңбек етіп келе жатқаныма 35 жылдай болыпты. Зымырап өткен жылдар аясында жүрегімнің төрінен орын алған жандар болды. Солардың қатарында Әлнұр Мейірбеков, Еркін Ібітанов, Дәулет Желдікбаев, Жақыпжан Нұрғожаев, Батық Мәжитұлы, Рысбек Сүгірбеков, Әміре Әрін секілді жүрегіме жылы ұялап қалған алдыңғы толқын ағаларыма, ұстаздарыма деген құрметім ерекше.

1987 жылғы күзгесалым уақыт еді. Бір күні Қақпақ ауылында қарапайым жұмыс істеп жүрген мені сол тұста Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінің бас редакторы болып еңбек ететін Дәулет ағамыз іздеп, хабарлассын деп сәлем айтыпты. Сөйтіп, сол жылдан бастап журналистикадағы жолым басталып кетті. Ол анама қарайласып, еңбектен қол үзбей қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде сырттай оқып жүрген кезім болатын. «Қалағаның осы мамандық болса, редакцияға кел. Басқа шаруаны қайтесің. Бір орын бар. Соған сені қалап отырмын», – деген ашық үнді салмақты дауыс келесі күні-ақ киелі шаңыраққа жетеледі. 
Міне, сол уақыттан бері Дәулет ағаны жақсы білем. Сол күннен бастап Еркін Ібітанов, Батық Мәжитұлы, Рысбек Сүгірбеков, Әбітай Әденов, Мінуар Әкімханов секілді қарымды қаламгер, кәнігі журналистермен әріптес болдым. Дәулет аға бастаған аға буыннан алғаным көп, жиғаным жетерлік. Аптасына үш рет шығатын аудандық газет бізді жазу өнеріне төселтті. Дәулет аға журналистік еңбектің нағыз торысы болды. Не жазса да жетер жеріне жеткізіп жазатын. Талабы жоғары, жауапкершілігі мығым редактор ретінде ойымда қалды. Соғыс және еңбек ардагері, Қазақстанның Құрметті журналисі Әлнұр атамыз: «Дәулет – осыны терең түсінетін азамат. Олай дейтінім, екеуміз аудандық газеттің редакциясында он жылдай бірге қызмет істедік. Осы мезгіл ішінде Дәулет Ахметбайұлына бірде-бір сын-ескерту жасаған емеспін. Қандай жұмыс тапсырсам да өзім ойлағаннан артық тындыратын. Мұндайға қалай жаның сүйсінбесін», – деп жазыпты бір естелігінде. 
Сексеннің алтауына қарай аяқ басқан Дәулет Желдікбаев ағамыз қазіргі таңда Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында тұрып жатыр. Өз тұсында Қытайдағы Құлжа қаласындағы гимназияны, одан кейін Алматы қаласындағы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген жоғары білімді журналист, кәсіби маман болды. Шын мәнінде ойға алған шаруасын тап-тұйнақтай орындамай тынбайтын өте еңбекқор, білімді әрі сауатты журналистті жерлестері орынды құрметтейді. Бойына біткен табандылық, қайсарлық, еңбекқорлық, ізденімпаздық қасиеттер ағамызды үнемі алға жетелеп отырды. Ол Шығыс Түркістандағы қазақ жастар баспасөзінің негізін қалаушылардың бірі болды. Дәулет ағаның тікелей араласуымен 1956 жылдың 1 қазанында Құлжа қаласында «Іле жастары» альманағы, 1958 жылы «Іле жастары» газеті жарық көрді. Ағамыз сол басылымдарда 1960 жылдың желтоқсан айына дейін бөлім редакторы болып еңбек етті. 1966 жылдан бастап Алматы облыстық партия комитетінің жолдамасымен Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінің редакциясына келіп, аудандық басылымның жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары және бас редакторы болып отыз жылдан астам жемісті жұмыс істеді. Ұзақ жыл аудандық партия комиетінің мүшесі, аудандық кеңестің депутаты болды. «Қазақ тілі» қоғамының, аудандық ардагерлер кеңесінің, Нарынқол ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы қызметтерін абыроймен атқарды. Ағамыз Нарынқол ауданының Райымбектей батыр бабамыздың атымен, аудандық «Советтік шекара» газетінің «Хантәңірі» деп аталуына елеулі үлесін қосты. 1997 жылы мамыр айынан бастап Райымбек ауданының орталығы Кеген ауылына көшіріліп, екі аудан қайта қосылған соң жүдеу тартқан Нарынқол өңірінің қайтадан қалпына келуін де көптен-көп тілеп жүрген ақылман ақсақал, қамқор қарт болды. Қариялар аңсаған күнге де жеттік. Шүкір. Дәулет аға аудандық газетте еңбек еткен, басшылық жасаған жылдары көптеген жас журналистті қамқорлығына алды, тәлімгер ұстазы болды. Жас қалам иелерінің журналист болып қалыптасуына негіз қалады. Біз де әрдайым Дәулет ағамыздың шекпенінен шыққанымызды мақтан етіп, айтып отырамыз.
Дәулет ағамыз эссе, естелік, сыр-сұхбат, ой-толғау, очерк, проблемалық, публицистикалық мақалалар жазудың шынайы шебері болды. Қарымды журналистің әдеби өңдеуімен өз тұсында «Нұрлы өңір Нарынқол», «Нарынқол картобы» атты кітаптар жарық көрді. Шалкөделік жыр жампозы Шарғын Алғазыұлының өлеңдерін жинақтап, «Көш керуен» деген атпен шығарып, оқырман қауымның, жерлестерінің үлкен ризашылығына бөленді.  Басқаны айтпағанның өзінде майдангер ағасы, өзі қатты құрметтейтін қаламгер Әлнұр Мейірбеков туралы «Батыр болсаң, жау қайтар?!» атты тамаша сыр-сұхбаты аудандық газетте ғана емес, облыстық «Жетісу» газетінде, республикалық басылымдарға жарияланды. Белгілі журналист, көсемсөз шебері 1972 жылдан КСРО Журналистер одағының, 1983 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Одақтың екі дүркін съезіне делегат болып қатысты. Дәулет ағамыз жазылған құнды шығармаларының арқасында Қазақстан Журналистер одағының Тельман Жанұзақов атындағы сыйлығының лауреаты атанды. «Еңбекте үздік шыққаны үшін» және «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатына, Республикалық ардагерлер кеңесі басқармасының Құрмет грамотасына ие болды. Райымбек ауданының Құрметті азаматы атанды. Рас, мұның бәрі қарымды қаламгер, дарынды журналист, көсемсөз шеберінің ерен еңбектеріне берілген орынды баға, лайықты құрмет. 
Дәулет аға жылы шуағына, жақсылығына толы зейнеткерлік өмірінде де сол баяғы бойына біткен еңбекқорлығынан ажыраған жоқ. Араға жылдар салып «Даналар мен даралар» атты кітабын жарыққа шығарды. Кейін жарық көрген «Тіршілік толқынында» атты кітабын да қызыға оқып шықтық. Асқар таудай ағамыз Аспантаулар өлкесінің тарихын жақсы білді. Оның барын асырып, жоғын түгендеуге де еңбегін сіңірді.  Ата-бабаларының шежіресін де бес саусағындай білетін танымының кеңдігі, білімінің тереңдігімен де тамсандырып отырады. Соның нәрлі нәтижесіндей баспадан шығып, қолға тиген «Сүйіндік» атты шежіренің бірінші кітабы, одан кейін толықтырылған екінші кітабы көпшіліктің құрметті төрінен орын алды. 
Дәулет ағамыз бен бүгінде сексеннің екеуіне аяқ басқан Айман жеңгеміз өмірге әкелген ұл-қыздарымен мәуелі бәйтерекке, үлкен әулетке айналған жайлары бар. Қадырдай кенже ұлы, Айжандай келіні, алтындай немерелерімен бірге тұрады. Қос бәйтерек шөбере сүйіп, шадыман шаттыққа кенелуде. Кеудемізде бір ғана өкініш пен өтініш бар. Қазақ журналистикасына қыруар еңбегін сіңірген, артына елеулі ізін қалдырған қаламгер ағамызға «Қазақстанның Құрметті журналисі»  деген атақ берілсе жақсы болар еді. Бұл мәселе Сейітқазы Матаев басқаратын Қазақстан Журналистер одағының және одақтың Алматы облыстық филиалының назарында болады, нәтижесін көреміз деген үлкен үмітіміз бар.

Қанат БІРЖАНСАЛ

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.