Талдықорған: +18°C
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

АСЫЛ БЕЙНЕСІ ЕЛ ЕСІНДЕ

20.10.2021
ЖАНСАРАЙ
АСЫЛ БЕЙНЕСІ ЕЛ ЕСІНДЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ халқының тарихын тарқатсаң небір ғажайып деректерге кезігесің. Арғы бабаларымыз әлемді билеп, құтты қонысымыз бүтін әдебиет пен мәдениеттің түп қазығы, бастауы болған. «Құдай жаққан шырақты шайтан үрлеп өшіре алмайды», – дейді дана жұрт. Қалай тауып айтқан?! Елдің басынан небір нәубет өтті. Алайда, Алланың біздің елімізге арнап жаққан шырағын ешкім де өшіре алмады. Керісінше, мың өліп, мың тіріліп, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ұлы Даланы дүбірге бөлеген еркіндіктің арқасында еліміз еңсесін қайта тіктей алды. Қазір бейбіт күннің бесігінде тербеліп келеміз. Осының барлығы ел ертеңі, келешектің кемелденуі үшін ұшан-теңіз еңбек еткен арда азаматтардың арқасы. Солардың қатарынан Мұхтар Исағұлұлы Жолжановтың есімін мақтанышпен айтуға толық негіз бар. Жақында ғана мәңгілік мекеніне сапар шеккенімен артында қалған ізі ел есінен өшпек емес. Себебі, «Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді».

ӘКЕ ӨНЕГЕСІ

Мұхтардың әкесі Исағұл Жолжанов ақсақалды танымайтын жан кемде-кем. Алакөл өңірінің қарқынды дамуына сүбелі үлес қосып, ізгі қасиеттерімен көпке үлгі бола білген, абыройы асқан адам еді.  Ерекше қабілетімен көзге түскен соң қызметі өрлеп, халықтың  алғысын арқалады. Жан жары Жамбытаймен шаңырақ көтеріп, 1946 жылдың 14 наурызында өмірге атұстар ұл келеді. Жас жұбайларға шексіз қуаныш сыйлап, махаббаттарын тереңдетіп, сыйластықтарын жарастыра білген, біздің тақырыбымызға арқау болып отырған Мұхтар осы. 

Исағұл ақсақал ардақты анамызбен 50 жылдан астам отасып, 3 ұл, 4 қыз тəрбиелеген. 94 жасында өмірден өтіп, шөпшектің қолынан су ішті. Қазына кеуделі қария жайлы жұрт арасында әлі күнге дейін тағылымға толы әңгіме айтылады. 

«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, Мұхтар да ұяда көргенін ұшқанда ілді. Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтында оқып, «Инженер-механик» мамандығына ие болды. Оқуын аяқтаған соң әке өсиеті бойынша кіндік қаны тамған жеріне оралады. Қызметін Алакөл аудандық ауылшаруашылық басқармасында механик-инженер, бас инженер лауазымынан бастап, аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысына дейін көтерілді. «Қанша биікке шықсаң да, қандай қызметте жүрсең де қарапайымдылықтан ажырама, халқыңа бас ие біл!» деген әке өсиеті Шолпан жұлдыздай бағдар беріп, болашағына бағыт түзетті.

АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Мұқаң екеуміздің таныстығымыз осыдан табаны күректей елу жыл бұрын бастау алды. Ол кезде Мұқаң Алакөл, мен бүгінгі Көксу аудандық жастар ұйымының басшысы лауазымында болатынбыз. Жалындап тұрған жігерлі кезіміз, жұмысты үлкен қызығушылықпен істейтінбіз. Сол кездің өзінде Мұхтар ішіміздегі саналы, байсалды, салиқалы азамат екенін танытқан еді. Аудандық, облыстық жастар ұйымында, әріптестері арасында үлкен беделге ие болатын. Өте қағілез, сезімтал, көп нәрсені қасың мен қабағыңнан айтқызбай байқап тұратын. Өмірде қандай жағдай болмасын жауапкершілікпен қабылдап, ақылды, салауатты шешім шығарып отыратын. Әлденеге ашынып, байбалам салатын сәттері болмайтын. Айналасына әруақытта шуағын шашып, жақсы аура қалыптастырып жүретін. Қажет болған кездерде достарына қамқорлық көрсетіп, көмектесіп, қол ұшын беретін. 

Жылдар өте екеуміздің таныстығымыз, әріптестігіміз жеке бастың ғана емес, отбасылық үлкен достыққа ұласты. Жас кезімізде Талдықорған қаласында қызметте болған жылдары бос уақытымызды көбіне бірге өткізетінбіз және де көп жағдайда басқосудың ұйытқысы Мұқаң болатын. Түрлі-түрлі себептер тауып басымызды қосып жүретін. Жан жары Мәдина екеуі қонақжай, көпшіл еді, дастарқандары достарына әруақытта жаюлы тұратын.

Мұқаң басқарған жылдары Алакөл ауданында жастар ұйымдарының белсенділігі артты. Жастардың жетекшісі ретінде тың, шынайы көзқарасты адам келгенін айналасына көрсетіп, өзін жаңа қырынан танытты. Жастар тәрбиесімен шұғылданатын аудан мекемелерінің басшылары Мұқаңның айналасына шоғырланып, сол ортаның көшбасшысы бола білді. Айналасында ылғи да ынталы, іскер азаматтар жүретін. 

Аз сөйлеп, көп тыңдайтын

1975 жылы басталған таныстығымыз тереңге тамыр жайып, үлкен достыққа ұласты. Мен сол кезде Кербұлақ аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайландым. Мұхтар Алакөл аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы екен. Елгезектігі мен жұмысқа адалдығының арқасында кейін басқа қызметке ауысты. Мен 1991 жылы Алакөл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып барғанда Мұхтар «Үшарал» кеңшарының директоры екен. Сол жылдары бірге қызмет еттік. Кеңшар жұмысын ұтымды ұйымдастырды. Мұхтар Исағұлұлын басқа қырынан тани бастадым. Ол көп білетін, жан-жағын бағдарлайтын, аз сөйлеп, көп тыңдайтын азамат еді. Ешкімді жамандамайтын, біреудің сыртынан сөз сөйлемейтін жақсы жігіт, керемет маман болды. Жан жары Мәдинамен бақытты да баянды ғұмыр кешті. Отбасымызбен араластық. Біз 1997 жылы Талдықорған қаласына көштік. Бірақ сыйластығымыз бүгінге дейін үзілген емес.  
Денсаулығы өте мықты болатын. Әкесі Исекең 93 жасқа келіп өмірден өтті. «Әй, осы Мұхтар әкесінің жасынан асатын шығар», – деп ойлайтынбыз. Алайда, мына аты жаман індет арамыздан алып кетті. Жүрегіміз ауырады, дегенмен Алланың бұйрығы солай болды. Жақсы адамның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын дейміз.

Әбдуғали Бектеміров,
Алматы облысының Құрметті азаматы

Мұқаңның бір ерекше қасиеті – аудан өмірін жетік білетін. Оған себеп осы ауданның тумасы ретінде еліне, жеріне деген ыстық ықыласы болатын. Ауылшаруашылығы маманы ретінде жер жағдайын, ел жағдайын жақсы білетін және де бойында құдай берген қағілездігі, көпшілдігі бар Мұхтар жас кезінен аудан азаматтарымен етене жақын, аралас-құралас болған еді.  Осы жағдайлар Мұқаңның басшы қызметтерді еркін меңгеріп кетуіне көп септігін тигізді. Аудандық жастар ұйымын басқаруда әріптестері, көмекшілері Владимир Стебляковпен, Баян Рыспековамен тіл табысып жұмыс істеді. Олардың қатынастары тек қызмет бабымен ғана емес, адами араластықпен де айшықталған еді.

Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла» атты сөзін темірқазық етіп алған Мұхтар Исағұлұлы ешкімнің ала жібін аттамай, керісінше, айналасындағыларға шапағатын тигізіп, өз саласының саңлағы атанды. Атаның қанымен, ананың сүтімен келіп, жылдар бойы қалыптасып шыңдалған қасиеттерінің арқасында қандай лауазымды қызмет атқармасын, Мұқаң абыройлы болды. Аудан деңгейінде ысылып, облыстық партия комитетіне қызметке келгенде (ол кезең үшін бұл өте жақсы қызметтік өсу еді) Мұхтар Исағұлұлы жаңа жұмысты өзіне тән жүйелілікпен меңгеріп, абыройы артты. Одан кейін бөлім меңгерушісінің орынбасары және де басқа лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды.

Кеңес одағы тарап, өзара шаруашылық байланыстар үзілген жылдар ел экономикасы үшін қиындықтарға толы болды. Жаңадан ғана ес жиып, еңсе тіктеген жас мемлекет үшін дамудың даңғыл жолына түсу оңай болмады. Халық жарықсыз, жылусыз күн кешіп,   жұмыссыздық белең алды. Осынау қиындықты еңсеріп, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру жолында білек сыбана жұмыс жүргізгендердің қатарында Мұқаң алғы шептен көрінді. Іскерлік қабілетін дәлелдеген ол Алакөл ауданының ауылшаруашылығы саласында он жылдан астам еңбек етті.

Мінезі жұмсақ еді

Мен Мұхтар Исағұлұлымен 1974 жылдан бері таныспын. Ол кезде Мұхтар екеуміз де Талдықорған облыстық партия комитетінде нұсқаушы болып жұмыс істедік. Ол Мәскеу қаласындағы КПСС Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітіріп келген. Таныстығымыз тамырланып, сыйластығымыз арта түсті. 1998 жылы Алакөл ауданына әкім болып ауыстым. Келсем, ол кеңшар директоры екен, өзіме орынбасар етіп қызметке алдым. Сол жерде 7 жыл бірге жұмыс істедік. Бірауыз сөзге келген жоқпыз. Берген тапсырманы тиянақты етіп орындайтын. Үлкенді үлкен деп сыйлайтын, қарапайым, сабырлы, мінезі жұмсақ жігіт еді. Ел арасында абыройы асты. Әкесі де бүкіл ел сыйлайтын мықты азамат, үлкен ақсақал болатын. Мұхтар әкесінің барлық игі қасиеттерін бойына сіңіре алды. 
Мына оқиға есімнен кетпейді. Қыс кезінде, демалыста 3-4 жігіт Ақшиге балық аулауға бардық. Көлдің жағасы қатпайтын. Мұздың үстіне секіріп түстік те ары қарай жүрдік. Қайтып келе жатып Мұхтар жанына бір жігітті алып, жағаға кетті. Біз секірмесін деп қайық лақтырды. Бірақ қайыққа жетпей, мұз ойылып суға баттық. Мойнымыз ғана судың бетіне шығып тұр. Мұхтар мені тартып шығарды да үстіндегі киімін шешіп берді. Мінекей, тар жерде ер-тоқымын сұрамайтын нағыз азамат еді. Жақсы адам ұмытылмайды. Отбасымызбен араласқан сәттердің бәрі көз алдымда.

Оралбек Жақиянов,
Алматы облысының Құрметті азаматы

Әлі есімде, 1980 жылдардың аяғында Мұхтар Исағұлұлы өзі туып-өскен ауданның «Үшарал» атты кеңшарына директор болып тағайындалған еді. Шаруашылық экономикасы тұралап, ұжым басқару тәсілдері тәлтіректеп, ауыл тұрғындарының тұрмысы төмендеп, жұмыскерлердің ынтасы жоғалып тұрған кез. Жаңа басшы сондай қиын жағдайда бұлақтың көзін ашқандай әрекет жасауға кірісті. Күн демей, түн демей дамыл таппай ширақ қимылдап, жағдайды түзетуге зор талпыныс жасады. Әр шаруаның тетігін дәл басып, жаңашыл әрекеттер қолданып, еңбек ұйымдастырудың жаңа, озық үлгілерін енгізіп, бірте-бірте оң нәтижелерге қол жеткізді, елдің бетін бері қаратты. Өзін шебер, замана талабына сай ұйымдастырушы ретінде көрсетті. Сол уақытта ауданға, шаруашылыққа барған іссапарымда соған көз жеткізіп, марқайып қайтқаным бар еді. Талай жылдан бері жинаған тәжірибесінің арқасында еңбегі еленіп, аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалып, көп жылдар бойы нәтижелі еңбек етті. Сол жылдардағы аудан жетістіктерінде Мұқаңның еңселі еңбегі жатыр. Сәулелі ғұмырын туған жерінің өсіп-өркендеуіне арнаған арда азамат еңбегіне орай «Алматы облысының Құрметті азаматы» атағын алып, ауданның маңдайалды ақсақалы атанды.

ЖОМАРТ ЖҮРЕК ИЕСІ

Көршісі аш жатса тойып тамақ ішпейтін қазақтың ұрпағымыз. Жарты нанын жарып, бүтін күлшесін бөлісіп жейтін елдің ұландары қайырымдылық жасауда алдына жан салмайды. Бұл қасиет қанымызда бар. Кезінде қуғын-сүргін көріп, жер ауып келген орыс, кәріс секілді өзге ұлт өкілдеріне тастың орнына құрт лақтырып, тар лашықтан орын бергені көзге жас үйіреді. Осындай бабалардың жолын жалғаған Мұхтар Исағұлұлы зейнетке шыққаннан кейін «Исағұл Ата» шаруа қожалығының жетекшісі бола жүріп жағдайы төмен, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға әрдайым көмек қолын созуды әдетке айналдырды. Балаларын мектепке әзірлеп, бастан-аяқ киім алып беріп, қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етіп отырды. «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» демекші, жастармен өткен әрбір кездесуде тәлім-тәрбиеге толы әңгіме өрбітіп, өзінің басынан өткерген тәжірибесімен бөлісіп келді. «Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста» ұстанымымен сенбіліктерге шығып, ағаш отырғызу секілді бастамалардың басы-қасынан табылды. Бұдан бөлек шаруа қожалықтағы жұмысшысына да үлкен көңіл бөлді. Жалақыдан бөлек, үймен, азық-түлікпен қамтыды. Шаруа қожалығының басшысы ретінде ауданның ауылшаруашылығын дамытуға үлес қосты. Жыл сайын соя, жүгері сынды дәнді дақыл егіп, алған мол өнімімен өңір экономикасын дамытуға қатысты. Сонымен қатар, мал өсірумен айналысып, етті бағыттағы ірі қара санын көбейтті. Осының бәрі екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс.

ОТБАСЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

«Отан – отбасынан басталады» демекші, Мұқаң көп уақытын қызметте өткізгенмен отбасына да айрықша көңіл бөліп отырды. Зайыбы Мәдина Бағдатқызымен Дидара, Айгүл есімді екі қыз бен Дархан атты ұл өсірді. Былтыр ғана отасқандарына 50 жыл толуына орай Алтын той өткізіп, мәнді де сәнді махаббаттың биік шыңына шықты. Екеуі ұл-қыздарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай жеткізіп, білім нәрімен сусындатты. Екі қызы Алматы қаласында кәсіппен айналысса, ұлы Дархан «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы Үшарал мұнай құбыры басқармасында бөлім басшысы болып қызмет етіп жүр. Немерелерінің алды оң мен солын танып азамат болса, кейінгісі мектепке, балабақшаға барады. 8 немеренің үлкені Шыңғыс Талдықорған қаласында жаңадан ашылған жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігер, Ержігіт атты екінші немересі Мәскеу қаласында жоғары оқу орнын тамамдап, сол жерде жұмыс істеуде. «Бала балдан тәтті, немере жаннан тәтті» демекші, немерелерінің қылығын қызықтап, құшағына қысып, бір жасап қалатын.

Мұхтардың алты бауыры бар екенін жоғарыда айттық. Соларға да қарасып, ақыл-кеңесін айтып отыратын. Гүлбаршын есімді қарындасы: «Қандай жағдай болмасын алдымен ағамызға айтып, ақыл сұраушы едік. Бұл сонау бала кезден қалыптасқан үрдіс. Біз «Ағасы бардың  жағасы бар» деген қағиданы молынан сезініп, өстік. Артында жақсы істері қалды. Ешқашан адами қасиетін жоғалтқан емес. Ата-анаға, ағайынға деген құрметі ерекше болды. Оларды аялай білді, ал біз, соңынан ерген іні-қарындастары ағамыздан алған үлгімен жүруге тырыстық. Еш жерде жазылмаған отбасылық заң болды. Ол – үлкенді сыйлау. Біз сол жолды бұзбай өстік. Одан жаман болған жоқпыз», – деп тебірене көзіне жас алады.

Мұқаңның денсаулығы мықты еді. Әркезде жоғары көңіл-күйде, ширақ қимыл үстінде жүретін. Қол қусырып қарап отырғанын көрмейтінбіз. Жұмыс кезінде жанып тұратын, тыным таппайтын, әрдайым ізденіс үстінде болатын. Ал жұмыстан бос уақытын отбасына, туыстарына, достарына арнайтын. Өте балажан еді, қашан хабарлассаң да балалары, немерелері туралы әңгімелейтін. Бірде немерелеріме кәуап дайындап жатырмын десе, енді бірде оларды қыдыртып жүрмін дейтін, арасында үй шаруасына баулып жүрмін деуші еді.

Жаппай келген індеттің он екі мүшесі сау, көңілі жарқын, ел ағасы, ақсақал болған досымызды алып кеткені қабырғамызды қайыстырды. Абзал адам өмірден озды, айналасына нұрын шашып жүретін жағдайы бар еді, тағдырдың жазуы солай болды.

Мұқаңның асыл бейнесі ел есінде.

Ұрпағы ел игілігі үшін қызмет етіп, артында қалған жақсы істерін жалғасын деп тілеймін.

Серік Ахымбеков,
мемлекет және қоғам қайраткері

 

 

Қатысты жаңалықтар

7-9 сәуірде елдің басым бөлігінде бұршақ пен дауыл болуы мүмкін

7-9 сәуірде елдің басым бөлігінде бұршақ пен дауыл болуы мүмкін

06.04.2026
Рекорд орнады: Қазақстан халқының өмірі 8 жасқа ұзарды

Рекорд орнады: Қазақстан халқының өмірі 8 жасқа ұзарды

06.04.2026
Жеңіспен оралды

Жеңіспен оралды

06.04.2026
Елде өмір сүру ұзақтығы рекордтық 75,97 жасқа жетті

Елде өмір сүру ұзақтығы рекордтық 75,97 жасқа жетті

06.04.2026
Жоғалған балықшы аман табылды

Жоғалған балықшы аман табылды

06.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.