Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҒАСЫР ЖЫРЛАҒАН ЖЫРАУ

22.12.2024
ЖАНСАРАЙ
ҒАСЫР ЖЫРЛАҒАН ЖЫРАУ
WhatsAppTelegramFacebook

Айтыс өнері – қазақтың ауыз әдебиеті арқылы ежелден әлі күнге дейін жалғасып келе жатқан қайталанбас поэзия жанры, дәуірлер бойы қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Зерттеушілердің мәліметіне сүйенсек, айтыс өнерінің шығу тарихы сонау ертеден қалыптасқан деседі.


Бұған Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» атты жинағындағы «Қыс пен Жаздың айтысын», сондай-ақ, Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикметіндегі» «Дозақ пен Пейіштің» айтысын дәлел ретінде айта аламыз. Қазақ айтысындай көптеп тараған сөз өнері өзге елде кездеспейтіні ақиқат! Бұл дегеніміз – қазақ халқының сөз өнеріне, жыраулық поэзияға, айтысқа деген ерекшелігін білдіреді. Тарихта елдің мәдени-рухани өміріне белсене араласып, ұлттық өнерімізді дамыту жолында елеулі еңбек еткен тұлғалар аз емес. Солардың бірі – айтыс өнерінің жарық жұлдызы, жыршы, эпик, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы Жамбыл Жабайұлы. Жамбыл – шынайы шындықтың көркем суреткері. Ғасыр жасаған ақын саналы ғұмырында айтыстың дамуына үлес қосты. Ол жыраулар поэзиясының үлгісінде бүгінгі мен өткенді сабақтастыра білген ақын. Ұстазы  Сүйінбай секілді ешкімге жалтақтамай, айтарын астарламай, ащы шындықты шымбайға батырып айта білген. Өзінің ізбасарларының ішінен де атағы Алатаудай ақындар көптеп шыққан. Солардың арасында Кенен, Шашубайлармен иық тірескен жерлестеріміз Қуат Терібаев, Қалқа Жапсарбайұлы, Темірғали Рүстембеков, Әбікен Сарыбайұлы және тағы басқалар. 

Бүгінде ақынның мұрасы 44 тілге аударылған. Ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын тағы бір үлкен дүние – ақынның сол мұраларын сақтау, өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау. Мұндай ұлы істе музей мамандарының еңбегі ерен. Осыдан ай бұрын Жетісу облыстық Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде Алматы облысындағы Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейімен ортақ құндылықтарды насихаттауға байланысты ұйымдастырылған ақын, жыршы Жамбыл Жабайұлының өмір жолы мен шығармашылығына арналған «Ғасыр жырлаған ақын» тақырыбында жылжымалы көрме өтті. 

Өскелең ұрпаққа ақынның өнегелі өмір жолы мен тұлғалық қырын, шығармашылығын таныстыру, әдеби мұрасын насихаттау, жастардың бойына ұлттық рух, өнерге деген құрметті дарытуды мақсат тұтқан шараға Жамбылдың ұрпақтары, мәдениет қызметкерлері, Талдықорған индустриялық колледжінің студенттері, қалалық №4 М. Горький атындағы орта мектептің оқушылары қатысты. 

Көрме экспозициясында ақынның өзі ұстаған домбырасы, Мәскеу қаласына сапар кезінде киген шапаны, телефон аппараты, сонымен қатар елімізге белгілі суретшілердің туындылары және тағы басқа да құнды музей экспонаттары көпшіліктің назарына ұсынылды. Көрмені тамашалауға келген жастар шара барысында музей мамандарынан Жамбыл Жабайұлына қатысты көкейдегі сұрақтарына да жауап алды. 

Музей – тарих қазынасы. Ендеше бұл құтханада болған кез келген шара ұлт руханиятының мәйегі болмақ. Сондықтан қазіргі сананы тұрмыс билеп, ғаламтор торлаған заманда бір сәт музейге барып, күйзелген көңіліңізге қуат алып қайтыңыз.

Қалқаман АБДРАХМАНҰЛЫ,
Мұхамеджан Тынышбайұлы 
атындағы тарихи-өлкетану 
музейінің бөлім меңгерушісі
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.