Талдықорған: -0°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҒАСЫРДАН ДА ҰЗАҚ ҒҰМЫР

12.06.2020
ЖАНСАРАЙ
ҒАСЫРДАН ДА ҰЗАҚ ҒҰМЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Бір ғасыр және үш жыл! Бұл мерзім тарих үшін қас-қағым сәт болғанмен, адам өмірі үшін аз уақыт емес. Ал осыншама уақыт жарық дүниеде ғұмыр кешу кез келген пенденің тағдыр-тәлейіне жазыла бермесі тағы да айдан анық. Сондай ғұмыры ұзақ, өмірі мен жүріп өткен жолы бәрімізге үлгі боларлық сүйегі асыл жанның бірі – нарынқолдық Нұрғали Жансерікұлы атамыз еді.

Осыдан 103 жыл бұрын шөбі шүйгін, суы бал қасиетті Байынқол өңірінде дүниеге келіп, өмір бойы осы жерге маңдай тері мен еселі еңбегін сіңірген ардагер ақсақалымызға биылғы көктемде туған жерінің топырағы бұйырып, жамбасы жерге тиген еді. «Байсейіт бабам 105 жыл жасаған екен, мен де сол бабамның жасына жетемін», – деп әзіл-шынын араластырып, айтып отыратын еді жарықтық. Өкінішке қарай, атамыз бабасының жасына екі жыл, өзі бастан-аяқ қатысып, қан кешкен Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына бір ай қалғанда бұл дүниеден аттанып кете барды. Иә, мына бүкіл адамзаттың басына қауіп төндірген кеселдің кесірінен жан-жақтағы толып жатқан туыстар мен құда-жекжаттардың атамызды соңғы сапарға шығарып салуға қатыса алмағандығы болмаса, бұл қазаны «ақ өлім, өкінішсіз өлім» деп айтқанымыз жөн болар.
Нұрғали ата мен әкем Мүсірәлі туған немере ағайын болғандықтан ақсақалдың мен ес білгеннен бергі 50 жылдық ғұмыры көз алдымда өтті. Өзінің бала-шағалары сияқты мен де ол кісіден көптеген әңгімелер естідім, өсиетін тыңдадым, батасын алдым. Мен Байсейіт батыр ұрпақтарының шежіресі, Байынқол өңірі, ауыл тарихы мен ауылдан шыққан азаматтардың өмір жолы жайлы «Ауылым Байынқолдың сағасында» атты кітап құрастырып жатқанымда жасы 90-нан асып отырса да шежіренің толық болып шығуына атсалысып, өзі білетін көптеген деректерімен бөлісіп еді. Сол кітап атам 95-ке келгенде халықтың көмегімен жарық көрді. Кітапты ауылға әкеліп, алдымен атама көрсеттім. Алғашқы бетіне өзінің ақ батасы басылған қалың кітапты кеудесіне басып, көзіне жас алды. Сол жолы өзі көптен жинап жүрген соғыс жайлы газет-журнал қиындыларын, албан руының шежіресі, өмір жолы, баталары өз қолымен жазылған қалың оқушы дәптері мен қойын кітапшасын: «Сенде болсын, бір керегіңе жарап қалар» деп маған берген еді. Ақсақалдың сол аманаты әлі де сақтаулы тұр. Аманатқа қиянат жасамайтын халықпыз ғой. Атамның «бір керегіңе жарап қалар» деген сөзді неге айтқанын енді түсінгендей болып, ол кісі жайлы газет бетінде бірауыз әңгіме айтуды өзіме парыз санап, қолға қалам алған жайым бар. Ендеше, әңгімемізді қолжазбадағы жазулар арқылы өрбітіп көрейік.
«…Мен қызметке 17 жасымнан араластым. Ұжымшарда есепші, ауылдық кеңестің хатшысы, аудандық комсомол комитетінде іс басқарушы болып істедім. 1939 жылы Мәндіқыз Әсенқызына үйлендім. Сол жылы әскер қатарына шақырылдым…».
Әйгілі Брест қамалында тұрған 6-дивизия, 333-атқыштар полкі, 2-пулеметшілер ротасына қызметке келген ол әскери өнердің қыр-сырын тез меңгеріп, үлгілі жауынгер атанады. Сақа солдат болып, енді үйге қайтамыз деп жүргенде дүние астаң-кестең болып, сұм соғыс басталады да кетеді.
«…Ол күн сенбі еді. Полктағы командирлердің көбі үйлеріне кеткен. Таңғы сағат алтыда жер-дүние дүрілдеп, ысқырып снарядтар жарылып, жау бомбасы жаңбырша жауды. Біз есімізді тез жиып, қаруымызға ұмтылдық…».
Нұрғали ата осылайша ел шетіне тиген опасыз жауға алғашқылардың бірі болып оқ атты. Бірақ бақайшағына дейін қаруланып, тұтқиылдан бас салған жаудың күші басым еді. Біздің әскерлер шегіне ұрыс салып, жанталасып жатты. Осындай бір ұрыс кезінде жау ұшақтары ұшып келіп бұларды бомбаның астына алады. Бір снаряд пулеметімен жауға оқ жаудырып жатқан атаның дәл жанына түсіп, ол кісі топырақ астында қалып қояды. Екі құлағы тас боп бітіп, тілі күрмеліп, ыңырсып жатқан оны бір күннен соң шегініп бара жатқан басқа бөлімнің жауынгерлері тауып алған екен…
«Соғыста мен 3 рет жараландым. 11 ай уақытым госпитальда өтті. Екі реткі ауыр жарақаттан ұзақ емделуге тура келді. Брест қамалынан кейінгі кескілескен ұрыс мен үшін 1943 жылғы Днепрден өту кезіндегі шайқас еді. Жағалауға ор қазып, мықтап бекініп алған жаумен бір айдай соғыстық. Ақыры біз жеңдік. Осы жолы мен екінші рет ауыр жараландым. Госпитальде жатқанымда дивизия командирі мені 3-дәрежелі Даңқ орденіне ұсынған екен. Мен оны білмеймін. Емделіп шыққан соң қайта майданға сұранып едім, «өз бөлімің алысқа ұзап кетті» деп мені басқа әскери бөлімге жіберді… Сол орденім өзімді 50 жылдан кейін іздеп тапты. 1994 жылы аудандық әскери комиссариат салтанатты түрде наградамды өзіме тапсырды…».
Кеудесінде басқа да оншақты орден, медаль жарқырап жүрген ардагер үшін бұл награданың орны бөлек еді. Сол салтанатқа қатысқан Нарынқолда тұратын аспантаудың тағы бір ардақты ақыны Еркін Ібітанов ағамыз «Жарты ғасыр адасқан орден» деген баллада жазып, «Хантәңірі» газетіне (1995 жыл) жариялаған екен. Соның бір үзіндісінде ақын былайша жыр төгеді: 
…Өзен бар шегараны жалғап өткен,
Фашистер таңға жуық жалдап өткен,
Брестінің қамалы қаһарлы еді,
Қирап жатыр қаңырап қанға бөккен.

Мұрша жоқ құдайға да сыйынуға,
Аспаннан ажал-нөсер құйылуда.
Көк шалғындай жас ғұмыр жапырылып,
Бота тірсек боздақтар қиылуда.

Ажал…
Өмір…
Алысып, арбасады,
Қара жерді суарып, қан басады.
Байынқолдық жас жігіт жаннан безіп,
Пулемет тұтқасына жармасады.

Биледі екен сезімдер сонда қандай?
Бәлкім батыр бабасы қолдағандай.
Беларустың қаласын қорғап жатыр,
Байынқолдың аңғарын қорғағандай…

Нұрғали ата Ұлы Жеңісті Венгрия жерінде қарсы алыпты. Ол туралы дәптердегі қолжазба былайша сыр шертеді:
«Бес қаруымызды сайланып қорғаныс шебінде жатырмыз. «Біздің әскерлер әне-міне Берлинге кіреді» деген хабар жеткен сайын жігерлене түсеміз. 9 мамыр күні біздің бір әскери ұшақ төбемізден ары-бері ұшып өтіп, буда-буда қағаз лақтыра бастады. Онда біздің әскердің Берлинді басып алып, фашистерді тізе бүктіргені жазылған екен. Қуанышымызда шек жоқ. Бір-бірімізді құшақтап жылап жүрміз, күліп жүрміз. Командиріміз бізді әрең дегенде сапқа тұрғызып, аспанға үш рет салют атқызды…».
Иә, бұл оңайлықпен келмеген Жеңіс еді. Миллиондарды қайғының қара бұлтына орап, миллиондардың тәні мен жанына айықпас жара салған бұл Жеңістің бағасы тым қымбат болатын. Жеңіс жолында Нұрғали қарияның туған тете ағасы Мұқажан мен немере бауыры Дүкенбай мерт болды. Үлкен ағасы Әділжан бір аяқсыз оралды. Осының бәрі 1945 жылдың қарашасында елге оралған Нұрғали атаға оңай тимепті. Уайымнан соғыста алған жарақаттары қайта қозып, алты ай бойы орнынан тұра алмапты. Бірақ қайсар азамат қалай төсек тартып жата берсін!? Бар күш-жігерін жиып, төзімділігі мен сабырлығының арқасында қайта қатарға қосылып, еңбекке араласқан ол ұзақ жыл шаруашылықта, білім саласында жемісті еңбек етті. Ұл-қыз өсіріп, оқытты, тоқытты. Еңбекқор етіп тәрбиеледі. Олардан немере, шөбере, шөпшек көрді.
«Мен ешқашан өз еңбегімді бұлдаған емеспін. Қай жұмысты болмасын тиянақты, адал істеуге тырыстым. Еңбегім еш кетпеді. Адал еңбегің арқылы халықтың ықыласына бөленгеннен артық не бар? Ең бастысы, өтірік айтпадым, арақ ішпедім, темекі шекпедім. Бір күнім босқа өтпеді… Соғыстан кейін мен бақытты өмір кештім. Қазір балаларымның амандығынан басқа еш арманым жоқ…».
Атамның қойындәптеріндегі қолжазбалар осылай өріліп келіп, өз жанынан шығарған «Ұрпақтарыма» деген ақ тілек батасымен аяқталыпты. Жүрегі мейірімге, көкірек көзі шежіреге толы қазыналы қарттың артында қалдырған қолжазбасынан үзік-үзік сырларды ғана ұсына алдық, қымбатты оқырман. Ал оны толық оқып шығудың өзі бір ғанибет. Қолжазбаның бас-аяғы бүтінделіп, шағын кітапқа арқау болар күні де алыс емес. Алапат соғыстан аман оралып, тәуелсіз ел болғанымызды көріп, жаңа ғасырдың дәмін татып отырғанына ол кісі балаша қуанатын. Жатса да, тұрса да аузынан шүкірін тастамай, ел-жұртының амандығын тілеп отыратын.
Әңгімемнің түйінін Еркін ағамыздың балладасынан алынған жыр шумақтарымен аяқтайық:
...Сол жылдардың қаһары суық тіпті,
Жердің бетін қанменен жуып шықты.
Қара торы қайсар ұл қорқауларды,
Қыңсылатып ініне қуып тықты.

Жараланып, әлсіреп, талғанымен,
Мезгілсіз шашын қырау шалғанымен,
Ауылына әйтеуір, тірі келді,
Тірі келді, ақсаңдап балдағымен…

Бойына нұр жүгіріп, шаттық еніп,
Бар қуатын еңбекке жатты беріп,
…Жарты ғасыр адасқан Даңқ ордені,
Өз иесін жуырда тапты келіп.

Өтер-кетер бастағы боран-қайғы,
Ұмытпайық ел жайлы, қоғам жайлы.
Елге сіңген ерліктер ешқашанда,
Архивтерде шаң басып, жоғалмайды.

Иә, ақын жырлағандай сіздің ерлігіңіз де, еңбегіңіз де, тағылымға толы өмір жолыңыз да ұрпақтарыңыздың санасынан еш өшпейді. Жаныңыз жаннатта болсын, жан ата! 

Дүйсен Мүсірәліұлы,
«Балдырған» журналының бас редакторы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.