Талдықорған: +7°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

«ҚАТТЫ ТАҢҒАЛДЫМ»: ОҢТҮСТІК КОРЕЯ — КІТАПҚҰМАРЛАР МЕКЕНІ

13.01.2020
ЖАНСАРАЙ
"ҚАТТЫ ТАҢҒАЛДЫМ": ОҢТҮСТІК КОРЕЯ - КІТАПҚҰМАРЛАР МЕКЕНІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ілім-ғылым мұхитында ізденіс пен еңбектің үйлесімділігіне қарай неғұрлым кәлладағы көкжиек кеңейсе, соғұрлым адам еркін жүзбек. Білім мен іскерлікті байланыстырып, шартарапта талай істің басын қайырып жүрген қандастарымыз көп. Айдарымыздың бүгінгі кейіпкері – «Smart Med Service» медициналық туризмге бағытталған, Қазақстан мен Оңтүстік Корея клиникаларын байланыстыратын компанияның директоры, Сеул тұрғыны Дамира БАРЛЫҚБАЕВА.

— Ең алғаш Корей еліне 2006 жылы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келдім. Дәл осы сапар өмірімнің өзгеруіне түбегейлі әсер етті. Мені Кореяға ғашық еткен – олардың білімге деген құштарлығы. Бастапқыда кітапханадағы ығы-жығы адамдарды көргенде таңғалдым. Бізде басқаша ғой, кітапханашы және 2-3 студент отыруы мүмкін. Ал мына жақта кітапхананың ішінде адамдар түнеуге бар. Кітап сататын дүкендерде кітаптардың сыртқы қабы болмайды. Сол жерде отырып, оқып тауысатындар бар. Кореяда бір аптада бір кітап оқу парыз сияқты. Одан кейін уақытқа деген құрметтері ұнады. Әр минут пен секунд қымбат. Ең алғаш оқуға келгенімде таңертең сағат 9-да болатын сабаққа 7-де дайындалып, арнайы курсқа барғанымда, менен де ерте барып алған топтастарым көп болды. Білімге деген құштарлықтары мені одан сайын қанаттандырды. Сондықтан да болар, бұл елге қайтып оралатындығымды білдім, сол үшін еңбектендім, іздендім. Ол жақта ұйқыға тек 3-4 сағатымды ғана арнадым. Одан кейін жоспарымдағыдай 2008 жылы Сеулге қайта келіп, магистратураға оқуға түстім, – деп бастады әңгімесін кейіпкеріміз.

Одан кейін кейіпкеріміз екі елдің ұқсастығына және әр елдің бір-бірінен артықшылығына тоқталды. «Ұқсастық өте көп. Әсіресе, адамды сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін тұсы өте қатты ұқсайды. Мәселен, орыстар жалпылай «брат» дегенмен, кімнің інісі, кімнің ағасы екенін ажырата алмай дал боласың. Ал қазақтарда туыстық атаулар жетеді, әрқайсысына жеке-жеке ат берген. Кәрістерде де дәл солай. Кәрістердің қазақтардан бір артықшылығы ұлттық қасиетін сақтай алғандығы ма деймін», – дейді Сеулдің қазақ тұрғыны.

— Басымнан мынандай оқиға өтті: Сеулге сіңілім қыдырып келетін болды. Күтіп алатын мен жұмыстарыммен жүріп, қарсы алуға үлгермедім. Ал сіңілім әуежайдан кейін баратын мекенжайды шатастырып, басқа жақын маңдағы қалаға кетіп қалған. Жұмыста отырғанымда бөтен нөмірден қоңырау түсті, арғы жақтан сіңілімнің қасында екенін айтқан кәрістің дауысы естілді. Олар жол-жөнекей сіңіліме қамқорлықтарын аямаған. Қатты таңғалдым. Ал біз де ше?

Осы тұста қайдан ғана екенін білмеймін, ЭКСПО кезінде шетелден келген қонақты екі есені былай қойып, төрт-бес есе көп ақшаға апарып тастаған жүргізуші таксистің ісі ойыма келіп, ұялып кеттім. Әңгімені басқа жаққа бұрғым келіп, сауалды төтесінен қойдым. «Осы жасыңызға келгенде өмірден түйгеніңіз не?» – дедім.

Біздің анықтама: Дамира Барлықбаева 1986 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Облыс орталығындағы №2 орта мектепте оқып, Алматыдағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шығыстану факультетінде жоғары білім алды. Одан кейін магистратураны Корея астанасы Сеулдегі Кенхи, докторантураны Конкук университеттерінде жалғастырды. Жанәділ және Адина есімді балалардың анасы.

— Баланың қызығушылығы қызықтырмайтын ата-аналар бар. Мысалы, балаңыз әдебиетке жақын болса, оны әке-шешесі спортқа беруге тырысады және күштейді. Болмаса керісінше. Ал көп байқайтыным еліміздегі балалардың басым көпшілігі 11-сыныпқа келгенде ғана «кім боламын?» деген сауалға жауап іздейді. Сол аралықта не істеді, қандай білім алды? Студент кезінде де төрт жылды құр жүріп өткізетіндер бар. Бүгінде өз балаларымды әр үйірмеге беріп, ұнағанымен айналысуды сұраймын. Әзірге барлығына өз қалауларымен қатысып жүр (күліп). Оқушы, студенттердің бос уақыты болмау керек. Бұл – кәрістердің негізгі қағидаларының бірі, — дейді Дамира ханым.

Бүгінде Дамира ханым директор болып отырған, 2014 жылдан бері жұмыс істейтін компания Оңтүстік Кореядағы 40-тан астам клиникамен байланыс орнатқан. Алматы қаласында компанияның филиалы бар.

— Қызметкерлерді, әрине, біліміне, іскерлігіне қарап жұмысқа аламын. Алматыдағы филиалда қызмет істеп жатқандардың бәрі Кореяда білім алған, кемі 2-3 жыл сол жерде жұмыс істеген қазақтар. Шыны керек, олар тәртіптің не екенін, жұмыс барысының қалай жүретінін жақсы біледі. Компания қазір айына аз дегенде 30 адамды қабылдайды, тіркеуге алады, Корея клиникаларында жеңілдікпен емделуге көмектеседі. Әрине, екі елдің медицинасын салыстыруға келмейді. Оның үстіне елімізде дәрігер мен ұстаздың беделі төмен. Ал Кореяда, керісінше, медицина университетіне түсу үшін мыңның, миллионның ішінен біреу іріктеліп отырады. Ақ халатты жандар мен оқытушыларға деген құрмет ерекше. Сондықтан да болар, олар өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарайды.

Дамыған елдердің алдыңғы сапында жүрген Кореядағы алғашқы жұмысы туралы сұрағанымызда: «Университетте кәріс және қытай тілі бойынша білім алдым. Маған кәріс тілі қатты ұнады. Магистратураға оқуға Сеулге барғанда аудармашы болдым. Алғашқы жұмысым сол. Елімізден небір кәсіпкерлер кәріс технологиясын өз жеке шаруашылықтарына пайдаланғысы келіп, сатып алуға, үйренуге келетін. Соларға аудармашы болдым. Есімде, алғаш құс шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерге көмектестім. Біздегідей фабриканың іші толған адам емес, оларда екі адам істеуі мүмкін, қалғанының бәрін робот болмаса арнайы тетіктер арқылы басқарады. Кәсіпкер сол технология бойынша жұмыс істейтін болды, оған көмектестік», – деп жауап берді.

Кейіпкеріміз Кореяда жүріп, туған елді сағынған сәтте ғаламтордан күй қосып, рухтанып отырады. Әсіресе, Асылбек Еңсепов пен «Ұлытау» тобының орындауындағы күйлер сағыныш пернесіне дөп түседі. Ел жаңалықтарын да ғаламтор желісі арқылы оқып, кейінгі ақпараттардан хабардар болып отырады. Сұхбат алатынымызды айтқанда: «Жетісу» газеті туған жерімнің басылымы ғой», – деп қуана келісіп, Сарқанда тұратын әкесі мен анасына үлкен сәлем жолдады.

Бүгінде Дамира ханымның жұмыс картасына Алматы мен Сеулден бөлек, жақында Ақтау қаласы қосылды. Қазіргі таңда қазақтың іскер ханымы жұмыс бабымен үш қаланы жақындастырып жүр.

Сұхбаттасқан — Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жұлдыз Сүлейменова: Білім саласындағы реформаның өлшемі – ұстаздың абыройы мен құқықтық қорғалуы

Жұлдыз Сүлейменова: Білім саласындағы реформаның өлшемі – ұстаздың абыройы мен құқықтық қорғалуы

11.02.2026
Бүгін – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

Бүгін – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

11.02.2026
Қысқы Олимпиада: Михаил Шайдоров үздік бестікке енді

Қысқы Олимпиада: Михаил Шайдоров үздік бестікке енді

11.02.2026
Сербия мен Қазақстан өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Сербия мен Қазақстан өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

11.02.2026
Елена Рыбакина қай елде тұратынын айтты

Елена Рыбакина қай елде тұратынын айтты

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.